Get Mystery Box with random crypto!

📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША

Telegram арнасының логотипі bizdinalemgoi — 📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША П
Telegram арнасының логотипі bizdinalemgoi — 📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША
Арна мекенжайы: @bizdinalemgoi
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 455
Арнадан сипаттама

Психология, ойлар және пікірлер 📝📖

📅 (Постты күнде саламын) 📆
☆ Автормен байланыс: @pendemin 👤

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-06-22 08:16:23 • ЖҮРЕК...

Олар он үш жыл бірге тұрды. Бір-бірін сүйді, бірақ бала сүймеді. Сол себепті ажырасты. Ертеңіне әйелі үйге кеп шифоньердің ішін аралап, ұзақ қипақтап тұрып алды. "Затым қап қойыпты..." деді өксік үнмен. Күйеуі түйсігімен оның ештеңе іздеп жатпағанын, сезімдерді ұзақ сақтағысы келгенін түсінді...
Екеуі құшақтасып, қимай тағы қоштасты. Есіктен шыға бере "жылы киініп жүр, күздің суығы жаман..." деді қамқор үн.

Ол келесі жылы үйленді. Ал келіншек егделеу кісіге тұрмысқа шықты. Екеуі де балалы болды. Бақыттымыз деп ойлады...

Арада жылдар өтті. Қаланың етене таныс үлкен бір көшесінде олар кездейсоқ жолығысып қалды... Екеуі де рөлде еді. Адамдардың бір-бірін басып кетуге рұқсат етілген көшеде, шыдамсыз жүргізушілер бұрылып қарауға да мұрсат бермеді... "Көзіңе қара, байқа, фарыңды жақсаңшы" деп үлгерді қамқор үн. Келіншек сөйлегісі келіп еді, даусы шықпай қалды. Егіліп ұзақ жылады...

Өмірде жүрек қана түсіне алатын, жүрек қана ұға алатын, жүрек қана іздейтін, ешкім, ештеңе баса алмайтын бір сезім бар...
572 viewsArmaSH, edited  05:16
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 20:55:44
"Кітапмания" айдары

Яғни, оқып жатқан кітабыңыздың атын айтпайсыз, тек үш сөзбен ғана жазып кетесіз. Ал мұндағы тіркелушілер тауып көреді.

Мысалға, "Менің атым Қожа" кітабын жасыратын болсам:

бақа/қырықтық/мектеп

деп үш сөз қалдырам. Яғни, кілт сөздерді.

Бастайық! :)
488 viewsArmaSH, edited  17:55
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 13:11:42 ~ Ұрыс-керіс туралы

Бірде ұстазы бір шәкіртінен былай сұрады:

- Неге ұрысқанда адамдар дауыс көтеріп сөйлейді?

- Сабырынан айырылған соң сөйтетін шығар, - деп болжам айтады шәкірті.

- Бірақ ұрысатын адам жаныңда тұрса, неге айғайлау керек? - деп ұстазы қайыра сұрайды.

Шәкірті таң қалып, ұстаздың өзіне қарады. Оның бұл жайында ешқашан ойланбағаны білініп тұр. Сонда ұстаз былай дейді:

- Адамдар арасында кикілжің болғанда, бір-біріне көңілі қалғанда олардың жүректері бір-бірінен алыстайды. Жүрекпен бірге жандары да алыстайды. Бір-бірін есту үшін айғайлауға тура келеді. Реніші мен ашуы қатты болған сайын айғайы да қаттырақ жаңғырады. Адамдар ғашық болғанда қайтеді? Олар дауыс көтермейді. Бәсең дауыспен сөйлеседі. Жүректер бір-бірін қатты сезеді. Арадағы қашықтық сызылып, өшіп қалады. Ал, егер, адамды махаббат басқарса не болатынын білесіңдер ме? - деп ұстазы тағы сұрайды. - Олар дауыстап сөйлеспейді, олар сыбырласып қана ұғынысады. Кейде сөздің де қажеті болмай қалады. Көздері бал-бұл жанып тұрады. Ұрыс-керіс адамды адамнан алыстатады. Дауыс көтеріп сөйлеу сол қашықтықты одан сайын алыстатады.

Пы/сы: дауыс көтере бермеңдер. Әйтпесе, бір-біріңнен қатты алыстап кетіп, кері қайтатын жолды таппай қаларсыңдар.
559 viewsArmaSH, 10:11
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 16:34:12 Жүректі тебірентетін оқиғалар

Адам баласының мінезі құбылмалы болып келеді. Бірде ашуға бойы алдырып, сабырсыздық танытса, енді бірде мейірімді болып, айналасындағыларға жылу сыйлайды. Назарларыңызға жүрегі кішкене болса да, алып істерді жүзеге асырған адамдар туралы оқиғаларды ұсынамын.

«Таңертең үйге келе жатқан едім, подъездің алдында «Құрметті көршілер! Бүгін сағат 9:20 шамасында 5 000 теңгедей ақша жоғалттым. Тауып алғандарыңыз болса, 76 үйге әкеліп берулеріңізді сұраймын. Есімім Әлия Айдарқұлова» деген мәтіні бар хабарландыру ілініп тұр екен. 5 000 теңге ақшамды алып, әлгі үйге бардым. Бір әжей есік ашты. Ақша ұсынып тұрғанымды көре салысымен көзіне жас алып, мені құшағына басты. Әжей менің бүгіндікке ақша алып келген алтыншы адам екенімді айтты. Бұл өмірде мейірімді жандардың бар екеніне қатты қуандым».

«Көше бойында әжейдің бөлме гүлін сатып тұрғанын көрдім. Жаным ашып, сұрағанынан 10 есе артық ақша төледім. Көзіне жас алып тұрып: «Атаңа бір тілім нан сатып алайын», - деп дүкенге жүгіріп кетті. Гүлді үйге әкелген едім, ертесінде-ақ айналасына көрік сыйлап, жайқала түсті».

«Өзімді ешқашан сүйкімдімін деп ойламаппын. Бірде жігітім менімен сөйлесіп жатып, тұтқаны қоймағанын байқамай қалды. Мен туралы досына айтып жатқанын құлағым шалды. Бүгін ерекше сұлу болып келгенімді, мені жолықтырғаным үшін бақытты екенін айтты. Осы сәтте көзіме жас келіп, өзімді әлемдегі ең сұлу қыздай сезіндім».

«Құрбым екеуіміз ойын-сауық орталығында жүріп, жұмсақ ойыншық ұтып алдық. Ақыл-есі кем баланы жолықтырып, қолымыздағы ойыншықтарды соған бердік. Ол бізге «Рақмет» айтты. Осы кезде әкесі қатты жылап кетті. Біз түсінбей дал болып қалдық. Ойыншық сатып алуға ақшасы жоқ, тақыр кедей деп айту қиын. Сөйтсек, бала бірнеше ай бойы сөйлемей жүрген екен».

«Бірнеше ай бұрын дәрігерлер шашымның қарқынды түрде түсіп жатқанын айтты. Ал терапия курсынан кейін басымда шаш қалмады. Мектепке қалай барамын деп қатты қиналдым. Алайда мектепке баратын алғашқы күні 10 сыныптасым жиналып келген екен. Барлығы да шаштарын алдырып тастаған. Арасында қыздар да бар. Осы сәтте әлемде жалғыз емес екенімді түсіндім».
664 viewsArmaSH, edited  13:34
Ашу / Түсініктеме