Get Mystery Box with random crypto!

Сағат: Көз жұмып өткен сабақ Бір жас жігіт күндердің бір күні | 📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША

Сағат: Көз жұмып өткен сабақ

Бір жас жігіт күндердің бір күнінде бастауыш сыныптағы өзінің ұстазын көшеден танып қалады. Ол қарттың қасына барады да:
— Сіз мені білесіз бе? Мен сіздің шәкіртіңіз болдым ғой, — дейді.
— Иә, сені үшінші сынып оқып жүрген кезіңнен білемін. Ал қазір немен айналысасың?
— Мен сабақ беремін. Сіздің маған әсер еткеніңіз сондай, менің де жас шәкірттерді тәрбиелегім келіп кетті.
— Солай ма? Менің ықпалым немен білінгенін білуіме рұқсат етші.
— Шынымен де есіңізде жоқ па? Мұны сіздің жадыңызда жаңғыртуға маған рұқсат беріңіз.

"Бір күні сыныптасым қолына ата-анасы сыйға тартқан әдемі сағат тағып сыныпқа келді. Ол оны шешті де, партаның тартпасына салып қойды.

Менде осындай сағат болса екен деп талай армандайтынмын. Шыдай алмай кеттім де, оны тартпадан алайын деп шештім. Кейіннен сол бала көз жасын көлдете сізге келіп, ұрлыққа шағым түсірді. Сіз біздің бәрімізге көз жүгіртіп өттіңіз де былай дедіңіз: «Осы балаға тиісті сағатты алып кетушіден сағатты қайтаруын өтінемін».

Мен қатты ұялдым, бірақ сағаттан айырылғым келмеді, сол себепті мойындамадым.

Сіз есікке барып, оны бекітіп қойдыңыз да: «Мен сендердің қалталарыңды тексеріп шығуға тиістімін. Бір шартым бар: барлықтарын да көздеріңді жабасыңдар» деп ескертіп алып, бәрімізді қабырғаның бойымен қаз қатар тұруға әмір еттіңіз.

Сізге құлақ астық, мен сонда мұның ұзаққа бармаған өмірімдегі ең ұятты сәт екенін сезе қойдым.

Сіз оқушыдан оқушыға, қалтадан қалтаға жылжи бердіңіз. Менің қалтамнан сағат алған кезіңізде сіз қатардың соңына дейін жылжуды жалғастыра бердіңіз. Содан былай дедіңіз: «Балалар, бәрі дұрыс. Көздеріңді ашып, орныдарыңа отыра беріңдер».

Сіз сағатты иесіне қайтардыңыз да, осы жағдай жайында бір сөз де айтқан жоқсыз.

Сол күні сіз менің арым мен жанымды құтқарып қалдыңыз.

Сіз мені ұры, суайт, көргенсіз деп айыптап, атыма кір келтірмедіңіз. Сіз тіпті осы жайт туралы менімен сөйлесуге бел бумадыңыз да.

Уақыт өте келе себебін ұқтым. Өйткені сіз шынайы ұстаз ретінде әлі қалыптаспаған жас шәкірттің ар-ұжданына кір келтіргіңіз келмеді. Осы жағдайдан кейін мұғалім болуға құштарлығым оянды."

Осы хикаяның әсерінен екеуі де үнсіз қалды.

Артынша жас жігіт былай деп сұрады:
— Мені бүгін көрген кезіңізде осы жайтты еске түсірген жоқсыз ба?
Қарт былай деп жауап қайырды:
— Істің мәнісі мынада: қалталарды мен де көзімді жауып тінтіп шықтым.


• Авторы белгісіз.
~~~~
Аударған: Арман Шайкен