Get Mystery Box with random crypto!

NRK зерттеуі: TikTok соғысқа қатысты контентті ресейліктерден | Бірге тексерейік!

NRK зерттеуі: TikTok соғысқа қатысты контентті ресейліктерден жасырып отыр

Норвегиялық NRK телерадиокорпорациясының журналистері TikTok желісінде бір-бірінен небәрі 80 шақырым қашықтықта орналасқан Ресей мен Украинаның шекаралас қалаларының тұрғындарына қандай контент көрінетінін зерттеп көрді. Бұл туралы Global Investigative Journalism Network хабарлады.

Зерттеу үшін журналистер IP-адрес көмегімен Белгород қаласынан ресейлік Алексейдің және Харьковтан украиналық Николайдың атына екі жалған аккаунт ашқан.

Нәтижесінде зерттеушілер екі аккаунтқа TikTok алгоритмі ұсынған 4000 видеоның тек 19-ы ғана бірдей екенін анықтады: Николайға әскери тұтқындар мен соғыста өртенген танктер туралы видео көрінсе, Алексейге көбінесе ойын-сауық мазмұнындағы видеолар ұсынылған.

Журналистер сауалына TikTok компаниясы Ресей билігінің 2022 жылы наурызда қабылдаған «соғысқа қатысты фейк тарату» заңынан қауіптенетінін мәлімдеген.