Get Mystery Box with random crypto!

BAQ.kz

Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz B
Telegram арнасының логотипі baq_kz — BAQ.kz
Арна мекенжайы: @baq_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.01K
Арнадан сипаттама

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 14

2022-07-22 08:47:59
"Медқызметкерлеріміздің саны жағынан Еуроодақ елдерінің көрсеткішімен қарайласпыз. Алайда, денсаулық сақтау саласында маман жетіспеушілігі бар екенін жоққа шығармаймыз...", - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау минстрі Ажар Ғиният.

Бүгінгі таңда елдегі денсаулық сақтау жүйесінің халі қалай? Салада қандай нақты істер атқарылып жатыр?
Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін министрге сауал жолдаған едік.

Сілтеме осында.

@baq_kz
164 viewsedited  05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 08:37:54 Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні белгіленуі мүмкін.

Бұл мереке күзгі-қысқы жылыту маусымы аяқталатын 16 сәуірде тойлануы мүмкін.

Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесі туралы Үкімет қаулысына өзгерістер енгізуді талқылау 2 тамызға дейін жалғасады.

@baq_kz
158 views05:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 08:01:05
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкент қаласының мүгедек азаматына министрдің көмекшісі болуды ұсынды.

Алмас Өткіров министрден мүгедектердің ем-домы мен тексерісіне көңіл бөлуді сұрады. Алмастың айтуынша, Қазақстанда мүгедектерге аз көңіл бөлінеді.

"Құрметті Алмас, мен сіздің сұрағыңызды жеке бақылауыма аламын, сіздің қаншалықты шынайы екеніңізді көріп, менің көмекшім болуға шақырамын. Тіпті осы Шымкентте болса да, онлайн жұмыс жасаймыз", – деді Ажар Ғиният.

Алмас ұсынысты қабылдады, ол көптеген мәселелердің тезірек шешілетініне үміттенеді.
Айта кетейік, Алмас 2016 жылы апаттан кейін мүгедектер арбасына таңылған.

@baq_kz
181 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 06:06:28 Жалған генерал бұрын сотталған адамды пара беруге итермелеген

20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен өзін әскери генерал деп таныстырған А. Әмрин жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды.

Бұрын сотталған тиісінше пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, үкімдердің жиынтығын ескере отырып, сот оған орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге 8 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады.

@baq_kz
217 views03:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 05:24:53 Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2257 жағдай тіркелді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 642, Алматы қаласында - 650, Шымкент қаласында – 145, Ақмола облысында – 38, Ақтөбе облысында – 30, Алматы облысында - 82, Жетісу облысында…
229 views02:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 15:38:47 Нұр-Сұлтан қаласының сары аймаққа көшуіне байланысты Бас санитар дәрігердің қаулысы шықты.

Қаулы бойынша:

қоғамдық орындарда бетперде кию жөніндегі ұсынымдарды сақтауды және қолды өңдеуге антисептиктерді қолдануды;

жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді;

тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген);

адамдар көп жиналатын объектілерде, көліктерде дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу қажет.

@baq_kz
145 viewsedited  12:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:31:45
«Эфиопиялық әріптестерімнен қорықтым». Тануи Нора Джеруто туралы не білеміз?

Еліміздің спорт тарихында жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында тұңғыш алтын медаль иеленген Тануи Нора Джеруто Қазақстанға қалай келді?

Дэйзи Джепкемей, Нора Джеруто және Каролин Кипкируи 2017 жылы отандық «Алтай Атлетикс» клубына қосылды. 2018 жылы ҚР азаматтығын алу ниетімен тиісті органдарға жүгініп, қойылған ережелер негізінде еліміздің азаматтығын алған.

Бес жыл ішінде спортшылармен бірлескен жұмыс барысында орта және алыс қашықтыққа жүгіруде атлеттер арасында бәсекелестік артты. 20 жылдан бері сақталған рекордтар жаңарды.

Бүгін Орегонадағы жеңісінен кейін отандасымыз өз әсерімен бөлісті.
Толығырақ осында

@baq_kz
196 views11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:18:51 Доллардың ресми бағамы (сағат 15:30-дағы мәлімет бойынша) 482,04 теңгені құрады. @baq_kz
182 views11:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 13:31:09
«Тәуекел» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов теріскейдегі елді мекендерден халықтың көшуіне қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар сұхбатымызда көші-қон мәселесін талқыладық. Айтуынша, халық солтүстікке қоныстанса, қазақтілді атаулар пайда болады.

Желмаяның толық нұсқасы осы сілтемеде.

@baq_kz
197 viewsedited  10:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 13:05:41 Доллардың ресми бағамы (сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша) 481,27 теңгені құрады. @baq_kz
194 views10:05
Ашу / Түсініктеме