Get Mystery Box with random crypto!

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жа | BAQ.kz

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады.
 
Санжар Жаркешовтің айтуынша, қазіргі таңда ішкі нарықтың газға деген сұранысы толық қамтамасыз етілген.

QazaqGaz Қашағанда қуаты 1 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салуға кіріскен. Газды барлау және өндіру жөніндегі жаңа жобаларды іске қосу арқылы ресурстық базаны ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 
Баға белгілеудің әлеуметтік әділ реформасына қатысты шаралар кешені әзірленіп, қарауға ұсынылды.

Президент бірқатар міндет жүктеді, соның ішінде еліміздегі газбен қамту жұмыстарының қарқынын арттыру жөнінде тапсырма берді.

@baq_kz