Get Mystery Box with random crypto!

«Қажылық созылады». Байбекке халықаралық іздеу жариялануы мүмк | Азаттық таңы

«Қажылық созылады». Байбекке халықаралық іздеу жариялануы мүмкін

Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке халықаралық іздеуге жариялану мүмкін. Бұл туралы журналист Денис Кривошеев өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Жақында Б.Б.К (Бауыржан Байбек) есімді азамат халықаралық іздеуде болады деген қауесет бар. Қажылық енді ұзағырақ болады… Әйеліне де сұрақтар тізімі бар дейді. Бірақ ол ресми түрде декреттік демалыста» делінген хабарламада.