Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 40

2021-12-19 12:01:32
74 views09:01
Ашу / Түсініктеме
2021-12-19 09:07:51 Бұрын Қазақ радиосында 3 бағдарламамыз болды. Интернет, футбол туралы және интеллектуал ойын.
Солардың рейтингтері жақсы болыпты. Кеше рейтингтерге қараушы бір жігіт айтты.
Кеш болса да білдім. Істеген нәрселерімізге қуандым
142 views06:07
Ашу / Түсініктеме
2021-12-18 09:32:33 Агасси Беккерді қалай жеңген?

Теннис тарихындағы ең мықты тұлғалардың бірі Андре Агасси Борис Беккерді қалай жеңгенін әңгімелеген екен. Беккердің сервисі (подача) қатты болған, оны алу қиын екен.

Агасси 3 рет жеңілген. Содан отырып, видеоларын қарап анализ жасапты. Өте қарапайым нәрсе тауып алыпты. Беккер сервис жасар кезде тілін шығарады екен. Тілі сол жаққа қарай шықса, допты да солға жібереді, оңға шықса, доп оңға кетеді. Соны Агасси түсініп қалыпты да, ойын кезінде қолданыпты. Бірақ Беккер түсініп қалмасын деп тек маңызды сәттерде қолданады екен.

Осылайша кейін 11 ойынның 9-ын ұтыпты!

Карьералары аяқталғаннан кейін бір күні Октоберфестте сыра ішіп отырып, Агасси Беккерге оның миын қалай сындырғанын айтып беріпті. Беккер шок болыпты. Агассиден жеңілгеннен кейін әйеліне айтады екен "Агасси миымды оқитын сияқты, үнемі бір адым алда" деп.

Әр мәселеге терең үңілу керек. Шешім әрқашан табылады, достар.



63 views06:32
Ашу / Түсініктеме
2021-12-17 20:36:02 Мюнихтегі (Мюнхен) қазақтар көшеге шыққан. Бірақ ҚЗ туы болмағасын, Алаш туын көтерген екен
107 views17:36
Ашу / Түсініктеме
2021-12-17 19:53:01 Түркия және Еуропа қазақтары қатты қуанып, бір бірінің үйлеріне барып, тойлаған екен. Қазақстан егемен болды деп солар қатты қуанған екен.

Ал біз білә түсінбей отырдық
131 viewsedited  16:53
Ашу / Түсініктеме
2021-12-17 19:50:11 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігіне кімдер қатты қуанғанын айтайын ба?
137 views16:50
Ашу / Түсініктеме
2021-12-17 10:49:28
Молда, священник, раввин үшеуі тығылып покер ойнап отырған ғой. Бір кезде полиция кіріп келіпті.

- Әулие әкей, мұныңыз не? Покер ойнадыңыз ба?
- Құдай сақтасын! О не дегеніңіз? Ойнамадым әрине.

- Хазрет, сіздікі не? Харам емес пе?
- Астапыралла! Ондай нәрсе мүмкін бе?

- Раввин, сізге не жоқ? Ұят емес пе?
- Полиция мырза, өзіңіз де көріп тұрсыз. Бұл жерде кіммен ойнауым мүмкін?

#анекдот
149 views07:49
Ашу / Түсініктеме
2021-12-17 09:07:12 Тәуелсіздікке дейінгі Қазақстан:

- Барлық нәрсе есеп үшін;
- Бағдарламалар, ұрандар, баннерлер;
- БАҚ мемлекет ақшасымен;
- Журналистика - пропаганда;
- Өзі жарытпаса да, балаларды орысша сөйлету;
- Ақша емес, алғысхаттармен марапат;
- Эмоциясыз, қара-сұр адамдар;
- Сапасыз қызмет;
- Қағазбастылық, бюрократия;
- Коррупция, таныс іздеу.

Қазір ше?
Қазір де осы. Өйткені заман өзгерсе де, сана өзгермеді. Тәуелсіздік деген сол - сананың, менталитеттің жаңаруы.

Кем дегенде әлі 20 жыл керек жаңа ұрпақтың ел басына келуіне және қоғамның да өзгеруіне. Қазақ босқа айтпаған, "Елу жылда ел жаңа" деп...
173 views06:07
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 20:13:12 Тәуелсіздік дегенде есіме келетін бір естелік бар, 2001 жылдан.

Түркияда студент кезім. Сабақтан басқа барлық нәрсеге белсенділігім бар еді. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына дайындалдық. Жергілікті бір түркішілдер клубында Қазақстанның 10 жылдығы туралы баяндама жасайтын болдым. Бірақ соның алдында футболда қақпашы болып жүріп, білегімді 2 жерден сындырып алған едім. Содан иығыма дейін тұрған гипспен жүруге ұялып, мерзімінен 7-10 күндей ерте, 15 желтоқсан күні түнде жатақханада шешіп тастадық. Былай жақсы сияқты болып тұрды, бірақ бәрібір уақытынан ерте шешілді. Соның зардабы кейін білінді. Қазір 40 жастамын. Қолым әлі ауырады. Сынық дұрыс бітпеді...

Мейлі ел қандай болса да, қанша жамандасақ та, тәуелсіздік маңызды нәрсе. Татар-башқұрт, ұйғыр, кавказдықтар "Сендер бәрібір тәуелсіз елсіңдер" деп қызығатын...
234 views17:13
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 17:31:03
Таргет жарнамасы шыға берген соң, қазақстандық масондардың парақшасына және сайтына кіріп көріп едім.

Астанадағы ложа Әлихан Бөкейхан атында екен. Масондық туралы қазақша сұхбат та беріпті. Әдетте бұлар жасырын жүруші еді, неге енді белсенді жарнама істеп жүргендерін?
https://exk.kz/kk/news/110393/likhannan-nur-sultanga-dieiin-masondar-kazakstanda-niemien-ainalysady-foto
83 views14:31
Ашу / Түсініктеме