Get Mystery Box with random crypto!

Агасси Беккерді қалай жеңген? Теннис тарихындағы ең мықты тұл | ArshatGo

Агасси Беккерді қалай жеңген?

Теннис тарихындағы ең мықты тұлғалардың бірі Андре Агасси Борис Беккерді қалай жеңгенін әңгімелеген екен. Беккердің сервисі (подача) қатты болған, оны алу қиын екен.

Агасси 3 рет жеңілген. Содан отырып, видеоларын қарап анализ жасапты. Өте қарапайым нәрсе тауып алыпты. Беккер сервис жасар кезде тілін шығарады екен. Тілі сол жаққа қарай шықса, допты да солға жібереді, оңға шықса, доп оңға кетеді. Соны Агасси түсініп қалыпты да, ойын кезінде қолданыпты. Бірақ Беккер түсініп қалмасын деп тек маңызды сәттерде қолданады екен.

Осылайша кейін 11 ойынның 9-ын ұтыпты!

Карьералары аяқталғаннан кейін бір күні Октоберфестте сыра ішіп отырып, Агасси Беккерге оның миын қалай сындырғанын айтып беріпті. Беккер шок болыпты. Агассиден жеңілгеннен кейін әйеліне айтады екен "Агасси миымды оқитын сияқты, үнемі бір адым алда" деп.

Әр мәселеге терең үңілу керек. Шешім әрқашан табылады, достар.