Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 37

2021-12-29 16:32:32 Коронавирус туралы әлі ешқандай фильм шықпағаны несі?
93 views13:32
Ашу / Түсініктеме
2021-12-29 13:33:38
Don't look up фильмін қарағаннан кейін Кучинскидің мына карикатурасы еске түсіп кетті...

Фильм туралы пікірлер әр түрлі. Көпшілікке ұнамауы мүмкін. Рейтингі де төмен шығар?

Қазіргі қоғамды әжуа қылады. Медианың, желінің, саяси манипуляцияның құрбаны болып кеткен тобырды көрсетеді. Білімге құрмет жоқ екенін, шоу мен хайптың маңызды болып кеткенін, саясаткерлер үшін халық ештеңе екенін көрсетеді.

Трагикомедия...
174 views10:33
Ашу / Түсініктеме
2021-12-29 09:28:53 Telegram-да @donate боты бұрыннан бар. Ашылғанына 3 айдан асқан және 1000 оқырманы бар каналдар қосыла алады.
Енді осыған Toncoin криптовалютасы да қосылыпты. Қазір оның құны 3.91$
Болашақта көтерілу потенциалы бар. Телеграм қолданушылары түрлі төлемдер үшін қолданатын болса, сауда жасалатын болса мысалы. Сондықтан әзірше арзан кезінде алып қоюға болады
70 views06:28
Ашу / Түсініктеме
2021-12-28 18:10:57 Донаттарға рахмет, амиголар!
Бас жақсы. Солай жақсы бола берсін бәріңізде де.
Ертең донат тақырыбында бір пост жазайын
197 views15:10
Ашу / Түсініктеме
2021-12-28 09:44:59 Жаңажылдық куиз-тест ойын ұсынамын.
Корпоративте, отырыста, үйде отбасымен куиздес болып ойнауға болады.
Барлығы 22 сұрақ, тест форматында. Жаңа Жыл тақырыбында.
Кеше достарымның корпоративінде ойнап көрдік.
Енді сіздер де ойнаңыздар. Көңілді кеш болсын.
Донат жасаймын десеңіз, еш қарсылығым жоқ. Түскен қаражатты өз денсаулығыма жаратамын. Басым ауырмасын, қаным жақсы айналсын деп
Каспи: 4400430160169360
265 views06:44
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 21:09:37 Менің нихуевый қасиеттерімнің бірі - адамның тостын, тілегін бөлмеу екенін тағы да түсініп жатырмын
332 views18:09
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 06:45:22 Envato деген үлкен маркет бар, ІТ саласына арналған. ІТ шығармашылық базары десек те болады.

Бұл ең алдымен сайт жасаушыларға, дизайнерлерге, видео/аудио монтажерларға керек. Байқаған нәрсем - көбіне профессионалдар қолданады, басқалар біле бермейді екен. Сондықтан бөліскім келіп кетті. Бағалары қымбат емес. Ал нәтижесінде тамаша өнім жасайсыз. Мысалы сайттарға түрлі шаблондар, плагиндер, скрипттер бар. Дизайнерлерге түрлі эффекттер, аудио фондар, видеоға арналған миллион нәрсе бар.

Codecanyon - скрипттер, мобиль қосымшалар.
Themeforest - сайттарға арналған темалар, шаблондар.
Videohive - видеографика, эффект, сток.
Audiojungle - фон музыкасы, дыбыс эффекттері.
Graphicriver - графика, лого, мокап, шрифт, презентациялар.
3docean - 3d-ға қатысты барлық нәрсе.

Егер көп нәрсе алатын болсаңыз, Envato elements деген бар. Айына 16,5 доллар төлеп, миллиондаған нәрсені тегін алуыңызға болады. Бірақ оған барлық нәрсе кіре бермейді. Студиялар жазылса болады, керек нәрселерін таба алады.

Барлық нәрсенің демосы бар. Сатып алмас бұрын қарап көре аласыз.

Әсіресе видео және дизайн саласындағыларға керек нәрсе. Графика жұмағы десе де болады. Деңгейіңізді бірден көтеріп тастайды
210 views03:45
Ашу / Түсініктеме
2021-12-26 10:26:14 Джеймс Уэбб телескобының маңызы неде?

Адамзат үшін маңызды жаңалық - кеше ең үлкен телескоптың ғарышқа жіберілуі. Енді бұл бізге не береді?

Ең алдымен бәленбай млрд жыл бұрынғы Үлкен Жарылыстан кейін ғалам қалай пайда болғанын, өзгерістерді көрсетеді. Жер сияқты адам өмір сүре алатын басқа ғаламшарларды табады.

Енді аман-сау өз орбитасына отырып, дұрыс орналасуын тілеуіміз керек. Телескоп 1 жылдан кейін Жерге суреттер жібере бастайды. Күтеміз.
298 views07:26
Ашу / Түсініктеме
2021-12-25 11:29:35
— Әйелдердің 88%-ын жүнтөс еркектер қызықтырады;
— Орташа есеппен әйел гардеробында 11 бюстгальер, 22 ішкиім бар;
— Бір еркектің өмірінде орташа есеппен 7200 эякуляция (сперманың шығуы) болады;
— Оның 2000-ы мастурбациямен;
— Күніне 1,5 лт ананас шырынын ішетін еркектердің спермасы тәтті болады;
— Ұйқыдағы еркек түсінде не көрсе де 9 рет эрекция болады;
— Жер бетінде әр 5 секундта 2778 жыныстық қатынас болып жатады;
— Сүндеттелген еркектің жыныстық қатынасы ұзағырақ болады;
— Сперманың ұшу жылдамдығы 70 км/сағ;
— Еркектердің 73%-ының эрекциясы 70 жаста да болады;
— Әйелдердің 85%-ына секстің ұзақтығы маңызды;
— Презервативтер шілде және тамыз айларында көбірек сатылады.

#секс #факт
171 views08:29
Ашу / Түсініктеме
2021-12-24 16:42:47 Алып ал, Бере бер, Сала сал, Жіберіп жібер, Тұра тұр, Қоя қой, Жүріп жүр, Жатайын деп жатырмын.

Қазақша үйреніп жүрген адамға мұны түсіну қиын шығар, сірә?
624 views13:42
Ашу / Түсініктеме