Get Mystery Box with random crypto!

Тәуелсіздік дегенде есіме келетін бір естелік бар, 2001 жылдан | ArshatGo

Тәуелсіздік дегенде есіме келетін бір естелік бар, 2001 жылдан.

Түркияда студент кезім. Сабақтан басқа барлық нәрсеге белсенділігім бар еді. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына дайындалдық. Жергілікті бір түркішілдер клубында Қазақстанның 10 жылдығы туралы баяндама жасайтын болдым. Бірақ соның алдында футболда қақпашы болып жүріп, білегімді 2 жерден сындырып алған едім. Содан иығыма дейін тұрған гипспен жүруге ұялып, мерзімінен 7-10 күндей ерте, 15 желтоқсан күні түнде жатақханада шешіп тастадық. Былай жақсы сияқты болып тұрды, бірақ бәрібір уақытынан ерте шешілді. Соның зардабы кейін білінді. Қазір 40 жастамын. Қолым әлі ауырады. Сынық дұрыс бітпеді...

Мейлі ел қандай болса да, қанша жамандасақ та, тәуелсіздік маңызды нәрсе. Татар-башқұрт, ұйғыр, кавказдықтар "Сендер бәрібір тәуелсіз елсіңдер" деп қызығатын...