Get Mystery Box with random crypto!

ArshatGo

Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo A
Telegram арнасының логотипі arshatgo — ArshatGo
Арна мекенжайы: @arshatgo
Санаттар: Блогтар , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 814
Арнадан сипаттама

Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 43

2021-12-06 12:53:54
Адамзат тарихындағы ең ескі проблема
345 views09:53
Ашу / Түсініктеме
2021-12-06 10:21:56
279 views07:21
Ашу / Түсініктеме
2021-12-06 06:41:12 Теист - барлық нәрсені Құдай жаратты және кейінгі дамуында да үлесі бар деген діни-пәлсапалық көзқарасты ұстанады;
Деист - барлық нәрсені бір Жаратушы жаратқанына ғана сенеді, басқа еш нәрсені мойындамайды;
Пантеист - материалдық тұрғыда Құдайдың жоқтығына және жалпы бір Ғалам-Күш бар екеніне сенеді;
Атеист - Құдайға және басқа тылсым күштерге, мистикаға сенбейді;
Апатеист - Жаратушы, дін немесе осы тақырыптағы барлық нәрсеге бас қатырмайды;
Итсист - бір Жаратушы нүкте барына сенеді, бірақ ешқандай дінді мойындамайды.

Сіздің көзқарасыңыз қандай?
316 views03:41
Ашу / Түсініктеме
2021-12-05 16:06:13 Балаларды Энканто деген мультфильмге апарып келдім. Қазақша сеанстың уақытын әзер ыңғайластырдық. Бүгін неше сеанс қазақша, нешеуі орысша болғаны есімде емес. Мысал үшін ертеңгіні қарадым. Орысша 43, қазақша 5.
Балаларға ұнады. Аудармасы күшті екен деді әдеттегідей.
Бірақ ешкім қарамайтын болса соншама ақша бөліп, аударып не керек? Есеп үшін бе тек?
Аудардың ба, ендеше сеанс санын да көбейтуге тырыс. Амал тап. Қазақша сеанстардан салық алма тіпті!
347 views13:06
Ашу / Түсініктеме
2021-12-05 09:22:41
Шамамен 2008 жыл. Досыммен сөйлесіп отырсам, жұмыстағы біреу артымда тұрып, не жазып жатқанымды оқып тұр. Сосын осылай жазған едім. Сыйбалсы болып кетті :)
329 views06:22
Ашу / Түсініктеме
2021-12-04 12:20:45 Отчетстандағы жәй ғана бір отчет суреттердің бірі - Шахмат ойнап отырған балалар.
Бірақ фигуралар өз орындарында емес
348 views09:20
Ашу / Түсініктеме
2021-12-04 12:19:14
Суретте нені байқадыңыз?
339 views09:19
Ашу / Түсініктеме
2021-12-04 11:09:10
Бірнеше жыл бұрынғы "қанатты" сөзім еді. Әлі айналыста жүр екен
351 views08:09
Ашу / Түсініктеме
2021-12-03 14:36:05 Сіз үшін ең маңызды 4 нәрсе не?

Постты толық оқымастан бұрын өміріңізде сіз үшін маңызды 4 құндылықты белгілеңіз, сосын маңыздылығына қарай реттеңіз. Ең маңыздысын 1-орынға қойыңыз. Жалпы төртеуін де маңыздылығы бойынша дұрыс реттеуге тырысыңыз.

Үшінші баламды оңалту орталығына апарамын. Сонда мамандар тек баламен емес, ата -аналармен де жұмыс істейді. Бір күні психолог тренингте қатысушыларға 4 бөлік қағазға ең маңызды, қымбат нәрселерін жазуын сұрады. Сосын бәрі жазып болғаннан кейін сол төртеудің ең қажетсіздеуін беруді сұрады. Мен Достарды бердім. Достарсыз да өмір сүре аламын, жаңаларын табуға болады деген оймен. Кейін қалған үшеудің де ең керексіздеуін сұрады. Ақшаны бердім, оны да табармын деп. Соңында менде Еркіндік пен Отбасы қалды. Еркіндікті өзіме қалдырып, Отбасыны бердім.

Менен басқалар әйелдер. Көбіне әйелдер жүреді осындай жерлерде. Мүмкіндігі шектеулі бала туғаннан кейін көбінің күйеулері тастап кетеді екен. Психологтардың көмегі мен қолдауы осындайда.

Нәтижелердің барлығында дерлік әйелдер ең маңызды ретінде Бала, Отбасыны белгілепті. Ешкімде Мен жоқ. Психолог менің Еркіндік нәтижемді Эго, Мен ретінде қабылдады. Бұның негізінде ұялатын нәрсе емес, дұрыс екенін айтты. Өзің болмайтын болсаң, балаңа да пайдаң жоқ болады деп түсіндірді. Мысалы ұшақта да апаттық жағдайда алдымен ересек адам өзіне, сосын балаға тыныс алу маскасын тағатынын айтты. Яғни адам алдымен өзін ойлауы керек деді. Өзіне мән беруі керек, өзіне қарауы керек, дамуы керек. Бала - өмірдегі барлық нәрсе емес. Алдымен адамның өзі болуы керегін түсіндірді.

Иә, біздің қоғамда қабылдау қиын шығар мұндайды? Батыста бірақ солай. Балалар өскеннен кейін қоя береді, өздерімен өздері өмір сүреді. Мен де солай істегім келеді. Балалар өз күндерін өздері көре алатын жасқа жеткеннен кейін әлемді аралауға кетемін. Мал, мүлік жинау, құда-туыс қатынасы, той-томалақ дегендерге уақыт және қаржы жұмсағым келмейді.

Сондай өзгеріске дайынсыз ба?
83 views11:36
Ашу / Түсініктеме