Get Mystery Box with random crypto!

AQARYS aitty

Telegram арнасының логотипі aqarysaitty — AQARYS aitty A
Telegram арнасының логотипі aqarysaitty — AQARYS aitty
Арна мекенжайы: @aqarysaitty
Санаттар: Дін , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.30K

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-01-11 06:49:02
Еліміздегі басшылар ұры дейтін еді, ел басына күн туғанда халық (кейбір) елін тонай бастады… Үйінде тыныш отырғандарға әңгімем жоқ
5.7K views03:49
Ашу / Түсініктеме
2022-01-10 14:54:22 Амансыздар ма?
2.1K views11:54
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 00:13:20 Сәлем, қалайсың? Мына топты жүргізуді қайта бастасам баа деп жатырмын. Қалай ойлайсың?)
5.8K views21:13
Ашу / Түсініктеме
2021-03-03 10:15:54 ​​Өтірік айтпашы, қай жерің ауыратынын прекрасно білесің ғой!

Ұзақ уақыт нафазолин дәрісін тамызып жүрдім. Оның жақсы жері - мұрныңды бірден ашады. Бағасы 80-ақ теңге. Сүйтіп мен 5 күннен артық қабылдауға болмайтын дәріні, 5 жыл қабылдадым.

Уақыт өте келе нафазолиннің наркоманы болып кеттім. Бітіп қалса, түннің бір уағында тыпыршып іздеп кететінмін. Қабылдамасам басым ауырып, мазам қашатын. Қабылдаған 5 жыл уақыттың әр күнінде «Нафазолинді қою керек еді, зиян ғой» деген оймен жүрдім. Бірақ әрекет жасамадым.

Достарымның барлығы айта бастады. «Бір күні өлесің ғой Ақарыс, қойсаңшы. Түнде тұншығып қалма, жүрекке зиян ғой» деген сөздер көп айтылды. Шынымен, жағдайым ушыға бастады. Бұрын дәріні тамызсам 6-7 сағат еркін жүретінмін. Ал қазір ары кетсе 20 минут. Таңертең обязательно ауа жетпей шошып оянамын. Жүрегім шанши бастады.

Бірақ Ақарыс қайтқан ба, дәрігерге жоламай жүре бердім. Бір күні бассейнге барып, құлағыма су кіріп кетті. 2 күн өтті, бір құлағым естімей қалды. Дәрігерге баруға тура келді.

Ғаламтордан ЛОР-дәрігерін іздеп тауып, келесі күні жетіп бардым. Құлағымды тазалатып, мұрнымды да тексерте салайыншы дедім. Тексерттім, нәтижесі мәз емес, бірақ дәрімен емдеуге келеді екен. Дәрігердің айтуы бойынша, дәл уақытында мұрнымды тексертуге келіппін. Сол кезде келген ой, Алла тағала мұрным арқылы сынақтар жіберген еді, дәрігерге бармай жүрдім. Значит құлағымды естірмей қойғаны «За одно мұрнын тексертсін» дегені шығар деп түйдім. Үйге бардым, дәрігердің айтқанындай нафазолиннен бас тарттым. 4 күн қиналып, 5-ші күні еркін, дәрісіз тыныс алатын болдым.

Сол сәтте ойлағаным, «Неге 5 күнде емделетін мұрнымды, 5 жыл бойы қинап жүргенмін». Шынында, денсаулығымыздағы барлық минусты, бізден артық ешкім білмейді ғой. Онда неге соны барып ретке келтірмейміз? Бауырлар, денсаулық бізге берілген аманат. Аманатымызға берік болайық!
43.7K views07:15
Ашу / Түсініктеме
2021-02-06 17:00:53 ​​Адамдармен пайда үшін аралас!

Өткенде инстаграмда отырып бір постты көріп қалдым. Жазуына қарасам “Адамдармен пайда үшін араласпа” деп қойыпты.

Менің ойымша кездесудің, әңгіменің, отырыстың пайдасыз болғанына қарағанда, пайдалы болғаны дұрыс сияқты.

Әрбір адамнан пайда алуға тырысуымыз керек. Біреуден ақыл-кеңес, біреуден мотивация, ал біреуден жәй ғана көңілді көтеретін әңгіме. Пайда тек материалдық болмайды. Пайда деген сөздің ішінде көп дүние жатыр.

Finally: Адаммен пайда үшін араласқан дұрыс. Ол адамнан пайда алу үшін және өз пайдаңды тигізу үшін!
58.2K views14:00
Ашу / Түсініктеме
2021-01-28 07:33:19 ​​Күнә жасардың алдында айтылатын сөз...

Кеше достарымызбен моншаға барғанбыз. Шығар сәтте душқа түсіп жатқан едік, еріксіз бір ағаның әңгімесін естіп қалдым. Түсінгенім бойынша сыныптастар болып жиналған екен. Жастары 30-35те. Ұрттап алған сияқты. Сол жерде бір жігіт “Е барып дальше-больше пиводан жіберейік, бір рет өмір сүреміз ғой!”-деді. Осы сөзді адамдардан көп естимін. Әсіресе күнә істердің алдында айтылады екен.

Бір рет өмір сүреміз ғой деп ішеді, шегеді... Жерде бір рет өмір сүреміз ғой деп садақа беріп, сауап жинап жатқандарды байқамаппын.

“Бір рет өмір сүреміз ғой” деп білгенін істеп жүргендер, бір рет өлетінімізді де ұмытпаңыздар!
48.1K views04:33
Ашу / Түсініктеме
2021-01-20 14:20:40 ​​Джентльмен бе, еркек пе?

Джентльмен... Осы сөзді бұрыннан естіп жүрсем де, мағынасына үңілмеппін. Көңіл аудармаппын десем де болады.

Бір күні қыздардың “Джентльмен” тақырыбында сөйлесіп жатқанын көріп,
“Джентльмен деген кім?” деп сұрап көрдім. Қыздар жарыса айта бастады. Джентльмен деген:
- өзінің әйеліне сыйлық беретін
- оны сыйлайтын
- қуантып тұратын
- ол үшін уайымдайтын
- жақсы сөздер айтатын
- счётты төлейтін
- сөзінде тұратын
дейді. Ойланып қалдым... Оны
“джентльмен” емес, “еркек” деп айтпайтын ба еді?
44.7K viewsedited  11:20
Ашу / Түсініктеме
2021-01-16 19:47:08 ​​30 секундта 210 000тг табуға болады!

3-ші курстың студентімін, басымда 6 кредитім бар. Ертең 60 000 теңге несиеге төлеуім керек. Бірақ қалтамда ақша жоқ.

Сабақта отырмын. Бар ойым білім емес, қалай ақша тапсам болады екен деген ой. Миым ашып, мазам қашып отыр едім, телефоныма қоңырау келді. Қарасам администраторым екен. Жарнама бар дейді. Қандай жарнама десем, бүгін МакГрегор төбелеседі, соған букмекерді жарнамалау керек дейді. Ақшадан қанша қысылсам да “жоқ” дедім.

Үйге қайтып бара жатқан едім, админым қайтадан көндіруге тырысты. Бір сториске 60 000 теңге береді дейді. Ойланып қалдым... Бір жарнама жасасам кредитімді жаба салатындай ақша екен... Ұзақ ойландым.
“Прямой реклама жасамаймын ғой” деп өзімдә көндіре бастадым. Сосын бір сәтке ойланып, азғырылып жатқанымды сезіп, иманды досыма хабарласайын деп шештім. Мән-жайды түсіндірген едім,
“Бауырым, егер сенің тағдырыңа 60 000 теңге табады жазылса - сен оны бәрібір табасың! Бірақ арам жолмен табасың ба, адал жолмен табасың ба өзің шешесің. Осы жолы саған харам жолмен келіп тұр. Отказ беріп көр, мүмкін адал жолмен келетін шығар” -деді. Бірден есімді жиып, админға “ЖОҚ!” дедім.

Іштей жеңілдеп қалдым. Кредитті төлей алмасам төлей алмай қалайын, бірақ арам ақшаны алмаймын дедім. Айтқаным сол еді, дайректке жарнамаға ұсыныс түсті. Бір қызық айтайын ба? Осы жолы бір сторис үшін 60 000 емес, 150 000 теңге береміз дейді. Қуанып кеттім!!! Бірақ қуанышым ұзаққа созылмады. Не нәрсені жарнамалау керек десем, бұл да букмекер екен. Ұзақ ойланбай бұған да “Жоқ!” дедім.

Диванда жатырмын. Көңіл-күйім түсіп кетті. 2 сторис үшін 210 000 теңге! Бірдеңесі болар дедім... Дәл сол сәтте телефоным қайта шырылдады. Осы жолы досым Әлсейіт екен. Әлсейіт “Асыл арна” телеканалында режиссер, сценарист жұмысын атқаратын. Ол да ұсыныспен хабарласыпты. Продюсерлер сценариымызға қызығып, өз сериалдарын бізге тапсырғысы келіп жатыр дейді. Біз келістік. Осылайша
“Бұйымтай” телесериалы Астана арнасынан жарық көрді. Кредитым сол сәтте жабылды.

Қазір принципіме берікпін. 210 000 тұрмақ 210 миллион ұсынса да букмекерге жарнама жасамаймын. Оқырманды жақсы көремін деп, арам жолға үгіттеу - ұятсыздың тірлігі. Екі жүз мың теңгеге алданып, Екі жүзді пендеге айналып кетпейік!
42.6K views16:47
Ашу / Түсініктеме
2021-01-16 12:37:00 ​​Неге?

Медицина университетіндегі мұғалімім “Ауруды емдеу үшін, ең бірінші пайда болу себебін жою керек” деп айтатын. Ал кез-келген аурудың, проблеманың пайда болу себебін қалай анықтаймыз?

Бұл сұраққа Тойота компаниясының негізін қалаушысы, Тоёда Сакити мынандай құрал ұсынған. 5-рет неге деген сұрақты қойып, кез-келген проблеманы шеше аламыз.

Мысалы, көлікті соғып алдыңыз. Неге көлікті соғып алдыңыз? Себебі жол ережесін сақтамадыңыз. Неге жол ережесін сақтамадыңыз? Себебі асығыс болдыңыз. Неге асығыс болдыңыз? Себебі жұмысқа ұйықтап қалдыңыз. Неге жұмысқа ұйықтап қалдыңыз? Себебі кеш жаттыңыз. Неге кеш жаттыңыз? Күндіз жасау керек болған жұмысты түнде жасадыңыз.

Проблеманың шешімі: Әр істі өз уақытында орындап, ерте жату керек.
35.5K viewsedited  09:37
Ашу / Түсініктеме
2021-01-15 20:10:46 ​​Ақшам осы, ала беріңдер!

Қазақстандық доллар миллиардеры Марғұлан Сейсембай ағамыз:
“Менің бүкіл бизнесім, ақшам - Қазақстанда. Қысым көрсетсе бүкіл ақшам осы, ала беріңдер деп айтамын. Олар менің ақшамды тартып алғанымен, ақша табу қабілетімді тартып ала алмайды ғой!”-дейді.

Білімді адам қиындықтардан қорықпайды. Сондықтан бірінші ақша табуды ойламай, білім алуды ойлайық. Білімді адамға, білікті адамға - ақша өзі келеді!
33.7K viewsedited  17:10
Ашу / Түсініктеме