Get Mystery Box with random crypto!

AQARYS aitty

Telegram арнасының логотипі aqarysaitty — AQARYS aitty A
Telegram арнасының логотипі aqarysaitty — AQARYS aitty
Арна мекенжайы: @aqarysaitty
Санаттар: Дін , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.30K

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2021-01-15 11:28:40 ​​​​100 миллионның көлігін смело алуға болады!

Байқағаным қазіргі адамдар миына шектеу қойып алған! Тіпті арманымызға шектеу қоямыз ғой. Қымбат киім көрсек “Базарда 2-3 есе арзаннан бар ғой” деп... Қымбат көлік көрсек “Одан да сол ақшаға Тойота алып, қалғанын қалтама салып алмаймын ба” деп... Қымбат тамақ көрсек “Одан да үйде жасап жейік” деп... Одан да, одан да дей бермей, одан да - армандайық, мақсат қояйық!

“Е осы арзан көлік те маған пойдёт” деп емес, Роллс Ройс аламын деп мақсат қойыңыз. Әлемде 100 миллионның көлігі бар болса, оны алатын адам да бар деген сөз. 100 миллион таба алатын адам болса, сіз де таба аласыз. Бұл сөздеріме Қыран Талапбек дәлел.

Мақсат қойғанда - 10дық шкаладан 10ға жетемін деп қойыңыз. 10ға жетпесеңіз де 8ге тошны жетесіз
32.3K views08:28
Ашу / Түсініктеме
2021-01-14 17:02:50 ​​​​Басқалардан қалай ерекшеленеміз?

Майк Тайсон бокста жүрген кезінде таңғы 4те ұйқысынан тұрып, көшеде жүгіретін. Неге олай жасайсың деген сұраққа,
“Таңғы 4те дала қараңғы, барлығы ұйықтап жатады. Менің қарсыластарым мен сияқты жаттығу жасауы мүмкін, мен сияқты рацион ұстануы мүмкін, бірақ мен сияқты таңғы 4те көшеге шығып, жүгірмейді. Ал менің жүгіруіме жалғыз себеп - басқалардан кішкене болса да ерекшелену”.

Қазіргі қоғамда сауатты адамдар өте аз. Блогеры да, көрермені де кітап оқымайды, білім іздемейді. Ал ондай адамдардың жанында ерекшелену өте оңай.

Біздің дамушы елімізге білімді жастар керек. Сондықтан WhatsAPP-та отыра бермей, бір уақыт KitAPP-ты парақтап, басқалардан ерекшеленіп тұрыңыздар!

Ата-бабамыз семсердің ұшымен қорғап қалған жерді, сенсордың күшімен жоғалтып алмайық!
31.8K views14:02
Ашу / Түсініктеме
2021-01-14 09:04:14 ​​​​Сіз тіркелген блогерлер өміріңізді құртып жіберуі мүмкін!

Бұрын адамның қандай екенін кітап сөресіне қарап білетін еді, қазір - тіркелген блогеріне қарап-ақ білуге болады. Орыста
“Ты то, что ты ешь” деген жақсы сөз бар. Майлы тамақ жесең - майлы боласың, дұрыс тамақ жесең - дұрыс боласың. Бірақ бұл - тамаққа ғана қатысты цітата емес...

Адам күнделікті көріп жүрген блогеріне - күндердің бір күні ұқсай бастайды. Тіпті
ол - жақтырмай қарайтын болса да!

1. Блогердің контенті жақсы болса да, жаман болса да - ой алып келеді.
2. Ой - сөз алып келеді.
3. Сөз - іс алып келеді.
4. Іс - әдет алып келеді.
5. Әдет - мінез алып келеді.
6. Мінез - тағдыр алып келеді.

Жақсы блогер - жақсы ой, жақсы сөз, жақсы іс, жақсы әдет, жақсы мінез алып келеді. Ал ол нәрсе - өмірімізге жақсы әсерін тигізуі мүмкін. Ал жаман блогер (әсіресе ақша үшін жаман дүниелерді жарнама жасайтын) - өміріңізді құртып жіберуі мүмкін.

Finally: Өмірімізге кері әсерін тигізуі мүмкін блогерлердің подписчигы емес, отписчигы болайық
33.7K views06:04
Ашу / Түсініктеме
2021-01-13 21:04:55 ​​“Кешігу қазақтың менталитеті”,
“Кешікпейтін қазақ жоқ” деп жатамыз...

Шыңғыс екеумізді 1 апта бұрын Mercedes-Benz компаниясы кездесуге шақырды. Уақытты шамамен 10:00 деп қойғанбыз. Бірақ өкінішке орай, Шыңғыс екеуміз 18 минутқа кешігіп қалдық.

Хабарласып “Біз келдік” деген едік, “Басқа уақытқа келіскен едік қой” дейді. Басқа күнге келіскен бе едік деп ойланып қалсақ, кешіккен 18 минутымызды айтып тұр екен. Содан кейін өзімізді ыңғайсыз сезініп, әңгімеміз өрбімей, дұрыс келіссөз жүргізе алмадық.

“Ештен кеш жақсы” деген сөзден, “Кештен ерте жақсы” деген сөз дұрыс па деп қалдық...
27.6K views18:04
Ашу / Түсініктеме
2021-01-13 13:20:27 Ең қорқынышты дүние - адамның көңілін қалдыру.
Адам ренжісе - кешіруі мүмкін. Ашуланса - сабыр сақтауы мүмкін. Ал көңілі қалса - оны қайтару қиын. Өзі қалап тұрса да...
27.1K views10:20
Ашу / Түсініктеме
2021-01-12 20:43:14 Менен “Сен неге гив ойнатпайсың?” деп көп адам сұрап жатады. Жауап:
Кәсіпкерлердің ұстанатын принципі бойынша, аз нәтиже үшін - үлкен нәрсемен рисковать етуге болмайды. Аз нәрсе беріп, көп нәтиже алуға тырысу керек!
Бауырларымның маған деген сенімі - мен үшін бағалы дүние. Қайдағы жоқ ақша үшін немесе оқырман саны үшін - ондай үлкен нәрсемен рисковать ете алмаймын!
26.3K viewsedited  17:43
Ашу / Түсініктеме
2021-01-12 11:15:09 Адам бірдеңе істегеннен емес, кейбір нәрсені істемегеннен абыройлы болады...
Мысалы:
- Темекі шегетін адамдардың арасында темекі шекпесе...
- Боқтайтындардың арасында боқтамаса...
- Көп сөйлейтіндердің арасында аз сөйлесе...
Қатты қиын емес қой, солай ма?)
39.6K views08:15
Ашу / Түсініктеме
2021-01-12 09:53:46 “Абай атамыз айтқан”,
“Аталарымыз айтпақшы...”-деп аталарымызды цітіровать етіп, ол кісілермен мақтанғанды жақсы көреміз. Мақтануға тұрарлықтай кісілер ғой

Кейінгі ұрпақ бізбен не деп мақтанады екен?
26.0K viewsedited  06:53
Ашу / Түсініктеме
2021-01-12 09:30:31 Каналдың аты: AQARYS aitty.
Ашылған уақыты: 12.01.2021
Мақсаты: Әзірге белгісіз.
ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!
24.4K views06:30
Ашу / Түсініктеме
2021-01-12 09:30:28
23.9K views06:30
Ашу / Түсініктеме