Get Mystery Box with random crypto!

​​Күнә жасардың алдында айтылатын сөз... Кеше достарымызбен м | AQARYS aitty

​​Күнә жасардың алдында айтылатын сөз...

Кеше достарымызбен моншаға барғанбыз. Шығар сәтте душқа түсіп жатқан едік, еріксіз бір ағаның әңгімесін естіп қалдым. Түсінгенім бойынша сыныптастар болып жиналған екен. Жастары 30-35те. Ұрттап алған сияқты. Сол жерде бір жігіт “Е барып дальше-больше пиводан жіберейік, бір рет өмір сүреміз ғой!”-деді. Осы сөзді адамдардан көп естимін. Әсіресе күнә істердің алдында айтылады екен.

Бір рет өмір сүреміз ғой деп ішеді, шегеді... Жерде бір рет өмір сүреміз ғой деп садақа беріп, сауап жинап жатқандарды байқамаппын.

“Бір рет өмір сүреміз ғой” деп білгенін істеп жүргендер, бір рет өлетінімізді де ұмытпаңыздар!