Get Mystery Box with random crypto!

​​Өтірік айтпашы, қай жерің ауыратынын прекрасно білесің ғой! | AQARYS aitty

​​Өтірік айтпашы, қай жерің ауыратынын прекрасно білесің ғой!

Ұзақ уақыт нафазолин дәрісін тамызып жүрдім. Оның жақсы жері - мұрныңды бірден ашады. Бағасы 80-ақ теңге. Сүйтіп мен 5 күннен артық қабылдауға болмайтын дәріні, 5 жыл қабылдадым.

Уақыт өте келе нафазолиннің наркоманы болып кеттім. Бітіп қалса, түннің бір уағында тыпыршып іздеп кететінмін. Қабылдамасам басым ауырып, мазам қашатын. Қабылдаған 5 жыл уақыттың әр күнінде «Нафазолинді қою керек еді, зиян ғой» деген оймен жүрдім. Бірақ әрекет жасамадым.

Достарымның барлығы айта бастады. «Бір күні өлесің ғой Ақарыс, қойсаңшы. Түнде тұншығып қалма, жүрекке зиян ғой» деген сөздер көп айтылды. Шынымен, жағдайым ушыға бастады. Бұрын дәріні тамызсам 6-7 сағат еркін жүретінмін. Ал қазір ары кетсе 20 минут. Таңертең обязательно ауа жетпей шошып оянамын. Жүрегім шанши бастады.

Бірақ Ақарыс қайтқан ба, дәрігерге жоламай жүре бердім. Бір күні бассейнге барып, құлағыма су кіріп кетті. 2 күн өтті, бір құлағым естімей қалды. Дәрігерге баруға тура келді.

Ғаламтордан ЛОР-дәрігерін іздеп тауып, келесі күні жетіп бардым. Құлағымды тазалатып, мұрнымды да тексерте салайыншы дедім. Тексерттім, нәтижесі мәз емес, бірақ дәрімен емдеуге келеді екен. Дәрігердің айтуы бойынша, дәл уақытында мұрнымды тексертуге келіппін. Сол кезде келген ой, Алла тағала мұрным арқылы сынақтар жіберген еді, дәрігерге бармай жүрдім. Значит құлағымды естірмей қойғаны «За одно мұрнын тексертсін» дегені шығар деп түйдім. Үйге бардым, дәрігердің айтқанындай нафазолиннен бас тарттым. 4 күн қиналып, 5-ші күні еркін, дәрісіз тыныс алатын болдым.

Сол сәтте ойлағаным, «Неге 5 күнде емделетін мұрнымды, 5 жыл бойы қинап жүргенмін». Шынында, денсаулығымыздағы барлық минусты, бізден артық ешкім білмейді ғой. Онда неге соны барып ретке келтірмейміз? Бауырлар, денсаулық бізге берілген аманат. Аманатымызға берік болайық!