Get Mystery Box with random crypto!

AQARYS aitty

Telegram арнасының логотипі aqarysaitty — AQARYS aitty A
Telegram арнасының логотипі aqarysaitty — AQARYS aitty
Арна мекенжайы: @aqarysaitty
Санаттар: Дін , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.30K

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-01-14 20:28:16 Мына әңгімелерден кейін біраз нәрсеге деген желания кетіп қалды ғой
5.4K views17:28
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 20:27:27
56 жасында ұйқы безінің қатерлі ісігінен қайтыс болған Стив Жобс қайтыс болар алдында ауруxананың төсегінде жатып өзінің соңғы өсиетін қалдырған екен!

Мен бизнес әлемінің шыңына шыға алдым. Мен өз жетістігім мен өмірімнің табыс көзін басқаларға таңқаларлықтай жеткізе алдым. Бизнесімді есептемегенде менің жеке өмірім бақытты болған жоқ!

Ең соңында байлық,ақша,дәулетке мас болып,оларды өмірімнің мақсаты болдырып адасқанымды түсіндім. Мен қазір ауруxананың төсегінде ,өткен өмірімді көз алдымнан өткізіп,түйін жасап жатырмын. Өлімнің алдында жатқанда менің жеткен жетістігім,байлығым, бизнестік мақтанышымның құны,мәні мен сәне түкке татымайтынын түсіндім.
5.6K viewsedited  17:27
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 20:11:16 Мен іскер адамдардың әлемінде өзгелер жете алмаған шыңдарға шықтым, өзгенің көзімен маған қарағандар менің өмірімді керемет табысты өмірдің үлгісі деп есептеді. Бірақ менің өмірімде жұмыстан басқа қуанышым болған емес.

Қысқасын айтқанда байлық менің өмірімнің бір ғана шынайы һәм үйреншікті көрінісі.
Қазір төсек тартып, ауырып жатқанда бүкіл өмірімді көз алдымнан, ой-електен өткізсем, менің бар байлығым мен атақ-даңқым түбінде ажалға бір күні жетелеп апаратын ең жоғарғы өмір шындығының мән-мағынасы жоқ түкке тұрғысыз бірдеңе екенін түсіндім.

Сіз өзіңізге көлігіңізді жүргізетін адамды жалдап алуыңыз мүмкін, сіз үшін еңбек етіп, табыс табатын адамды да жалдап алуға болады. Бірақ сіз өзіңіздің орныңызға сіздің бойыңыздағы ауруды өзіне ала алатын адамды ақшаңызға жалдай алмайсыз. Дүние мен мүлікті сатып алуыңызға болады, бірақ жоғалған өміріңізді ешқашан сатып ала алмайсыз. Өмірді сүйіңіз, бағалаңыз. Басқалармен санасыңыз, сыйласыңыз.

Адам есейген сайын ақылы толысып, парасатты болса өмірде ненің не екенін түсіне бастайды. 30$ тұратын сағатпен 300$ тұратын сағат екеуі де бірдей уақытты көрсетеді, 30$ тұратын әмиянмен 300$ тұратын әмиянның ішіне де бірдей ақша сияды екен. 150 000$ тұратын көлікпен 30 000$ тұратын көлікпен жолы да, қашықтығы да бірдей жерге жетеміз.
300 не 3000 шаршы  метрлік пәтерде жалғыз тұрсаң, жалғыздығың екеуінде де бірдей. Сіздің ішкі жан дүниеңіз мал-мүлікпен байлықтан нәр алмайды. Сіз бірінші не болмаса бизнес классты ұшақпен ұшыңыз, егер ұшақ құласа барлығы бірге құлайды.
Егер сіздің сөйлесетін достарыңыз я болмаса адамыңыз болса, біліңіз, нағыз бақыт сол.

Қарсылықсыз бес шындық:
1) Балаларыңызды бай-бақуатты болсын деп емес, бақытты болуды білсін деп тәрбиелеңіз. Сонда ғана олар өскенде дүниенің емес, әр нәрсенің һәм өмірдің бағасын біліп өседі.
2) Ішетін асыңызды шипалы дәрі деп ішіңіз, олай етпесеңіз асыңыз тек дәріге айналады.
3) Сізді жақсы көретін, сүйетін адамдар сіз қанша керексіз болсаңыз да сізді тастап кетпейді.
4) Адам болу мен адамгершілігі бар болудың үлкен айырмашылығы бар. Қандай жағдай болмасын адамгершілігіңізді биік қойып, оны сақтап қалуға тырысыңыз.
5) Тез жүргіңіз келсе жалғыз жүріңіз, алысқа барғыңыз келсе бірге жүріңіз.

Әлемдегі ең мықты 6 дәрігер
1) Күн сәулесі
2) Демалыс
3) Спорттық жаттығу
4) Өзіңізге деген сенім
5) Диета
6) Достарың
Өмір бойы осылармен бірге бол" - деген екен Джобс...
5.8K views17:11
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 20:10:58
Стив Джобстың өмірі жайлы бүгін сәл-пәл айттық. Технологияның дамуы үшін біраз нәрсе жасаған. Тарихта аты қалған. Бірақ бұл кісінің өмірінің соңында айтып кеткен керемет сөздері бар. Келесі постта соны саламын
5.4K views17:10
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 14:18:05
Стив Джобс, Билл Гейтс, Марк Цукерберг оқуларын тастап кеткен!

Оқымайтын балалар осы сөзді айтқанды жақсы көреді Бірақ ол тұлғалар не үшін оқуларын тастаған білмейді

Дұрыстап зерттеп көрсеңіз олар аз уақытта оқуларынан аларын алып, бастайтын кәсіптерін бастап алған соң, универдің білімі оларға керек болмай қалған. То есть, универдің берері біткен. Содан кейін олар уақытты бос өткізбейік деп оқуларын тастап кеткен!

Тек Стив Джобс Портлендтегі колледжін, оқу қымбат болған соң тастап кеткен. Бірақ өте пысық Стив универде біраз адаммен араласып үлгерген болса керек, оқудан шыққан соң жан досы Даниел Котткемен хабарласып Hewlett-Packardқа жұмысқа тұрады. Ал ол жерде кіммен танысты деп ойлайсыздар?

Әрине Стив Вознякпен танысты! Кейін ол екеуі Apple компаниясын құрып, аттарын тарихқа қалдырған! Ал ол екеуінің бірігуіне себепші болған универде танысқан Даниел екен.

Тәк что, “Стив Джобс, Марк, Билл Гейтстар оқуын тастап кеткен!” деген фраза, универде летоға қалып жүрген баланың айтатын фразасы емес
3.3K views11:18
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 13:59:39
Стив Джобс сириялық адам

Стив Джобстың шын әкесі Абдулфаттах сириялық азамат екен. Ал анасы Джоан Шибле неміс екен.

Онда неге аты-жөні Стив Джобс десеңіз, оны Пол және Клара Джобс деген кісілер асырап алған.
3.7K views10:59
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 08:45:24
Тізімде бірінші болып тұрған Стив Джобс көкеміз. Маған контент жасауға көмектесіп, осы посттың астына әдемілеп, жүйелеп ақпарат жазып кетсеңіздер болады Ең жақсыларын жариялап отырамын
4.5K views05:45
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 08:42:51
Қайырлы күн, бауырлар!

Мен алдағы 10 күнге жоспар құрып қойдым. Реттілік адамдардың абыройына қарап қойылған жоқ. Еске түскені жазыла берді

Неге тізімнің басына бұл шет елдік тұлғаларды қойдым? Себебі бірінші рет бұндай контент жасайын деп жатқан соң пайғамбарларға, қазақ зиялыларына дейін осы кісілермен жаттығып алайық дедім

Алдағы уақытта бәрін зерттеп шығамыз Алла қаласа
4.7K viewsedited  05:42
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 19:08:31 Короче бауырлар, жатар алдында бір нәрсе айта салайыншы. Алла қаласа ертеңнен бастап күніне 1 адамның өмірбаянын бірге зерттейікші. Осы жазбаның астына әрқайсымыз 2-3 варианттан жазып кетейік, мен список құрастырамын! Бірге дамиық бауырлар
1.5K viewsedited  16:08
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 17:55:16 Бауырлар, ұйықтауға дайындала беріңдер:) Күндіз айтқан әңгімем ауаға кетпесін, ок?
3.7K views14:55
Ашу / Түсініктеме