Get Mystery Box with random crypto!

​​30 секундта 210 000тг табуға болады! 3-ші курстың студентім | AQARYS aitty

​​30 секундта 210 000тг табуға болады!

3-ші курстың студентімін, басымда 6 кредитім бар. Ертең 60 000 теңге несиеге төлеуім керек. Бірақ қалтамда ақша жоқ.

Сабақта отырмын. Бар ойым білім емес, қалай ақша тапсам болады екен деген ой. Миым ашып, мазам қашып отыр едім, телефоныма қоңырау келді. Қарасам администраторым екен. Жарнама бар дейді. Қандай жарнама десем, бүгін МакГрегор төбелеседі, соған букмекерді жарнамалау керек дейді. Ақшадан қанша қысылсам да “жоқ” дедім.

Үйге қайтып бара жатқан едім, админым қайтадан көндіруге тырысты. Бір сториске 60 000 теңге береді дейді. Ойланып қалдым... Бір жарнама жасасам кредитімді жаба салатындай ақша екен... Ұзақ ойландым.
“Прямой реклама жасамаймын ғой” деп өзімдә көндіре бастадым. Сосын бір сәтке ойланып, азғырылып жатқанымды сезіп, иманды досыма хабарласайын деп шештім. Мән-жайды түсіндірген едім,
“Бауырым, егер сенің тағдырыңа 60 000 теңге табады жазылса - сен оны бәрібір табасың! Бірақ арам жолмен табасың ба, адал жолмен табасың ба өзің шешесің. Осы жолы саған харам жолмен келіп тұр. Отказ беріп көр, мүмкін адал жолмен келетін шығар” -деді. Бірден есімді жиып, админға “ЖОҚ!” дедім.

Іштей жеңілдеп қалдым. Кредитті төлей алмасам төлей алмай қалайын, бірақ арам ақшаны алмаймын дедім. Айтқаным сол еді, дайректке жарнамаға ұсыныс түсті. Бір қызық айтайын ба? Осы жолы бір сторис үшін 60 000 емес, 150 000 теңге береміз дейді. Қуанып кеттім!!! Бірақ қуанышым ұзаққа созылмады. Не нәрсені жарнамалау керек десем, бұл да букмекер екен. Ұзақ ойланбай бұған да “Жоқ!” дедім.

Диванда жатырмын. Көңіл-күйім түсіп кетті. 2 сторис үшін 210 000 теңге! Бірдеңесі болар дедім... Дәл сол сәтте телефоным қайта шырылдады. Осы жолы досым Әлсейіт екен. Әлсейіт “Асыл арна” телеканалында режиссер, сценарист жұмысын атқаратын. Ол да ұсыныспен хабарласыпты. Продюсерлер сценариымызға қызығып, өз сериалдарын бізге тапсырғысы келіп жатыр дейді. Біз келістік. Осылайша
“Бұйымтай” телесериалы Астана арнасынан жарық көрді. Кредитым сол сәтте жабылды.

Қазір принципіме берікпін. 210 000 тұрмақ 210 миллион ұсынса да букмекерге жарнама жасамаймын. Оқырманды жақсы көремін деп, арам жолға үгіттеу - ұятсыздың тірлігі. Екі жүз мың теңгеге алданып, Екі жүзді пендеге айналып кетпейік!