Get Mystery Box with random crypto!

​​Джентльмен бе, еркек пе? Джентльмен... Осы сөзді бұрыннан е | AQARYS aitty

​​Джентльмен бе, еркек пе?

Джентльмен... Осы сөзді бұрыннан естіп жүрсем де, мағынасына үңілмеппін. Көңіл аудармаппын десем де болады.

Бір күні қыздардың “Джентльмен” тақырыбында сөйлесіп жатқанын көріп,
“Джентльмен деген кім?” деп сұрап көрдім. Қыздар жарыса айта бастады. Джентльмен деген:
- өзінің әйеліне сыйлық беретін
- оны сыйлайтын
- қуантып тұратын
- ол үшін уайымдайтын
- жақсы сөздер айтатын
- счётты төлейтін
- сөзінде тұратын
дейді. Ойланып қалдым... Оны
“джентльмен” емес, “еркек” деп айтпайтын ба еді?