Get Mystery Box with random crypto!

Askimam.org деген сайт бар. Ғұмыры 20 жылдан асады. Ағылшын ті | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Askimam.org деген сайт бар. Ғұмыры 20 жылдан асады. Ағылшын тілінде бүкіл әлем мұсылмандарына ханафи мәзһабы негізінде пәтуа беруші сайт. 2014-2015 жылдары сол сайтты сағаттап ақтарып, күндіз түні оқушы едім. Кез-келген діни тақырып пен заманауи сұрақтарға сайттан жауап табуға болатын. Ағылшыншам жетпегесін Гугл Транслейтті қолданатынмын. Алғаш Деобанд туралы да осы сайттан көптеп оқи бастадым. Бірнеше пәтуаларын қазақ тіліне аударып, сайт пен парақшаларға жариялап тұрғанбыз.

Бүгін осы сайттың негізін қалаушы Мүфти Ибрагим Десаи (Алла рақым етсін) дүниеден өтіпті. Шейх туралы көп мұсылмандар біле бермейді, ғаламторда суреті де жоқ. Бірақ, ол кісінің исламға сіңірген еңбегі өлшеусіз. Бір байқаған дүнием, ағылшын немесе орыс тілінде болсын көптеген сайттардың негізін қалаушы ұстаздар осы ғалымның шәкірттері болып келеді әрі осы сайттарда жарық көрген пәтуалардың дені шейхтың мақұлдауынан өткен :

Askimam.ru - Аскимамның орысша нұсқасы
Darulfikr.ru - Әбу Әли Ашғаридің сайты
Darulfiqh.com - Мүфти Фараз Раббани сайты
Daruliftaa.com - Мүфти Адам әл-Кәусаридің сайты
Daruliftaa.net - Пәтуа беру Академиясының ресми сайты
Seekershub.org - Төрт мәзһаб бойынша онлайн медресе
Hadithanswers.com - хадистерге анализ жасайтын сайт
Muftisays.com - Ислами форум
Jamiat.org.za - Оңтүстік Африка Ғұламалар Кеңесі сайты

Осылай тізбектей беруге болады. Барлығын бірдей жазу мүмкін емес.

Алла Тағала шейхты мейіріміне бөлесін!