Get Mystery Box with random crypto!

Әрбір ахи инстада суретіне ғашық қыз Қай сектаны ұстанасың, ей | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Әрбір ахи инстада суретіне ғашық қыз
Қай сектаны ұстанасың, ей, тобығы ашық қыз?

Дейсің рас әурет жабу қызға парыз білемін,
Бірақ неге көрініп тұр сүттей аппақ білегің?

Қиылған қас ақ маралдың лағындай сәл керілген
Орамалдың арасынан шаштарың тұр көрінген.

Талдырмаш тал мүсініңнен қалдым әсте таппай сын,
Айтшы қалқам, әуретіңді неге толық жаппайсың?

@apendim