Get Mystery Box with random crypto!

Уа, Аса құрметті Тоқ-Байден Ислам Синергия акамедиясының студе | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Уа, Аса құрметті Тоқ-Байден Ислам Синергия акамедиясының студенттері!

Бүгін сіздерге өткен ғасырда өмір сүрген блогери мәзһабының көрнекті өкілі, Орта Азияға танымал дінтокері, төрткүл ТМД-ға аты мәлім вайнер ғұлама Әбу Вайн ибн Лайкбас (оған инста сауаптары барып тұрсын) туралы айтып бермекшімін.

Әбу Вайн әл-Блогери өз заманында ең танымал инста-ғұламалардың бірі болды. Ол өзінің әр сторисін дәретпен шығаратын. Ал, тікелей эфирге шықпас бұрын әрдайым екі рәкәт намаз оқитын. Оның эфирін жүз мыңдаған халық көретін. Ал, жазбалары мыңдаған лайк пен пікір жинайтын. Оған жар болғысы келетін ухтилердің көптігі соншалық, тіпті 35-і әйелі болуға дайын-тын…

Ол кісінің артынан жесткий дискке жүктемесе флешкаға сыймайтын 100ТБ-қа татырлық стористер мен тікелей эфирлер, мыңдаған посттар мен жүздеген вайндар қалды. Ал, осынау қымбат қазына мен діни жәдігерлерді зерттеу мен зерделеу бүгінгі буынның мұсылмандық міндеті.

2107 жыл. “ХХІ ғасырдағы көрнекті ислам ғұламалары мен олардың діни модернизмге ықпалы және реформалық агитациясы” халықаралық ғылыми конференциясынан