Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 20

2022-01-15 13:11:38 ПЕРДЕ АҒАРТУ ӘДІСІ

Сіздерге перде жуудың күшті әдісімен бөліспекпін

Керек заттар:

су
порошок
аммиак ерітіндісі

Суға порошок салып ерітіңіздер, үстінен аммиак ерітіндісін қосыңыздар. Пердені салып, суға батырып, 3сағатқа қалдырыңыздар. Уақыт өткен соң перде суы қап-қара болып кетеді

Кірмашинаға салып жуып аласыздар.

Нәтижесі болады.
1.2K views10:11
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 21:30:08 Жәй ғана ойын ойнап ақша табу

http://t.me/GamePadBot?start=cj02MWUxYTMwOWJmZjNhZDI0ODMzOTdjNmImdXRtX2lkPWludml0ZQ==
254 views18:30
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 14:53:29 БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР ПАЙДАСЫ

Белсендірілген көмір түйіршік және ұнтақталған түрде болады.

Белсендірілген көмірді қай кезде ішу керек

тамақтан уланғанда;
алкоголь мен дәріні артығымен қабылдағанда;
іш қуысы ауырғанда, желденген кезде;
қыжыл пайда болғанда;
жүрек айнығанда;
ішек ауруларында;
тері бөрткенде;
шаш пен тырнақтың саулығын жақсарту мақсатында ішу ұсынылады.

Белсендірілген көмірдің пайдасы

зат алмасуды жақсартады; терінің, шаш пен тырнақтың саулығын арттырады;
қандағы холестерин деңгейін реттейді;
ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады;
қанды тазалап, ағзаның жалпы тонусын көтереді;
тісті ағартады;
бетке маска жасауға болады.

Белсендірілген көмірді кімге қолдануға болмайды

асқазанда жара болса;
асқазаннан қан кеткенде;
жүрек қан-тамыры ауыратындарға қолдануға болмайды.
454 views11:53
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 13:29:36 АҚ ТҮСТІ КИІМДЕР БІР-БІРІНЕ БОЯУЫ СІҢІП ҚАЛСА....

Бұл әдіс тек ақ түсті киімдерге жақсы әсер етеді.

Керек заттар

Марганец ерітіндісі
Порошок

Ол үшін суға марганец ерітіндісінен ақшыл қызғылт (розовый) түсті етіп қоспа жасайсыздар. Оған порошок салып, 2 сағатқа жібітіп қою керек. Уақыты келгеннен кейін жуып-шайып аласыздар.
387 views10:29
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 14:12:00 НЕГЕ ЕРІН ЖАРЫЛАДЫ? БІЛЕСІЗБЕ?

Көбіне терісі құрғақ адамдардың еріні жиіден жарылып жатады.

Еріннің жарылуы көбіне қыс айында болады.

Ерін терісіне жағымсыз әсер ететін факторлар(себептері):

Ағзаның құрғауы

Физиологиялық процесттерді орындау үшін адам ағзасына 1,5 - 2 литр сұйықтық керек (кофе емес, кола емес).
Жағымсыз ауа-райы(желді күндер, суық мезгілдер, қатты әсері бар күн сәулесі, құрғақ ауа).
Жағымсыз әдеттер: темекі тарту, суықта немесе желді күндері ерінді сулау, ерінді тістеу әдеті, ұзақ уақыт бойы стресс жағдайында жүру.
Ыстық тамақ.
Аллергиялық реакция. Мысалы, жаңа ерін бояғышқа немесе жаңа тіс жуғышқа.
Организмге дәрумендердің жетіспеуі. Ерін терісіне бірінші кезекте А (ретинол) және Е (токоферол) дәрумендері қажет.
Сахар диабеті.

Құрғақ ерінді қалай емдейміз?

Ерін басқа терілер секілді күтімді қажет етеді.
Көшеге шықпастан 15-20 минут бұрын ерініңізге ерін бояғыш жағып алыңыз. Ол сіздің ерініңіздң суықтан, күн көзінен және желден қорғайды.
Малдың майы да таптырмас ем болып есетеледі.
Ерініңіздің айналасына майлы крем жағып алыңыз.
Бастысы ерін терісіне жағымсыз әсер ететін факторлардан қорғана біліңіз.

Сіздің теріңіз қандай типке жатады? Еріндеріңіз жиі жарылады ма?
406 views11:12
Ашу / Түсініктеме
2022-01-03 17:47:53 Алыстан көрмеушілік – жасөспірімдер  арасында жиі кездесетін көз кемшілігі.

Клиникасы:

Сізде осы белгілер барма

Алыстан көрмейтіндігіне

Көздің бұлдырауы,заттарды екі еселеніп көруі;

Алыстағы заттарды көруі үшін адамның көзді сығырайтуы.

Миопияның алдын алу үшін не істейміз

Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру: ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек

Үстелге қоятын шамның жарығы сол жақтан түсу керек. 

Кітапты окығанда, теледидар көріп копьютермен жұмыс жасағандағы қашықтық 30-35 см болу керек. Яғни үстелде дұрыс денені тік ұстау көз ауруының болдырмауының бірден бір себебі.

Кітапты көлікте қозғалыс кезінде, жатып оқымаған дұрыс.

Кірпікке арналған косметикалық құрылғыларды жатар уақытта жуып тастау керек

Компьютермен жұмыс жасаған кезде 10- 15 минут бөліп, көзге арналған жаттығу жасау тиіс
 
Емдеу әдістері:
 
1. Көзілдірік таңдау.
 
2. Жанамалы линза таңдау.
 
3. Түрлі жаттығулар жасату
(көздің бұлшықеттеріне)
 
4. Дәрі дәрмекпен емдеу (қан тамырын кеңейтетін дәрілер, кальций препараттар, биогенді стимуляторлар, витаминдер).
 
5. Физио емдеу (мойын маңайына массаж жасау керек)
220 views14:47
Ашу / Түсініктеме
2022-01-02 16:46:18 Тілге қарап қай жеріңіз ауыратынын Қалай анықтауға болады.

Сау адамның тілі қызғылт, болар-болмас ақ қатпарлы болып келеді.

Ал тілдегі патологиялық өзгерістер мыналар:

Ақшыл қалың қатпар – асқазанның секреторлық қызметінің бұзылуының белгісі.

Тілдің қараюы – антибиотиктерді шектен тыс қабылдау немесе дәрумендердің едәуір жетіспеушілігі кезінде байқалады.

Тілдің сарғыштануы – бауыр мен өт қабының аурулары кезінде немесе темекі шегу, кофе ішу нәтижесінде болуы мүмкін.

Қоңыр тіл – ішек қызметінің бұзылуынан болатын өзгерістер, дәрілерге аллергияның нәтижесінде де болуы мүмкін.

Тегіс жылтыр тіл - бауыр қызметінің көрінісі. Тілдің құрғақтығы ұзақ уақыт бойы сақталса, ол қант диабетінің әсері болуы мүмкін.

Жарық тіл – асқазан, ішек жолдарының бұзылыстарынан пайда болады.

Таңертеңгілік ұйқыдан тұрғанда тілде тіс іздерінің болуы шаршаудың және жүйке күйзелістерінің белгісі.

Ақ немесе сарғыш-қоңыр қалың қабықтың болуы – иммунитеттің әлсіреуі немесе асқазан-ішек жолдары ауруларының көрінісі болуы мүмкін.

Бұл белгілер түндегі және ашыққан кездегі және тамақтанудан 2-3 сағаттан кейін пайда болатын ауру сезімімен бірге болса, дерттің шынымен-ақ болуының мүмкіндігі 100 пайызға дейін жетеді.
420 views13:46
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 20:38:00
Чизкейк, торт, пирог жәнеде тағы басқа тағамдар жасап үйренгіңіз келеді ме?

Төмендегі каналға тіркелсеңіз неше түрлі рецепттерді тегін оқи аласыз
231 views17:38
Ашу / Түсініктеме
2022-01-01 16:36:28 ОСТЕОХОНДРОЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ

ОСТЕОХОНДРОЗ- омыртқааралық дисктің ,шеміршектің зақымдалуы. Омыртқа дискілерінің қоректенуі төмендеп, қан айналымы өзгеріп, олардың созылғыштығы әлсіреп сызаттар түседі, кейінірек сүйектік ұлпаға айналады.
Осы бұзылыстар салдарынан омыртқаралық нервтер,бұлшықеттер қысылып,қимыл қозғалыс кезінде күшейетін ауру сезімі пайда болады.

АЛЫП КЕЛЕТІН СЕБЕПТЕРІ:

Қимыл қозғалыстың азаюы;
Омыртқаның жарақаттары
Арқа , құрсақ, мойын бұлшық еттердің нашар дамуы, ауыр зат көтеру
Омыртқа жотасына артық салмақтың түсуі;
Үнемі отырып жұмыс жасау;
Омыртқа аномалиялары;

АУРУ ҮШ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:

І кезең - дискідегі дегенеративті өзгерістермен сипатталады;
ІІ кезең - диск протрузиясы;
ІІІ кезең - диск жарығы.

Омыртқаралық дисктерді қанмен қамтамасыз ететін арнайы қан тамыр болмағансоң олар өздеріне қоректі заттарды арқаның терең орналасқан бұлшықеттерінің тамырларынан алады міне сол ушін спортпен жиі шұғылданып бұлшықеттерді шынықтыру керек.

Аурудан айығудың ең тиімді жолы дене жаттығуларын жасау;
суда жүзу
массаж
физиолечение
296 views13:36
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 18:47:30 Жаңа жылдарыңызбен! Отбасымыз аман, деніміз сау, табыс пен қуанышқа толы жыл болсын
310 views15:47
Ашу / Түсініктеме