Get Mystery Box with random crypto!

Алматы Әйелдер Орталығы

Telegram арнасының логотипі almaty_aielder_ortalygy — Алматы Әйелдер Орталығы А
Telegram арнасының логотипі almaty_aielder_ortalygy — Алматы Әйелдер Орталығы
Арна мекенжайы: @almaty_aielder_ortalygy
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.58K
Арнадан сипаттама

Құрметті оқырман, каналға қош келдің!✨

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2023-04-20 13:14:54 ШАНС БЕРЕМІЗ

Күнделікті таң намазына дейін @lauraseitbek және @almaty.aielder.ortalygy парақшаларын белгілеп сториске салып жатқандарыңыздан Құранды толық бітірген қыздар бар екенін көріп, біліп отырмыз Жеңімпаздарға арнайы сыйлығымыз да бар уәде еткеніміздей

Кім үлгермей жатыр? Сіздерге бүгін 20.04.23 ж. ақшам намазына дейін оқып аяқтауға және парақшаларымызды белгілеп, «челлендж жеңімпаздары» қатарына қосылуға зор мүмкіндік бар

Енді бізге нақты фиксация керек

#ҚұранЧелленджі-не бастан аяқ қатысып, хатымды аяқтағандар бар ма? Толық бітірген ханымдар, комментарийге инстаграм аккаунттарыңызды белгілеп, қол көтеріп кетіңіздерші
721 viewsedited  10:14
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 12:38:37 «Хатым дұғасы жасалған жерге қатысқан адам, олжа таратылып жатқан жерге қатысқан сияқты болады. Хатым етуді бастаған жерде болған адам жиһад етуші сияқты. Екеуіне де қатысқан адам екі сауапқа да қауышады және шайтанды масқаралаған болады.» (Хазинәт-ул-әсрар)

«Үш рет Ихлас сүресін оқыған адам Құранды хатым еткендей сауапқа қауышады.» (Әййуһәл уәләд илмихалы)


Рамазан — мүмкіндік айы. Құран хатым жасауды әдетке айналдыруға мүмкіндік беретін тәрбие айы Осы айдан кейін Құранға хатым жасауды ары қарай да жалғастырсаңыз, онда сіз өзіңізге жақсы әдетті, Алла разы болатын әрекетті қалыптастырып жатырсыз деген сөз

Құран оқу арқылы Алланың разылығына жетеміз бе? Кім менімен бірге?
686 viewsedited  09:38
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 12:37:22
Хатым – сөздікте бітіру, аяқтау деген мағынаны берсе де, фиқһтағы мағынасы бір кісінің Құран кәрімді бастан аяқ оқып шығуы деген сөз. Хатымның маңызы жайында көптеген хадистер бар. Солардың бірнешеуін осында салғым келіп отыр:

«Құран кәрімді хатым еткен адамға алпыс мың періште истиғфар етеді.» (Дәйләми)

«Құран кәрімді хатым еткен адамның дұғасы қабыл болады.» (Табарани, Ибн Хиббан)

«Құран кәрімді хатым еткен адамның қабыл болған бір дұға ақысынан бөлек, жәннатта бір ағаш та беріледі.» (Хатиб)

«Хатым еткен адамның дүние мен ахиреті үшін жасаған дұғасы қабыл болады.» (Бәйһақи)

«Хатымды оқыған және тыңдағандардың дұғасы қабыл болады.» (Әбу Нуайм)

«Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады.» (Табарани)
673 views09:37
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 14:42:23
ЖӘННАТТАН БІР АҒАШ БЕРІЛУІНЕН ҮМІТТІМІЗ

Хадис: «Құран кәрімді хатым еткен адамның қабыл болған бір дұға ақысынан бөлек, жәннатта бір ағаш та беріледі ...»
(Хатиб)


Қасиетті Рамазан айының есігімізден шығып кетуіне де аз ғана уақыт қалды

Алланың жәрдемімен, Құран Кәрімді де бастан аяқ хатым жасадық Раббымыздан осы амалымыз үшін сансыз сауаптан, жәннат бағындағы ағаштан үміттіміз

Құран хатымының құндылығы жайлы ақпарат салайын ба? Қызық па сіздерге?
118 viewsedited  11:42
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 22:54:19 Қадір түнінде қандай құлшылық жасаймын?

Біріншіден, Алла Тағалаға құлшылық жасап, намаз оқу керек.

Екіншіден, құран оқып, оның мағынасын терең түсініп, үйреніп, үйрету қажет.

Үшіншіден, діни білім алып, уағыз тыңдап, шариғат үкімдерін бойға сіңірген жөн.

Төртіншіден, тәспі тартып, зікір айту керек.

Бесіншіден, діни кітаптарды оқып, діни фильмдер көрген жөн.

Алтыншыдан, көп дұға қылып, тілек тілеген абзал.

Жетіншіден, мүмкіндігінше мешітке келіп, Қадір түнінің құрметіне намаз оқыған дұрыс. Ескерте кететін жайт, мешітке келген кезде дүние сөзін сөйлемеу керек. Басқаларға бөгет жасамаған жөн.

Қадыр түнінің намазы.


Ниет: Алла Тағаланың ризалығы үшін ниет еттім, Қадыр түнінің құрметіне осы намазды өтеуге, Аллаһу Әкбар.

Бірінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Қадыр сүресі оқылады.
Екінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Ықлас сүресі оқылады.
Үшінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Қадыр сүресі оқылады.
Төртінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Ықлас сүресі оқылады.

Намаздан соң мына зікір, дұғаларды оқыған абзал

1. Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.
2. Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.
3. ӘстәғфируЛлаһ – 500 рет.
4. Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.
198 views19:54
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 22:35:53 Қадір түні мына төмендегі амалдарды орындау мұстахаб (таңдаулы, ең көркем) болады:  

Намаз оқу.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَن قَامَ لَيْلَةَ القَدْرِ إيمَانًا واحْتِسَابًا، غُفِرَ له ما
تَقَدَّمَ مِن ذَنْبِهِ


«Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі», – дейді.

Дұға жасау.

Айша анамыздан жеткен риуаятта ол былай дейді: «Уа, Алланың елшісі! Мен қадір түніне сәйкес келіп жатсам не деп дұға етейін?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сонда былай дейді:

اللهمَّ إنك عفوٌّ تُحبُّ العفوَ فاعفُ عنِّي

«Аллаһуммә иннәкә афуун тухиббул-афуә фағфу әнни (Аллаһым! Сен кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің күнәларымды кеш)» – деп айт».


Сонымен қатар, Құран оқу, Алланы зікір ету, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту, садақа беру т.б. ізгі амалдарды істеген жақсы болады.
278 viewsedited  19:35
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 12:03:25 «Алла тамаша дауыстыны, ол Құранды ырғағымен оқығанда тыңдағандай, ешкімді тыңдамайды».
(Бұхари, Муслим)

Кезекті Құран оқу графигін назарларыңызға ұсынамыз

Таң 5 бет (611-615)
Бесін 5 бет (616-620)
Екінті 5 бет (621-625)
Ақшам 5 бет (626-630)
Құптан 5 бет (631-635
)

Уақыт зымырап жатыр. Қасиетті Рамазан айының аяқталуына 4-ақ күн уақыт қалды.
Құран графигіне ілесе алып жатырсыздар ма?
61 views09:03
Ашу / Түсініктеме
2023-04-16 20:54:44 Алматы Әйелдер Орталығы pinned «Қадір түнінде оқылатын арнайы дұғаны салып қояйын : Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрайды. Бұған…»
17:54
Ашу / Түсініктеме
2023-04-16 20:47:34 ҚАДІР ТҮНІ ЖАСАЛУЫ КЕРЕК АМАЛДАР

Дұға жасау


Қасиетті қадір түнінде барлық дұғаларыңызды тілеп, РАББЫМЫЗДАН кешірім сұрап үлгеріңіздер!
Дұға тілектеріңіз қабыл болсын!

Истиғфар айту

Алладан кешірім сұраудың ең жеңіл әрі қарапайым дұғасы – Истиғфар айту, яғни, «Астағфируллаһ» деп айту. Мағынасы: «Аллаһ мені кешірсін». Истиғфар – Алланың құлына деген үлкен мейірімі. Алла Тағала құлынан ешқашан бетбұрмайды, Оның кешірім есіктері үнемі ашық. Алла – Кешіруші, кешіргенді жақсы көреді. Сондықтан, тәубе етуді кейінге қалдырмай, дәл қазірден бастап Алланың кешіріміне ұмтылайық.

Алланың 99 көркем есімін мағынасымен жаттау

Телеграмға Рамазан айының алғашқы күндерінде Алланың 99 Көркем Есімдері тоолық салынған болатын. Соларды бір қайталап шығыңыздар.

Салауат айту

Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту. Бұл жөнінде Имам Науаи: Пайғамбарға дұға салауат пен сәлем қоса айтылып жасалады. Бұл «Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер», - аятынан алынған, - деген.
Риуаятта сахабалар Пайғамбарымыздан ﷺ: уа, Алла елшісі! Сізге қалай
салауат айтамыз?,-дегенде пайғамбар ﷺ: «Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид», - деп айтыңдар, - деген екен. Мағынасы: Аллаһым, Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына салауат еткендей рақымет ет.

Құран оқу

«Солар – иманға келгендер және Алланың еске салуымен (Құранмен) жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Алланың Еске салуымен (Құранмен) тыныштық тауып, орнығады»
(«Раъд» сүресі, 28-аят)

Шүкіршілік ету


Рамазанда бөлек шүкіршілік дәптерін жазып, әр шүкіріңізді жазып отырыңыз. Сіз шүкір еткен сайын Алла ризығын аямайды
362 viewsedited  17:47
Ашу / Түсініктеме
2023-04-16 20:43:43
Ибн Аббастан (р.а.): Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінен, қалған тоғызыншы, жетінші және бесінші түндерден іздеңдер» (5), – деген риуаят бар.

Ғалымдардың айтуынша, жұп күннен тақ күнге өткен түн Қадір түні болмақ. Яғни, ол 20-сынан 21-іне, 22-сінен 23-іне, 24-інен 25-іне, 26-сынан 27-сіне, 28-інен 29-ына қараған түннің бірінде келмек. Яғни, Рамазан айының соңғы он күндігіндегі тақ күндерді назарда ұстаған жөн. Ал мұндай күндердің саны – бесеу.
311 viewsedited  17:43
Ашу / Түсініктеме