Get Mystery Box with random crypto!

Хатым – сөздікте бітіру, аяқтау деген мағынаны берсе де, фиқһт | Алматы Әйелдер Орталығы

Хатым – сөздікте бітіру, аяқтау деген мағынаны берсе де, фиқһтағы мағынасы бір кісінің Құран кәрімді бастан аяқ оқып шығуы деген сөз. Хатымның маңызы жайында көптеген хадистер бар. Солардың бірнешеуін осында салғым келіп отыр:

«Құран кәрімді хатым еткен адамға алпыс мың періште истиғфар етеді.» (Дәйләми)

«Құран кәрімді хатым еткен адамның дұғасы қабыл болады.» (Табарани, Ибн Хиббан)

«Құран кәрімді хатым еткен адамның қабыл болған бір дұға ақысынан бөлек, жәннатта бір ағаш та беріледі.» (Хатиб)

«Хатым еткен адамның дүние мен ахиреті үшін жасаған дұғасы қабыл болады.» (Бәйһақи)

«Хатымды оқыған және тыңдағандардың дұғасы қабыл болады.» (Әбу Нуайм)

«Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады.» (Табарани)