Get Mystery Box with random crypto!

Қадір түні мына төмендегі амалдарды орындау мұстахаб (таңдаулы | Алматы Әйелдер Орталығы

Қадір түні мына төмендегі амалдарды орындау мұстахаб (таңдаулы, ең көркем) болады:  

Намаз оқу.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَن قَامَ لَيْلَةَ القَدْرِ إيمَانًا واحْتِسَابًا، غُفِرَ له ما
تَقَدَّمَ مِن ذَنْبِهِ


«Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі», – дейді.

Дұға жасау.

Айша анамыздан жеткен риуаятта ол былай дейді: «Уа, Алланың елшісі! Мен қадір түніне сәйкес келіп жатсам не деп дұға етейін?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сонда былай дейді:

اللهمَّ إنك عفوٌّ تُحبُّ العفوَ فاعفُ عنِّي

«Аллаһуммә иннәкә афуун тухиббул-афуә фағфу әнни (Аллаһым! Сен кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің күнәларымды кеш)» – деп айт».


Сонымен қатар, Құран оқу, Алланы зікір ету, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту, садақа беру т.б. ізгі амалдарды істеген жақсы болады.