Get Mystery Box with random crypto!

Қадір түнінде қандай құлшылық жасаймын? Біріншіден, Алла Т | Алматы Әйелдер Орталығы

Қадір түнінде қандай құлшылық жасаймын?

Біріншіден, Алла Тағалаға құлшылық жасап, намаз оқу керек.

Екіншіден, құран оқып, оның мағынасын терең түсініп, үйреніп, үйрету қажет.

Үшіншіден, діни білім алып, уағыз тыңдап, шариғат үкімдерін бойға сіңірген жөн.

Төртіншіден, тәспі тартып, зікір айту керек.

Бесіншіден, діни кітаптарды оқып, діни фильмдер көрген жөн.

Алтыншыдан, көп дұға қылып, тілек тілеген абзал.

Жетіншіден, мүмкіндігінше мешітке келіп, Қадір түнінің құрметіне намаз оқыған дұрыс. Ескерте кететін жайт, мешітке келген кезде дүние сөзін сөйлемеу керек. Басқаларға бөгет жасамаған жөн.

Қадыр түнінің намазы.


Ниет: Алла Тағаланың ризалығы үшін ниет еттім, Қадыр түнінің құрметіне осы намазды өтеуге, Аллаһу Әкбар.

Бірінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Қадыр сүресі оқылады.
Екінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Ықлас сүресі оқылады.
Үшінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Қадыр сүресі оқылады.
Төртінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Ықлас сүресі оқылады.

Намаздан соң мына зікір, дұғаларды оқыған абзал

1. Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.
2. Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.
3. ӘстәғфируЛлаһ – 500 рет.
4. Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.