Get Mystery Box with random crypto!

ҚАДІР ТҮНІ ЖАСАЛУЫ КЕРЕК АМАЛДАР Дұға жасау Қасиетті қад | Алматы Әйелдер Орталығы

ҚАДІР ТҮНІ ЖАСАЛУЫ КЕРЕК АМАЛДАР

Дұға жасау


Қасиетті қадір түнінде барлық дұғаларыңызды тілеп, РАББЫМЫЗДАН кешірім сұрап үлгеріңіздер!
Дұға тілектеріңіз қабыл болсын!

Истиғфар айту

Алладан кешірім сұраудың ең жеңіл әрі қарапайым дұғасы – Истиғфар айту, яғни, «Астағфируллаһ» деп айту. Мағынасы: «Аллаһ мені кешірсін». Истиғфар – Алланың құлына деген үлкен мейірімі. Алла Тағала құлынан ешқашан бетбұрмайды, Оның кешірім есіктері үнемі ашық. Алла – Кешіруші, кешіргенді жақсы көреді. Сондықтан, тәубе етуді кейінге қалдырмай, дәл қазірден бастап Алланың кешіріміне ұмтылайық.

Алланың 99 көркем есімін мағынасымен жаттау

Телеграмға Рамазан айының алғашқы күндерінде Алланың 99 Көркем Есімдері тоолық салынған болатын. Соларды бір қайталап шығыңыздар.

Салауат айту

Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту. Бұл жөнінде Имам Науаи: Пайғамбарға дұға салауат пен сәлем қоса айтылып жасалады. Бұл «Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер», - аятынан алынған, - деген.
Риуаятта сахабалар Пайғамбарымыздан ﷺ: уа, Алла елшісі! Сізге қалай
салауат айтамыз?,-дегенде пайғамбар ﷺ: «Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид», - деп айтыңдар, - деген екен. Мағынасы: Аллаһым, Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына салауат еткендей рақымет ет.

Құран оқу

«Солар – иманға келгендер және Алланың еске салуымен (Құранмен) жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Алланың Еске салуымен (Құранмен) тыныштық тауып, орнығады»
(«Раъд» сүресі, 28-аят)

Шүкіршілік ету


Рамазанда бөлек шүкіршілік дәптерін жазып, әр шүкіріңізді жазып отырыңыз. Сіз шүкір еткен сайын Алла ризығын аямайды