Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-02-17 18:43:32
«Келесі сайлауға барамын ба, бармаймын ба, оны айта алмаймын. Әлі ерте» - Президент

«Екі мерзім ғана Президент қызметін атқару» бұл Конституциямызда жазылған, бұл анық нәрсе, бұны бұзуға болмайды. Сайлауға барамын ба, бармаймын ба оны қазір айту ерте. Наурыздағы жолдауымда мүмкін осы маңызды мәселе жөнінде өз пікірімді айтамын, - деді Мемлекет басшысы өз сұхбатында.

t.me/aibat_news
95 viewsedited  15:43
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 18:37:50
Президент сұхбатта қаңтар оқиғасынан кейін Алматының қалыпқа келуіне де қатысты кеңінен тоқталды. Мұнда мемлекет басшысы жаңа әкімге ерекше жүк артып отырғанын айтты.

Журналист:
– Иә, соңғы кездері көптеген ауыс-түйістер болды. Соның ішінде Ерболат Досаевты Алматы қаласының әкімі етіп тағайындаған шешіміңізге наразы тұрғындар митингіге шықты. Бұл шешімді қайта қарау ойыңызда бар ма?

Президент:
– Ондай ойым жоқ. Қаңтар оқиғасы кезінде қаланың экономикасы зардап шекті. Соның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл – оңай шаруа емес. Сондықтан осындай жауапты жұмыс жаңа әкім Ерболат Досаевқа жүктелді, қолынан келеді деп үміттенемін. Себебі оның бизнес саласында, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Іскер, еңбекқор адам. Жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн деп ойлаймын.

t.me/aibat_news
158 viewsedited  15:37
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 18:31:35
Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл дүниеде қазақтардың тағдырын тек өзіміз ғана шешеміз.Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, бұл – Қазақстан. Бұл – біздің қасиетті Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ».

t.me/aibat_news
95 viewsedited  15:31
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 18:26:10
Ешкімде егемендігіміз туралы күмәнді ой болмауы керек, мен Қазақстанның жарқын болашағына кәміл сенемін - Президент

Мемлекет басшысы «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында: «Егемендікті сақтап қала аламыз ба?» деген күмәнді ой ешкімде болмауы керек. Бұл қисынсыз сөз», - деді.

t.me/aibat_news
96 viewsedited  15:26
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 18:25:07
«Менің кітабыммен кино түсір деп ешкімге тапсырма берген жоқпын» - Президент


Сұхбат барысында «Кемел» фильмі жайында да сұралды. Бұған дейін әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітабы негізінде оның әкесі туралы кино түсірілетіндігі жөнінде әлеуметтік желіде ақпарат тараған. Кейін жобаның авторы, әрі сценарисі, Nar Media Group компаниясының басшысы Наитай Өтеген өз еркімен және жеке қаржымына түсіретінін мәлімдеді. Енді міне Президент ешкімге кино түсіруге тапсырма бермегінін де айтты.

– Менің кітабымдағы оқиғалардың негізінде кино түсіргелі жатқанын оқыдым. Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын. Бірақ, өзім жазған «Әке туралы ой-толғау» кітабынан бас тартпаймын, мазмұнды туынды деп есептеймін. Себебі, жастарға да пайдалы дүние. Бұл – менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым.

t.me/aibat_news
92 viewsedited  15:25
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 18:10:47
Қасым-Жомарт Тоқаев: Путинге қарыз болып қалдық деген бос әңгімені доғару керек

«Біріншіден ҰҚШҰ континенті Путиннің немесе Ресейдің жеке әскері емес. Бұл ұйымның әскери құрамы оған мүше елдердің бәріне ортақ. Онда Ресейден бөлек, Беларусь, Армения, Тәжікстан және Қырғызстанның әскери бөлімдері бар. Қазақстан осы ұйымның толыққанды мүшесі. ҰҚШҰ -ның негізін қалаушысы. Сондықтан бәрі заңды, қисынды болды. Ресейге келсек, бұл алпауыт ел өзінің геосаяси мүддесін де қорғады. Қазақстанның тұрақтылығы Ресейге қажет. Оны дұрыс түсінуіміз керек. Жалпы біз ешкімге ештеңе де қарыз емеспіз. Қазақстан - егемен мемлекет. Сондықтан, саясатымыз да дербес»,- деді Президент.

t.me/aibat_news
98 viewsedited  15:10
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 18:08:55 Шетелдік әскерилер біздің елде бірде-бір оқ атқан жоқ - Президент

Мемлекет басшысы Қаңтар оқиғасы кезінде елімізге ҰҚШҰ әскерін кіргізу туралы шешімді қабылдағанына өкінбейтінін жеткізді.

t.me/aibat_news
101 viewsedited  15:08
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 18:07:27 Президент: «Кейбір адамдар қамауда отырғандар жазықсыз деп ойлайды, бұл елге тағы бір қауіп төндіру»

t.me/aibat_news
102 viewsedited  15:07
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 18:06:17 Мемлекет басшысы жастар кадр резерві туралы:

«Менің бастамам бойынша Президенттік жастар кадр резерві құрылды. Кадрлық резервке өткен азаматтар біртіндеп жауапты қызметке тағайындалып жатыр» - Президент.

t.me/aibat_news
105 viewsedited  15:06
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 17:46:03
Мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек – Президент

Мемлекет басшысы «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында тіл мәселесіне тоқталды.

«Осыған дейін көптеген телеарна менен бірнеше рет сұхбат беруді сұраған болатын. Мен олардың ешқайсысына келіскен жоқпын. Себебі ел ішінде көптеген жалған ақпарат тарап жатты, соларға тоқтау салу керек болды. Сол сұхбат орыс тілінде жасалды.

Жалпы, мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, ең алдымен, өзіміз ана тілімізге құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын»

t.me/aibat_news
127 viewsedited  14:46
Ашу / Түсініктеме