Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 16

2022-02-11 14:57:23
Бейжіңдегі Олимпиадада шорт-тректен 500 метр қашықтықта өнер көрсеткен бірден 3 спортшымыз ширек финалға шықты!

Әділ Ахметов, Денис Никиша, Абзал Ажғалиев. Құттықтаймыз!

t.me/aibat_news
107 views11:57
Ашу / Түсініктеме
2022-02-11 13:50:42
Instagram аккаунтыңыз бар ма?
Anonymous Poll
77%
Иә, жиі кіріп тұрам
12%
Бар, бірақ қолданбаймын
4%
Болған, жалығып өшіріп тастадым
8%
Жоқ, оның не керегі бар
0%
Instagram деген не?
26 voters128 views10:50
Ашу / Түсініктеме
2022-02-11 12:44:02
Көлік жүргізушілері сақтап алуы тиіс ақпарат

Енді екі көлік соқтығысса, полиция мен сот шешімін күтпестен автосақтандыру төлемдерін жылдам алуға болады. Елімізде автосақтандыруды реттеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу жоспарланып отыр.

Өтініштер бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасы арқылы қабылданады.

t.me/aibat_news
263 viewsedited  09:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-11 08:01:27
36 жастағы интернет жұлдызы «Қаржы пирамидасына қатысты» іс бойынша айыпталған. Бұлтартпау шарасымен тергеу үшін қамауға алу санкцияланды. Бірақ оның қайда екенін ешкім білмейді. Іздеу жарияланғанын Алматы қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек растады.

Еске сала кетсек, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша айыпталушы ретінде танылғаны белгілі болды. Төребаев пен Шерниязов кепілмен босатылған. Тергеушілердің айтуынша, вайнерлер Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, оның ортақ иелері ретінде үнемі табыс алып отырған.

t.me/aibat_news
147 viewsedited  05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 15:48:37
Тоқаев Мәскеуде. Путинмен кездесті

t.me/aibat_news
67 viewsedited  12:48
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 10:36:27 AIBAT жаңалықтар қызметі pinned a video
07:36
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 10:36:12
Аты шулы генерал-майор оралды

Аян Дүйсембаев деген генерал-майорды естулеріңіз бар ма? 2019 жылы осы шенін алғаны үшін оның дүркіретіп той жасап, сыйға қымбат сәйгүлік мінгені бар. Видео әлеуметтік желіде желдей есті. Ол кезде Атырау облыстық Полиция департаментінің басшысы міндетінде отырған. Президент Тоқаевқа дейін жетіп, этиканы бұзғаны үшін Дүйсембаев қызметінен босатылды.

Содан бер ол Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, Төтенше жағдайлар министрліне қарасты Өрт қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары болып жүріпті. Енді бүгін қайта үлкен қызметке оралып, Маңғыстау Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Не дейік, ұзағынан болсын


t.me/aibat_news
148 viewsedited  07:36
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 07:17:01 AIBAT жаңалықтар қызметі pinned a photo
04:17
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 07:16:03 https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/324332?lang=kk
127 views04:16
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 07:15:25
Өзімізге «шанс» берілді: шетелден жұмыс күшін тару квотасы азайтылды

Үкімет осындай шешім шығарып, квотаны 16%-ға, яғни 4 792 адамға азайтқан. Бұл тікелей Президент бұйрығымен орындалып отырған шара. Сырттан келетін еңбеккерлер әсіресе мұнай газ саласында өте көп. Өзімізге қарағанда олардың алатын жалақысы да жоғары болып келген.

2021 жылы квота 28 352 адаға берілсе, биыл енді 23 560 адам Қазақстанға келіп жұмыс істеуге құқылы. Қалған 4 мыңнан астам орын өз азаматтарымызға қалды.

t.me/aibat_news
124 viewsedited  04:15
Ашу / Түсініктеме