Get Mystery Box with random crypto!

«Менің кітабыммен кино түсір деп ешкімге тапсырма берген жоқпы | Новости ПК

«Менің кітабыммен кино түсір деп ешкімге тапсырма берген жоқпын» - Президент


Сұхбат барысында «Кемел» фильмі жайында да сұралды. Бұған дейін әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітабы негізінде оның әкесі туралы кино түсірілетіндігі жөнінде әлеуметтік желіде ақпарат тараған. Кейін жобаның авторы, әрі сценарисі, Nar Media Group компаниясының басшысы Наитай Өтеген өз еркімен және жеке қаржымына түсіретінін мәлімдеді. Енді міне Президент ешкімге кино түсіруге тапсырма бермегінін де айтты.

– Менің кітабымдағы оқиғалардың негізінде кино түсіргелі жатқанын оқыдым. Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын. Бірақ, өзім жазған «Әке туралы ой-толғау» кітабынан бас тартпаймын, мазмұнды туынды деп есептеймін. Себебі, жастарға да пайдалы дүние. Бұл – менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым.

t.me/aibat_news