Get Mystery Box with random crypto!

Президент сұхбатта қаңтар оқиғасынан кейін Алматының қалыпқа к | Новости ПК

Президент сұхбатта қаңтар оқиғасынан кейін Алматының қалыпқа келуіне де қатысты кеңінен тоқталды. Мұнда мемлекет басшысы жаңа әкімге ерекше жүк артып отырғанын айтты.

Журналист:
– Иә, соңғы кездері көптеген ауыс-түйістер болды. Соның ішінде Ерболат Досаевты Алматы қаласының әкімі етіп тағайындаған шешіміңізге наразы тұрғындар митингіге шықты. Бұл шешімді қайта қарау ойыңызда бар ма?

Президент:
– Ондай ойым жоқ. Қаңтар оқиғасы кезінде қаланың экономикасы зардап шекті. Соның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл – оңай шаруа емес. Сондықтан осындай жауапты жұмыс жаңа әкім Ерболат Досаевқа жүктелді, қолынан келеді деп үміттенемін. Себебі оның бизнес саласында, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Іскер, еңбекқор адам. Жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн деп ойлаймын.

t.me/aibat_news