Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 15

2022-02-16 07:48:13
Шымкентте газ баллоны жарылды: анасы мен баласы зардап шеккен

Шымкенттегі Қаратау ауданындағы жер үйде газ баллоны жарылып, үй иелері зардап шекті. Өрт толық сөндірілген. 6 жастағы қыз бен оның анасын күйік шалған. Жалынды сөндіруге 17 құтқарушы мен 3 техника тартылыпты.

t.me/aibat_news
116 viewsedited  04:48
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 07:25:10
Әсем Нүсіпова Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

t.me/aibat_news
123 viewsedited  04:25
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 12:22:22
Расында, әдемі кадр иә?
Anonymous Poll
85%
Еліміздің көрікті жерлері көп қой, шіркін
15%
Басқа қалаларды да ғарыштан көргіміз келеді
20 voters124 views09:22
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 12:06:35
«We fly over Kazakhstan!»: Ресейлік космонавт Маңғыстауды ғарыштан көрсетті

Ресейлік космонавт Олег Артемьев Маңғыстау облысы мен Каспий теңізін ғарыштан түсірілген видеосымен бөлісті.

«Қазақстанның үстінен ұшып бара жатырмыз. Қазақстанға жалынды сәлем. Біз ұшып бара жатқан қаланы таныдыңыз ба?», - деп жазба қалдырыпты. Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған видеоны қазақстандықтар да тамашалады.

Жазба астында «Видеода Ақтау немесе Атырау қаласы көрінеді», «Әдемі кадр», «Қазақстаннан да сәлем» дегендей пікірлер қалдырылып, тұрғындар алғыстарын білдіріп жатыр.

t.me/aibat_news
131 viewsedited  09:06
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 11:32:59
«24 сағат беремін» - Зеленский Украинадан шетелге қашқан олигархтарға үндеу жасады.

Украина Президенті елден қашып жатқан депутаттар мен бизнесмендерге ескерту жасады. Владимир Зеленский оларға кері елге оралуға 24 сағат уақыт бермек. Одан кейін қатаң шара қолдануға кіріседі.

«Украинская правда» басылымының хабарлауынша, 13 ақпаннан бері 30 чартер елден шығып кеткен, қашқын олигархтардың қатарында «Форбс» тізіміне кіретін Игорь Абрамович, Вадим Новинский сынды кісілер бар. Олар құр кетпей қыруар активтер мен ақшаларын, мүліктерін сыртқа шығарып үлгерген.

Байлардың бұлай жаппай қашуына Украина мен Ресей арасындағы жағдайдың ушығуы басты себеп. Тіпті АҚШ Президенті Джо Байден 16 ақпанда соғыс басталатын шығар деген мәлімдеме жасаған. Бірақ ресми Кремль мұны бос даурықпа деді.

t.me/aibat_news
129 viewsedited  08:32
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 16:57:34 Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Президентке есеп берді:

 Қаңтар оқиғасына қатысты 3070 қылмыстық іс қозғалған.

 Мемлекетке опасыздық жасау, өкілеттіктерді асыра пайдалану және билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарауында жатыр.

 Арнаулы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша 179 істі тексеруде.

 Қаңтар оқиғасы кезінде 3388 қару, оның ішінде 10 аңшылық дүкенінен 1629 мылтық ұрланған. Осының тек үштен бірі немесе 967 қару табылды.

http://t.me/tengri
9 views13:57
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 12:07:37 Сондай-ақ Қазақстанда салынатын АЭС-та жұмыс істейтін мамандар Ресейде оқытылады.

Өткен аптада Ресей мен Қазақстан президенті арасында ресейлік жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

t.me/aibat_news
44 viewsedited  09:07
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 11:10:50
«АЭС САЛУДЫ ҚАЗІРДЕН БАСТАУЫМЫЗ КЕРЕК»: ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС салуды қазірден бастауымыз керек дейді. Айтуынша, бұл үшін елімізде барлық жағдай жасалған.

Қазақстан табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр.

«Электр энергиясының алдағы тапшылығын, әлемдік экологиялық күн тәртібіне байланысты көмір генерациясына тәуелділікті төмендету қажеттілігін, өндірістік қуаттардың тозуын, сондай-ақ Қазақстанның атом энергетикасын дамытудағы зор әлеуетін ескере отырып, елімізде АЭС салу неғұрлым перспективті шешім болып көрінеді», - деді Болат Ақшолақов.

Сондай-ақ АЭС салу бойынша референдум өткізу қажет екенін мәлімдеді. Алайда қашанға жоспарланатыны әлі белгісіз.

t.me/aibat_news
76 viewsedited  08:10
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 09:45:50
Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау вице-министрі —Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып тағайындалды

Ол 2020 жылғы қазаннан қазіргі уақытқа дейін Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

t.me/aibat_news
351 viewsedited  06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 09:29:18
Еңбек министрлігі зейнет жасына жақындаған адамдарға жұмыс тауып береді

Бұл үшін «Күміс жас» арнайы жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Зейнет жасына жақындаған адамдардың жалақысы бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, қазіргі таңда ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық акті әзірленуде.

t.me/aibat_news
103 viewsedited  06:29
Ашу / Түсініктеме