Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ әдебиеті

Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті Қ
Telegram арнасының логотипі adebiett — Қазақ әдебиеті
Арна мекенжайы: @adebiett
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.67K
Арнадан сипаттама

Қазақ әдебиеті

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-05-23 17:44:00 ​​Сездіріп алда
Сын сағат жақын қалғанын,
Жас түлектерім,
«Мұндалап» шақырды арманың...
Толқытады да сендерді,
Қуандырады да,
Өмір жолына
Жолдама ап отырғандарың.

Әкетер алып
Күні ертең өмір ағымы,
Жол азабының
Байқалмай жеңіл-ауыры,
Аттанарсыңдар
Жол тартып сан тараптарға
Сағындырар да
Сүйкімді қоңырау үні...

Кеуделеріңді кернейді
Қуаныш керім,
Бойларыңдағы
Бұлқиды бұла күштерің.
Өздерің сынды
Жалынды жас түлектерге,
Білесіңдер ме,
Бұл күнде сұраныс көбін?

Отан-Ананың
Үн қосып шақырғанына,
Мерейлі еңбекті
Тартыңдар жақын жаныңа.
Тас бауыры иіп
Қара жер ризығын берер,
«Темір тұлпарын»
Ерттеген батырларына.

Тіршілік – күрес.
Сақтаңдар мұны естеріңде.
Шыңдаларсыңдар
Ширығып күресте мүлде...
Абыройлы еңбек,
Болашақ,
Асқақ арман да,
Барлығы бүгін –
Сендердің үлестеріңде.

Көңілдеріңнің
Бұлт шалмай зеңгір аспанын,
Кеңістіктерге
Жайылып кең құлаштарың,
Арман-асудан асқанда
Биікке самғап,
Қос қанаттарың талмасын,
Қарлығаштарым!

Жылжиды күндер,
Ғасырға ұласар жылдар,
Бұл сәтті, білем,
Қиялдап жиі аңсадыңдар.
Қарлығаштарым,
Ауылдан алыстап кетпей,
Туған жер мұнарасына
Ұя салыңдар!

// Қатира Жәленова - Жас түлектерге
181 views14:44
Ашу / Түсініктеме
2022-05-22 17:39:00 Нағыз достар тіршілікте табылар,
Тірлігіне қарай атақ тағылар.
Туғаныңнан артық болып кететін,
Адал досты тапқан жанның бағы бар.

// Тоқсейіт Өтебаев
198 views14:39
Ашу / Түсініктеме
2022-05-21 17:36:00
Әйел күлсе ұғамын,
Жарқылдап жүр деп аналар.
Жамылмай ажал тұманын
Есен-сау жүр деп ағалар.
Құлпырып тұр деп гүл шығып,
Сабағынан үзілмей.
Әсемдеп мынау тіршілік
Әйелдің күлген жүзіндей.

// Әбіш Кекілбайұлы
360 views14:36
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 17:20:00
Кірді ғой түстен кейін тентек ақылы,
Сертімнің бұл өмірлік ең ақыры:
«Адам — құл өзін жеңіп ұстамаған»
Деген бір Сократтың бар нақылы.

Тұрмысты үмітім көп жеңем деген,
Жігермен жеңуіме сенем деген.
Ырқыма менің жүрер қай дүние,
Көнбесе өз ырқыма өзім денем?

Әрине, шыдар-ақпын өлуге мен,
Баспасын жаман жолға көнуге мен.
Ақтармын оқып-жетіп адам атын,
Басқаға жоқ ықылас бөлуге мен.

Менде жоқ қажу деген, ашу деген,
Тарығып болымсызға жасу деген.
Ісіне құрт-құмырсқа ілтипатсыз
Ойымда тек сол белден асу деген.

Шындықтың аулын іздеп түстім жолға,
Разымын не көрсем де осы жолда.
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ, бір табармын деп көңілім сонда.

Достарым, оған шейін асықпаңдар,
Алдында әлі ататын жарық таң бар,
Тез уақыт жердің жүзі бір түрге енер,
Түбінде, замандастар, осымды аңғар.

// Сұлтанмахмұт Торайғыров - Ендігі беталыс (1914 жыл)
432 views14:20
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 17:42:00 Өтетін сырт айналып мұнар белді,
Соқпақты дала жолы бұраң еді.
Жүйіткіген машинаның алдын орап
Бір қасқыр қыр астынан шыға келді.

Мәз болды мұны көріп шеткі жігіт,
Қызынып денесіне от жүгіріп,
Жолшылар қиқуласып машинамен
Жолсызбен сол қасқырды кетті қуып.

Білдірмей қуғыншыға ешбір елең
Құбылып қылау жоны кешкі желмен,
Барады, енді қайтсін, бұл өңірде
Қасқыр соққан жүйрікті естімеген.

Жігіттер қару етіп шыбық, талды
Жолдан шығып кеткенді ұмытқан-ды.
Бір сайдың жағасында орға түсіп,
Машина от алмастан тұрып қалды.

Кеш түсті әуреленіп жүргенінде
Табарға қандай амал білмеді де.
Жаңағы қасқыр қуған кереметтер
Жаяулап кетті тартып үйлеріне.

Келер күн бейхабардай ештеңеден
Көмекке машина алып түсте келген.
Жігіттер сол қасқырдың ізін көрді,
Кузовты әр жерінен тістелеген.

Қуғанын ізге түсіп кектеді ме,
Жоқ өзі тағдырына өкпелі ме -
Жігіттер қарап тұрды қайран қалып,
Кеміріп қарағайды кеткеніне.

Гүрілге тыныштығын бұзған мына,
Кім білсін кектенді ме, сызданды ма,
Қорыған шығар, мүмкін, бөлтірігін
Жоқ әлде кең даласын қызғанды ма?..

// Ақұштап Бақтыгереева - Қасқыр
168 views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 07:01:38 Баба салтын бағалау да – бір Ерлік!
Жөнің бар ма жатқа қарап күлерлік.
Отыз жылда ойыншықтай ойрандап,
Ата Заңды – атала қып жібердік.

Зеңгіткенде зауал толы заманың,
Тартқылаумен тарих томның парағын,
Ата Заңды шұлғау етіп болдық қой,
Шимай толы дәптеріндей баланың.

Қорғансыз ел күн кеше ме қорланбай,
Заңға сенбес халқымыз бар сормаңдай.
Әркім келіп кішіп кете берсе егер,
Ата Заңда не қасиет қалғандай?

Заң шығару, Заңды өзгерту – ол дағы,
Төрде отырған төрелердің толғағы.
Тәуелсіздік таңы атса да Тілімнің
мәртебесі айқындалып болмады.

Заңды өзгерту – амал болды сасқанда,
Өзгерттің бе – шындап түзет, жасқанба!
Мықты болсаң, отыз жылда жер болған,
Қазақ тілін көтеріп бер аспанға!

// Темірғали Көпбай - Ата заң. Референдум
122 views04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 17:42:00 Әлі есімде,
Он бес шақты үй тұрақты,
Тұратынбыз орталықтан жырақта.
Бар болатын бір мұғалім,
Бір мектеп,
Оның өзі бастауыш-тын бірақ та.

Қашан,
Қашан ер жетеді екенбіз,
Деуші ек қашан орталыққа жетерміз.
Төртіншіні аяқтадық ақыры
Басқарманың баласымен екеуміз.

Орталық пен аулымыздың арасы
Алты-жеті шақырымдай шамасы.
...Күзде атына мінгестіріп басқарма
Орталыққа алып кетті баласын.

Енді оқытпай қалдыруға арланып,
Мені де анам орталыққа барды алып,
Басқарманың баласы мен екеуміз
Басқа жерде бесіншіні жалғадық.

Күн қысқарды,
Белгісі кеп күздің де,
Қолымыздан кетті еркелік –
Тізгін де.
Содан бастап интернатта –
Жырақта
Тұрып жаттық,
Тұрып жаттық біз бірге.

Есімде әлі,
(Ұмытпаппын көбісін)
Жақсы оқыдым,
(Болар мүмкін жеңісім)
Ештеңе емес интернат та,оқу да,
Демалыс күн қиын болды мен үшін.

Үйрене алмай, ауыл жаққа алақтап,
Жүрдік біздер,өтті солай әр апта.
Түстен кейін оқитынбыз,
Сондықтан
кейде кештеу бітетұғын сабақ та.

Сабақтан соң бәрі де үйіне тарасып
Кететұғын,
қалай жалғыз қаласың.
Басқарма да атпен келіп кешірек
Алып кетіп жүрді жалғыз баласын.

Атты аяй ма,мейірімсіз бе өзі әлде,
Айтқан емес бір жақсылық сөз емге.
Мен де бірге қайтайыншы демеймін.
«Жүр» демесін,
Үндемесін сезем де.

«Сен үйіңе қайтатын ба ең, қалай» деп,
Сұрамайтын, жүрсе-дағы талай кеп.
Жөнелетін мінгестіріп баласын
«Бір жерлерге соғатын ем жолай» деп.

«Асығыс не,қайтасың ғой ертең-ақ».
Дейтін кейде көңілімді орталап,
Түк айта алмай,қалатынмын мұңайып
Үйге деген сағынышымды арқалап.

Алып кетер адам да жоқ,
Ат та жоқ.
Анама емес,тағдырыма өкпелеп,
Күн батарда,ауыл жақты бетке алып,
Қорқынышпен шығатынмын жекпе-жек.

Жол шетінде ауыл жаққа баратын,
Безерген бір бейіттер бар болатын.
Орталықтан сол араға жетпей-ақ
Дүниені тұмшалайтын қара түн.
Жалаң аяқ, «Қолыма алып» өкпені
Жүгіруші ем,ауылға тез жеткелі.
Хал-жайымды мүмкін емес түсіну
Сол бейітке жақын келген сәттегі.

Бейіт жақтан естілгендей үрейлі үн,
Бар ойымды бір сұмдыққа тіреймін.
«Жаратқанға» жалбарынып ішімнен,
«Жаратқаннан» іштей көмек тілеймін.

Қорықсам да,жалғыздығымды ескеріп,
Үн шығармай жанарымда жас толы,
Әр бұтаға қарайтынмын қалтырап,
Қарсы шыға келетіндей аш бөрі.

Қаптайды үрей,жарылардай жүрегім,
Екі аяғым –сенерім де,тірегім.
Қараңғыдан
Қорқыныштан қашумен,
Қараңғыға –
Қорқынышқа кіремін.

Болмаса да соншалықты жол қашық
Зорға жетем,
Үрей қуып,
Мен қашып.
Осылайша осы жағдай ай сайын,
Апта сайын өте берді жалғасып.

Одан соң да өтті талай жыл ағып,
Сол бір күндер көз алдымда тұр анық...
Өкпем өшіп мен жеткенде
Басқарма
Жүруші еді атын жемдеп, суарып...

Жақсылықты үйренгім кеп,көргім кеп,
(Баламын ғой)үлкендерге сендім көп.
Ал басқарма әзілдейтін:
«Ой, өзің, батырсың ғой,
қалай қорықпай келдің» деп.

Бала көңіл,
Ой сеңдерім бұзылып,
Қиялымда арғымақтар тізіліп,
Басқарманың өзіне емес
Атына
қарайтынмын,
Қарайтынмын қызығып.

// Ибрагим Иса - Балалық шақ туралы баллада
279 views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 17:42:00 Қиын да емес, оңай да емес үй болу,
Үй болу – үйге қамқорлық жасап үйрену.
Қабағын бағу, көңілін табу жарыңның,
Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру.

Қашанда жарға керегі жылы назарың,
Жалғызсыратпа, тартқызба күту азабын.
"Мен сүйтіп едім, сен неге бүйтпей жүрсің?" –деп,
Орнатпау керек сауданың үйге базарын.

Аяйық жарды, біреуді егер аясақ.
Үйге де керек ішкі де сыртқы саясат,
Үйде де болар әскери қатаң құпия,
Жүрмеңдер әсте ішкіні сыртқа жая сап.

Асығыстықтан, ашудан абзал безінген,
Дос болу керек қашанда сабыр-төзіммен.
Жар деген өзің, өзім деп тапқан жалғызың,
Кешірімді бол, келіспей жүрме өзіңнен.

Киелі зат жоқ жарыңның махаббатынан,
Екеуіңді де аялауға оны шақырам.
Көсегелерің көгерсін деген тілекті
Айтамын барлық үлкен үйлердің атынан.

// Оразақын Асқар - Екеуіңе

@adebiett
335 views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 18:14:20 Жақсысы атылған заман,
Жаманы сатылған заман.
Еркегi қатыннан жаман,
Қатыны шатылған заман.

Iбiлiс ылыққан заман,
Бүлiнген, былыққан заман.
Құлқыны құныққан заман,
Құдайын ұмытқан заман!

Байлыққа бас ұрған заман,
Әптiңдi қашырған заман.
Араны ашылған заман,
Адамы ашынған заман!

Талабын тасқа ұрған заман,
Қамалын қапсырған заман.
Арамды ас қылған заман,
Адалды лас қылған заман.

Талағы тасырдан жаман,
Тарыдай шашылған заман.
Айласын асырған заман.
Абыройы ашылған заман.

Ұлдары ұрынған заман,
Қыздары қыдырған заман.
Түлкiдей құбылған заман,
Түгелдей жын ұрған заман...

// Исраил Сапарбай - Заман

@adebiett
283 viewsedited  15:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 17:20:00 ​​Саған жақсы жар болуға тырыстым,
Түсінгейсің қиындығын бұл істің,
Азаматым деп аялап өзіңді,
Қасиетін қастерледім Шығыстың.

Сөз келмесін деумен сенің атыңа,
Кермек кезді жүрдім жұрттан жасыра,
Жаутаңдадым, қабағыңа қараумен,
Тəн болса да өрлік менің затыма.

Аласардым, сен биік боп жүрсін деп,
Жарқылдадым, сен көбірек күлсін деп,
Бəйек болып мазасыздау туысқа,
Бір сен үшін айтқан жоқпын «кімсің» деп.

Мінезіңнің кесектерін қалаумен,
Əр ісіңді жақсылыққа балаумен,
Сетінеген жерің болса жүремін,
Дос-дұшпанға білдірместен жамаумен.

// Жадыра Дәрібаева - Жар сыры

@adebiett
390 views14:20
Ашу / Түсініктеме