Get Mystery Box with random crypto!

Абылай Кенжалы

Арна мекенжайы: @abylaikenzhaly
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 36.38K
Арнадан сипаттама

Талқы, ойлар, шолу, аударма

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2024-04-21 10:00:10 «Алла Елшісі ﷺ не нәрседен сақтанған болса, сендер де сол нәрседен сақтанып, Аллаға дұға етіңдер.

Расында, пайғамбарымыз ﷺ – сараңдықтан, жалқаулықтан, әлсіздіктен, қабір азабынан және Дәджәлдің бүлігінен сақтанған еді».

имам ибн әл-Жәузи

[Бустән әл-уәғизин ]

Жалқаулық пен әлсіздіктен қалай құтылсам болады деп түрлі тәсілдер іздейміз. Бірақ ең бірінші жасалуы қажет болған дұғаны ұмытып кетіп жатамыз…
12.7K views07:00
Ашу / Түсініктеме
2024-04-20 16:11:05 1. Уақыттың 5% проблеманы ойлауға, қалған 95% сол проблеманы шешуге жұмсалу қажет.

2. Өмірім қызықсыз болып кетті деп айтпа. Бәлки сен қызықсыз болып кеттің. Мақсаттарың да, армандарың да өзіңе қызықсыз болып кетті.

3. Ақталу(сылтау) – бүгінгі күнді жеңіл етеді. Бірақ, ертеңгі күнді ауыр қылады.

Дисциплина – бүгінгі күнді қиын етеді. Бірақ ертеңгі күндерді әлдеқайда жеңіл қылады.

#архив
13.0K views13:11
Ашу / Түсініктеме
2024-04-20 14:35:59 Тіпті кіші күнәлардың өзін азсынушы болма. Бәлкім, дәл қазір сенің басыңнан өтіп жатқан қиындықтар, сол бір кіші күнәлардың себебінен шығар…

Имам әл-Ғазали
12.7K views11:35
Ашу / Түсініктеме
2024-04-19 12:44:20 Жерде жүргенде де ұшақтағы кездегідей Аллаға шынайы тәуекел етсек, әлдеқашан әлемді жаулайтын едік)
12.6K views09:44
Ашу / Түсініктеме
2024-04-18 20:58:40 Қаншама жылдар бойы түрлі өлкелердегі түрлі парасатты ізгі тұлғаларды көру нәсіп болды.

Барлығын көре отыра түсінгенім:

* Кімнің амалы аз болса, басқаларды сынауы көбейеді.

* Кімнің амалы көп болса, басқаларды сынауы азаяды.

Уәил Ханбәли (хафизаһулла)
12.9K views17:58
Ашу / Түсініктеме
2024-04-18 16:03:35 Далаға шығып: “Ауа райы бүгін неткен керемет!” деп айтудың өзі ризығыңды арттырады.

Алланың саған өлшеп бергеніне разы бол
12.6K views13:03
Ашу / Түсініктеме
2024-04-17 18:17:56 Проблемалар кезінде Алла елшісінің ‎ﷺ әрекеті қандай болды?

Хузәйфә ибн әл-Иәмән (Алла оған разы болсын) былай дейді:

“Пайғамбарымызды ‎ﷺ бір іс қапаландырып, әлекке салса, ең алдымен намазға қарай асыға бет бұратын”.

(Әбу Дәуд)

[РИЗЫҚ КІЛТТЕРІ ]
12.7K viewsedited  15:17
Ашу / Түсініктеме
2024-04-17 18:11:21 Көптеген бауырлар “қарызға кіріп кеттім, отбасымда осындай проблемалар болып кетті” тағысын тағы проблемаларын айтып келеді.

Себебін анықтап қарасаң, сол жағдайлар орын алудан 1-2 ай бұрын намаздарына селқос қараған болып шығады. Проблемалар басталған кезде мүлде намаздарын тастап кеткен.

Құрметті бауырым, намазды қоя тұрып, проблеманы ешқашан шеше алмайсың. Намазыңа бекем бол, сол кезде барып проблемаларыңды шешіле бастайды.

«Намазыңа бекем болсаң, ризық күтпеген жерден келе береді».

[Тәфсир ибн Кәсир ]

#намаз
12.8K views15:11
Ашу / Түсініктеме
2024-04-16 13:06:26 «Кімде-кім қиыншылық кезде дұғасы қабыл болуын қаласа – кеңшілік кездерінде Аллаға көп дұға етсін!»

[сунән Әт-Тирмизи ]
12.8K views10:06
Ашу / Түсініктеме
2024-04-16 12:00:35 «Яқин дегеніміз – сен сұраған нәрсені айналаңдағы себептер әлемі мүмкін емес деп дәлелдесе де, сен сонда да оның мүмкін екендігіне кәміл иланып Аллаға шынайы дұға қылуың».

Мағсарауи
12.6K views09:00
Ашу / Түсініктеме