Get Mystery Box with random crypto!

سبحان الله وبحمده Таңғы уақыттағы ең абзал амал туралы көп із | Абылай Кенжалы

سبحان الله وبحمده

Таңғы уақыттағы ең абзал амал туралы көп іздестірдім.

Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша таңғы уақыттың ең абзал амалы:

«Субханаллаһи уә бихамдиһи» (Барлық кемшіліктен пәк – Алла. Оған барлық мақтау-мадақтау болсын) зікірін 100 мәрте айту.

Бұл зікірдің абзалдығы жайлы көптеген хадистер бар.

Кімде-кім осы зікірді 100 мәрте айтса, оның күнәлары теңіздің көбігіндей болса да кешіріледі. Басқа хадистерде кім осы зікірді тіпті бір мәрте айтса, оған жәннатта құрма ағашы отырғызылады делінді. Ал сахих Муслимде жеткен хадисте тіпті мүмін қиямет күні бұл зікірден артық мақтаулы амалды алып келе алмайтындығы айтылған.

Таңертең және кешке 100 мәртеден айтқан абзал.