Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті ата-аналар, кері байланыс үшін рақмет! Екі күн бұрын | SULTANKYZY

Құрметті ата-аналар, кері байланыс үшін рақмет!
Екі күн бұрын стористе стоматологиялық орталықпен бірге, бір баланың тісін емдеп беруге ниетті екенімізді айтқанмын. Телграммға келген хаттардың ішінен Ләззат ханымның жағдайын оқып, 6 жасар қызы Камиланы бірден шақырдық.
Тістерін тексеріп, рентгенге түсіріп, аллергиялық сынама жасап, Камиланың тістерін диагностикадан өткізді. Енді ары қарай толығымен емдеу жоспарланып отыр.
Алдағы уақытта осындай кез келген пайдалы әрі ізгі істер туралы хабарландыруларды осы жерге жазып отырамын.

Бірге болғандарыңыз үшін рақмет