Get Mystery Box with random crypto!

БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

Telegram арнасының логотипі profsoyuzobrazovaniya — БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ Б
Telegram арнасының логотипі profsoyuzobrazovaniya — БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ
Арна мекенжайы: @profsoyuzobrazovaniya
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.73K

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 55

2021-06-26 14:06:58 ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

"Халықтың көзі, құлағы һәм тілі" болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Сіздердің тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, еліміздің білім және ғылым саласындағы жаңалықтарын жариялауға, педагог мүддесі мен мәртебесіне қатысты түйткілді мәселелерді көтеруге қосып келе жатқан зор үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Қоғамға қажетті тақырыптарға қалам тербеп, ел игілігі үшін талмай еңбек ете беріңіздер.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Жазарларыңыз таусылмасын, жақсылықтың хабаршысы болып, халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін!

Құрметпен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева
216 views11:06
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 17:08:43
233 views14:08
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 17:08:36 28 маусым Қазақстанда БАҚ қызметкерлері күні атап өтіледі. Кәсіби мереке қарсаңында Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева БАҚ өкілдерін құттықтап, Салалық кәсіподақтың Алғыс хаттары мен сый-сияпаттарын табыстады.

Марапатталушылардың қатарында Салалық кәсіподақтың ақпараттық серіктестері республикалық "Білімді ел – образованная страна" , "Қазақстан кәсіподағы" газетінің, сондай-ақ бірқатар республикалық телеарна мен редакциялардың ұжымдары бар.

---------------

28 июня в Казахстане отмечают день работников СМИ. В преддверии профессионального праздника, председатель Отраслевого профсоюза А. Мукашева поздравила представителей СМИ и вручила Благодарственные письма и подарки Отраслевого профсоюза.

В числе награжденных информационные партнеры Отраслевого профсоюза – коллективы республиканской газеты "Білімді ел-Образованная страна" , "Қазақстан кәсіподағы", а также ряд республиканских телеканалов и редакций.
244 views14:08
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 07:27:37
217 views04:27
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 07:27:28
220 views04:27
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 07:26:17 ҰЛЫ АБАЙ ЕЛІНЕ ТАҒЗЫМ

Салалық кәсіподақ көшбасшыларының Семей жеріне сапары 23 маусым күні өңірдегі бірқатар киелі орындарға тәу етумен жалғасты. Таңертең делегация Абай ауданына аттанды. «Күшікбай бұлағының» киелі суынан дәм татып , Бөрлі ауылындағы «Мұхтар Әуезовтың мұражай үйін» тамашалады. Ұлы Абайдың кіндік қаны тамған жер Сырт Қасқабұлаққа соғып, Еңлік-Кебек ескерткішіне тағзым етті. Жидебайдағы Абайдың мұражай үйінде болып, Абай-Шәкәрім кесенесіне барып, арнайы құран бағыштады.

Түстен соң Абай ауданына келген делегацияны аудан орталығындағы Абай ескерткішінің жанында аудан әкімі Н.Әбдікәрімов күтіп алды. Нұржан Оразбекұлы әлеуметтік әріптестік аясында өңірде кәсіподақ тарапынан айтулы жұмыстар жүргізіліп жатқанын ерекше атап өтіп, Абай ауданының тыныс-тіршілігі туралы аз-кем мәлімет берді. Өз кезегінде Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева әкімді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтап, еңбегіне табыс тіледі.

Бұдан соң Абай ауданында орналасқан Абай мектеп-лицейінде ұстаздармен кездесу болды. А.Мұқашева кәсіподақ мүшелерін Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпараттармен таныстырды. Кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосып, қоғамдық өмірге белсенді араласқаны үшін мектеп директоры Р.Тілеухановты «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Ұстаздар Г.Ғалиева, М.Смагұлова, Қ.Құликеновке Салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталары табыс етілді.

Кездесуде сөз алған Абай ауданы білім бөлімінің басшысы Б.Сықақова, мектеп директоры Р.Тілеуханов кәсіподақпен тығыз әріптестік орнатудың арқасында жүзеге асырылып жатқан игі жұмыстар туралы айтты. Мектеп-лицейдегі керемет кездесуде оқушылар ән мен жырдан шашу шашты.

Киелі мекенге сапар талай тарихи әңгімелерге арқау болған «Қоңыр әулие үңгіріне» тәу етумен аяқталды. Ұлылар мәңгілік тыныс тапқан мекенге табаны тиген әріптестер қасиетті орындардан алған әсерлерімен бөлісті.

- Ұлы тұлғаларымыздың ізі қалған киелі мекенге алғаш рет келіп тұрмын. Көне ғасырлар көшінен сыр шертетін тарихи-мәдени ескерткіштерден алған әсерім ерекше. Осынау шараны ұйымдастырған Салалық кәсіподаққа, Семей аумақтық ұйымына алғысым шексіз. Қасиетті Семейдегі сапарымыз мәңгі жүрегімізде сақталады,- деді "Нұр-Сұлтан қаласының "Әділет" білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағы" ҚБ өкілі Балсұлу Наурызбаева.

- Баршамызға белгілі, 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халқымыздың ұлы перзенті Абайдың мерейтойы той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілуі тиіс деген еді. Мемлекет басшысының саясатына сәйкес, Салалық кәсіподақ тарапынан өткен жылы Абайдың мерейтойына орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның аясында баба рухына тағзым етіп, қасиетті мекенге келуді біз былтыр жоспарлағанбыз. Өкінішке орай, пандемия салдарынан бұл жоспарымыз орындалмады. Осыған байланысты Салалық кәсіподақтың Атқару комитетінің кезекті отырысын Семей топырағында өткізіп, туған өлке тарихына тағзым етуге арнайы келіп отырмыз. Еліміздің еңсесі биік болуы үшін өткенімізді түгендеп, ұлтымыздың шежірелі жолын танып-білу, ұлы тұлғаларымызды ұлықтау – бүгінгі ұрпаққа міндет. Біз бұл бағытта игі жұмыстарды жүргізуді басқа өңірлерде де жалғастырамыз – деп түйіндеді Салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашева Семей өңіріне сапарының мақсат-міндетін.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
1.0K views04:26
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 05:11:54
109 views02:11
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 05:11:43 [Текст на русском языке ниже ]

АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 22 маусым күні Семей қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Жиынды Салалық кәсіподақ басшысы А.Мұқашева ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде бірнеше өзекті мәселе қаралды:

- «Ақмола облыстық кәсіподақ ұйымының қызметкерлерді құқықтық қорғау, еңбек заңнамасын қадағалауды қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы» облыстық ұйымының төрағасы Б.Әбдірахманов баяндама жасады.

- «Батыс-Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының кәсіподақ органдары мен ұйымдарында әлеуметтік әріптестікті дамыту, келісімдер мен ұжымдық шарттарды орындау барысына мониторингті жүзеге асыру тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы» облыстық ұйымның төрағасы М.Даупаев ақпарат берді.

- «Солтүстік-Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының қызметкерлерді құқықтық қорғау, еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы» ұйымы төрағасының орынбасары Т.Смолина айтып берді.

Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы туралыСалалық кәсіподақ төрайымының төрайымы Ә.Әбиева жеткізді.

Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В.Беженаров «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелік ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы сақтауды қадағалауды жүргізу туралы нұсқаулыққа» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпарат берді.

Күн тәртібінде қаралған барлық мәселе бойынша тиісті Қаулылар қабылданды.
Атқару комитеті отырысының негізгі құжаттары жақын уақытта Салалық кәсіподақтың сайтына орналастырылатын болады.

-----------------------------

НА ЗАСЕДАНИИ ИСПОЛКОМА ОБСУЖДЕНЫ АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ

22 июня т.г. в городе Семей состоялось очередное заседание Исполкома Казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки. Заседание открыла и вела председатель Отраслевого профсоюза Мукашева А.

На повестке дня было рассмотрен ряд актуальных вопросов:

-«О работе Акмолинской областной организации профсоюза по повышению эффективности правовой защиты работников, общественного контроля за исполнением трудового законодательства».
С докладом выступил председатель областной организации Абдрахманов Б..

- «О работе Западно-Казахстанской областной организации профсоюза по развитию социального партнерства, повышению эффективности осуществления мониторинга за ходом выполнения соглашении и коллективных договоров в профсоюзных органах и организациях проинформировал председатель областной организации Даупаев М.

- «О работе Северо-Казахстанской областной организации профсоюза по повышению эффективности правовой защиты работников, общественного контроля за исполнением трудового законодательства» выступила заместитель председателя Смолина Т.

- Об итогах социального опроса по вопросам реализации Закона РК «О статусе педагога» доложила заместитель председателя Профсоюза Абиева А.

- «О внесении изменений и дополнений в Инструкцию о проведении контроля за соблюдением законодательства о безопасности и охране труда в организациях сферы образования и науки» проинформировал заместитель председателя Беженаров Б.

По всем рассмотренным на повестке дня вопросам, приняты соответствующие постановления.
Основные документы заседания Исполкома будут размещены на сайте Отраслевого профсоюза в ближайшее время.
112 views02:11
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 05:05:54
104 views02:05
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 05:05:44
103 views02:05
Ашу / Түсініктеме