Get Mystery Box with random crypto!

БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

Telegram арнасының логотипі profsoyuzobrazovaniya — БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ Б
Telegram арнасының логотипі profsoyuzobrazovaniya — БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ
Арна мекенжайы: @profsoyuzobrazovaniya
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.73K

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 54

2021-07-01 13:21:14 МОЛОДЫХ ПЕДАГОГОВ В КАЗАХСТАНЕ ПЛАНИРУЕТСЯ ПРИНИМАТЬ НА РАБОТУ ПОСЛЕ СДАЧИ НКТ

Молодых педагогов-выпускников вузов планируется принимать на работу после сдачи Национального квалификационного тестирования. Новшество направлено на усиление качества подготовки педагогических кадров. Квалификационное тестирование позволит определить уровень предметных знаний и владения методикой преподавания учебного предмета.

«Мы внедряем это для того, чтобы наших детей обучали те педагоги, знания которых будут обеспечивать качество образования. Выпускники вузов текущего учебного года и педагоги, не работавшие в школе до этого времени, должны будут сдать Национальное квалификационное тестирование. На работу планируется принимать тех, кто наберет необходимый балл по итогам сдачи НКТ. После демонстрации необходимых знаний при прохождении тестирования выпускники смогут проявить профессиональные навыки уже в стенах школ. Речь идет только о начинающих педагогах, требование не распространяется на тех, кто уже работает», – сообщила председатель Комитета дошкольного и среднего образования МОН РК Майра Мелдебекова.

Казахстанским вузам было поручено провести информационно-разъяснительную работу о целесообразности и необходимости нововведения среди студентов выпускных курсов. Cдача НКТ уже стартовала. Для сдачи необходима предварительная регистрация на сайте Национального центра тестирования.

Напомним, что с 2020 года были ужесточены требования к желающим поступить в вузы на педагогические специальности. Если раньше пороговый балл ЕНТ для будущих педагогов составлял 50, то теперь он повышен до 75 баллов. Увеличен и размер стипендии с 26 до 42 тысяч тенге. Отметим, что с сентября этого года размер стипендии всех студентов страны будет увеличен на 20%.

Министерство образования и науки РК
134 views10:21
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 13:20:30
113 views10:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 13:20:21 ҚАЗАҚСТАНДА ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІК ТЕСТІЛЕУІН ТАПСЫРҒАННАН КЕЙІН ҒАНА ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Жоғары оқу орындарының жас педагог-түлектерін Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырғаннан кейін ғана жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр. Бұл жаңашылдық кадр сапасын арттыруға бағытталған. Біліктілік тестілеуі түлектердің пән бойынша білімі мен оқыту әдістемесінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

«Мұндай жаңашылдық білікті педагогтар балаларымызға сапалы білім берулері үшін енгізіліп отыр. Биыл оқуын тәмамдаған жоғары оқу орындарының түлектері мен осы уақытқа дейін мектепте жұмыс істемеген педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруы тиіс. Тестілеуді тапсырып, қажетті балл жинаған түлектерді ғана жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр. Ұлттық біліктілік тестілеуінде біліктілігін дәлелдегеннен кейін түлектер өз кәсіби дағдыларын мектеп қабырғасында көрсете алады. Бұл жаңашылдық оқуын аяқтап, педагог болып жұмыс істеуге ниет білдірген тұлғаларға ғана қатысты. Яғни, жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге бұл талаптар қойылмайды», – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Қазақстандық жоғары оқу орындарына жаңашылдықтың орындылығы мен қажеттілігі туралы түлектер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Ұлттық біліктілік тестілеуі басталды. Тестілеуді тапсыру үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында алдын ала тіркелу қажет.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап жоғары оқу орындарына педагогикалық мамандықтар бойынша түсуге ниет білдірген түлектерге қойылатын талаптар күшейтілді. Егер бұрын ҰБТ-да болашақ педагогтар үшін шекті балл 50 болса, енді шекті балл 75-ке дейін көтерілді. Шәкіртақы көлемі де 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздегі барлық студенттің шәкіртақысы 20%-ға өсетінін айта кеткен жөн.

ҚР Білім және ғылым министрлігі
126 views10:20
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 09:02:25
1.2K views06:02
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 09:02:11 Таким образом, так как первый день Курбан айта не является ни государственным, ни национальным праздником, а признается просто выходным днем, и если этот день выпадает на период отпуска, то отпуск не переносится или не продлевается на один день.
2.4K viewsedited  06:02
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 09:02:11 КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ:
------------------------------------------------

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ОДАҒЫНА ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ КЕЗЕҢІНЕ КЕЛЕТІН ҚҰРБАН АЙТТЫҢ БІРІНШІ КҮНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨПТЕГЕН СҰРАҚТАР КЕЛІП ТҮСУДЕ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ:

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 84-бабының 5 – тармағына сәйкес мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар-православиелік Рождество қолданылатын жұмыс режимдеріне және ауысымдық кестелерге қарамастан, демалыс күндері болып табылады.

Кодекстің 90-бабының 1-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылатын жұмыс режимдері мен ауысымдық кестелерге қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 заңының 2, 3 және 5-баптары негізінде Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16 желтоқсандағы Тәуелсіздік күні болып табылады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер келесі күндері атап өтілетін мерекелер болып табылады:

Жаңа жыл-1-2 қаңтар;
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз -Наурыз мейрамы;
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні;
9 мамыр - Жеңіс күні;
6 шілде - Астана күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні;
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мереке күндері деп танылады. Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Бұл ретте, демалыс және мереке күндері сәйкес келген кезде мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.

Осылайша, Құрбан айттың бірінші күні мемлекеттік мереке де, ұлттық мереке де емес, демалыс күні деп танылады және егер бұл күн демалыс кезеңіне түссе, онда демалыс бір күнге ауыстырылмайды немесе ұзартылмайды.

-------------------------------------------------------

ПРОФСОЮЗ РАЗЪЯСНЯЕТ:

-------------------------------------------------------

В КАЗАХСТАНСКИЙ ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СОЮЗ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ПОСТУПАЮТ МНОГОЧИСЛЕННЫЕ ВОПРОСЫ СВЯЗАННЫЕ С ПЕРВЫМ ДНЕМ КУРБАН АЙТА, ПРИХОДЯЩЕГОСЯ НА ПЕРИОД ОПЛАЧИВАЕМОГО ТРУДОВОГО ОТПУСКА. В СВЯЗИ С ЭТИМ ПРОФСОЮЗ РАЗЪЯСНЯЕТ СЛЕДУЮЩЕЕ:

В соответствии с п.5 ст. 84 Трудового кодекса РК (далее - Кодекс) первый день Курбан айта, отмечаемого по мусульманскому календарю, 7 января – православное Рождество являются выходными днями независимо от применяемых режимов работы и графиков сменности.

Согласно п. 1 ст. 90 Кодекса, продолжительность оплачиваемых ежегодных трудовых отпусков исчисляется в календарных днях без учета праздничных дней, приходящихся на дни трудового отпуска, независимо от применяемых режимов и графиков работы.

На основании ст. 2, 3 и 5 закона РК от 13 декабря 2001 года № 267 «О праздниках в Республике Казахстан» национальным праздником в Республике Казахстан является День Независимости 16 декабря, отмечаемый 16-17 декабря. Государственными праздниками в Республике Казахстан являются праздники, отмечаемые в следующие дни:

Новый год - 1-2 января;
Международный женский день - 8 марта;
Наурыз мейрамы - 21 - 23 марта;
Праздник единства народа Казахстана - 1 мая;
День защитника Отечества - 7 мая;
День Победы - 9 мая;
День Столицы - 6 июля;
День Конституции Республики Казахстан - 30 августа;
День Первого Президента Республики Казахстан - 1 декабря.

Дни, в которые отмечаются национальные и государственные праздники в Республике Казахстан, признаются праздничными днями в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Праздничные дни в Республике Казахстан являются нерабочими днями. При этом, при совпадении выходного и праздничного дней выходным днем является следующий после праздничного рабочий день.
2.5K viewsedited  06:02
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 14:46:17
223 views11:46
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 14:46:17
222 views11:46
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 14:45:51 [Текст на русском языке ниже ]

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚОЛДАДЫ

Бүгін, 28 маусымда, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында «Заманауи білім» атты журналистер арасындағы шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл, Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойына орай өткізілді. Конкурсқа 40-тан астам материал қабылданып, 39-ы әділ қазылар алқасының қарауына өткен.

Конкурстық комиссияның шешімімен газеттер мен журналдардағы үздік мақала, интернет басылымдағы үздік жарияланым, үздік радиоматериал, үздік телевизиялық материал номинациялары бойынша 12 жеңімпаз анықталды.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясынынң Президенті Ғ.Бейсембаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, байқаудың мақсат-міндеттері мен өзектілігі туралы айтты.

Байқау жеңімпаздары Ұлттық білім академиясының Алғыс хаттарымен, сондай-ақ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ақшалай сыйақыларымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаған Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева БАҚ өкілдеріне еліміздің білім және ғылым саласындағы жаңалықтарды жариялауға, педагог мүддесі мен мәртебесіне қатысты түйткілді мәселелерді көтеруге қосып келе жатқан үлестері үшін алғыс білдірді.

-------------------------------------------

ОТРАСЛЕВОЙ ПРОФСОЮЗ ПОДДЕРЖАЛ ПОБЕДИТЕЛЕЙ КОНКУРСА

Сегодня, 28 июня, в Национальной академии образования имени И. Алтынсарина состоялась церемония награждения победителей творческого конкурса среди журналистов «Современное образование».

Конкурс был организован Национальной академией образования имени И. Алтынсарина в рамках празднования 30-летия независимости страны в честь 180-летия со дня рождения И. Алтынсарина и 100-летия Национальной академии образования. На конкурс было принято более 40 материалов, 39 были переданы на рассмотрение жюри.

Решением конкурсной комиссии определены 12 победителей в номинациях: Лучшая статья в газетах и журналах, Лучшая публикация в интернет-издании, Лучший радиоматериал, Лучший телевизионный материал.

Президент Национальной академии образования имени И. Алтынсарина г. Бейсембаев поздравил представителей СМИ с профессиональным праздником, рассказал о целях и задачах и актуальности конкурса.

Победители конкурса были награждены благодарственными письмами Национальной академии образования, также денежными премиями Казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки.

Поздравляя победителей, председатель Отраслевого профсоюза А. Мукашева поблагодарила представителей СМИ за вклад в освещение нововведений в сфере образования и науки страны, в поднятие проблемных вопросов, касающихся интересов и статуса педагога.
219 views11:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-26 14:07:09
214 views11:07
Ашу / Түсініктеме