Get Mystery Box with random crypto!

БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

Telegram арнасының логотипі profsoyuzobrazovaniya — БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ Б
Telegram арнасының логотипі profsoyuzobrazovaniya — БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ
Арна мекенжайы: @profsoyuzobrazovaniya
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.73K

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 53

2021-07-06 07:12:56
243 views04:12
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 07:12:34 ҚАДІРЛІ ДОСТАР!
АРДАҚТЫ ӘРІПТЕСТЕР!

Баршаңызды егемен еліміздің астанасы – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Арқа төсінде бой түзеген әсем қала астанамыз бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды, тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті.

Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі Бас қаламыз көркейіп, жайнай берсін. Ел іргесі аман, тыныш заман болсын.

Сіздерге зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт - береке тілеймін. Мереке құтты болсын!


Құрметпен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева
251 viewsedited  04:12
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 14:06:41
286 views11:06
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 14:06:37 КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ

----------------------------------------------------

ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АҚЫЛЫ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНДА ЕҢБЕККЕ УАҚЫТША ЖАРАМСЫЗДЫҚ КЕЗІНДЕ АУЫСТЫРЫЛҒАН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІНЕ АҚЫ ТӨЛЕНЕ МЕ?

(Мысалы, қызметкер жыл сайынғы еңбек демалысында ауырып, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ресімдеген. Қызметкер жұмыс берушіге еңбекке жарамсыздық парағын және демалыс күндерін ұзарту туралы өтініш берді. Ауыстырылған еңбек демалысы күндеріне ақы төленуі керек пе?)

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 133 бабы 4-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен сәйкес келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін ақы төленбейді.

Сонымен қатар, Кодекстің 94 бабы 1 және 2 тармақтарына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер демалыс кезінде еңбекке уақытша қабілетсіз болғанда толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылады. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болу кезеңіне ауыстырылады.
Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін.

МАҢЫЗДЫ! Бұл жағдайда қызметкер еңбек демалысын ауыстыру туралы өтінішті еңбек демалысы кезінде жазуы керек.

Осылайша, еңбек демалысы тоқтатыла тұрады және жұмыс күндері қайта құрылады.

Осыған байланысты

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы Кодекстің 133 бабы 2-тармағына сәйкес төленеді;
Ауыстырылған демалыс күндеріне ақы тараптардың келісімі бойынша Кодекстің 92 бабы 4-тармағына сәйкес төленеді;
Еңбек демалысына төленген орташа жалақы ауыстырылған демалыс күндері үшін (күндер саны) қызметкердің жалақысынан Кодекстің 115 бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес ұсталынады.

-------------------------------------------------

ПРОФСОЮЗ РАЗЪЯСНЯЕТ

--------------------------------------------------

ОПЛАЧИВАЮТСЯ ЛИ ПЕРЕНЕСЕННЫЕ ДНИ ОТПУСКА ПРИ ВРЕМЕННОЙ НЕТРУДОСПОСОБНОСТИ, ПРИХОДЯЩИЕСЯ НА ОПЛАЧИВАЕМЫЙ ЕЖЕГОДНЫЙ ТРУДОВОЙ ОТПУСК?

(Например, работник, находясь в ежегодном трудовом отпуске заболел и оформил лист временной нетрудоспособности (больничный). Работник предоставил работодателю больничный лист и заявление о продлении отпуска на дни болезни. Должны ли оплачиваться перенесённые дни трудового отпуска?)

В соответствии с пп.5) п. 4 ст. 133 Трудового кодекса РК (далее – Кодекс), социальное пособие по временной нетрудоспособности не выплачивается за дни временной нетрудоспособности, приходящиеся на оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск.

Вместе с тем, согласно п. 1 и 2 ст. 94 Кодекса, оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск переносится полностью или в его части в случаях временной нетрудоспособности работника. Оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск (его часть) переносится по просьбе работника в период нахождения в оплачиваемом ежегодном трудовом отпуске. Перенесенный трудовой отпуск по соглашению сторон может быть присоединен к трудовому отпуску за следующий рабочий год или предоставлен по просьбе работника отдельно в текущем рабочем году.

ВАЖНО! В данном случае работник должен написать заявление о переносе трудового отпуска во время нахождения в трудовом отпуске.

Таким образом, трудовой отпуск приостанавливается и преобразовывается в рабочие дни.

В этой связи

Пособие по временной нетрудоспособности выплачиваются в соответствии с п.2 ст. 133 Кодекса;
Перенесённые дни отпуска по соглашению сторон оплачиваются в соответствии с п.4 ст. 92 Кодекса;
Выплаченная средняя заработная плата (оплата ежегодного трудового отпуска) за перенесённые дни отпуска (количество дней) удерживается из заработной платы работника в соответствии с пп. 4) п.1 ст. 115 Кодекса.
789 views11:06
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 11:43:19
314 views08:43
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 11:43:12 КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы филиалының төрағасы Мақсат Аралханов 2021 жылы 3 шілдеде мезгілсіз дүниеден өтті.

Мақсат Аралханов 1970 жылы 7 ақпанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын Семей мемлекеттік педагогикалық институтында бастап, түрлі жоғары оқу орындарында декан, проректор, тестілеу орталығының директоры лауазымдарында аянбай қызмет жасап, талай биікті бағындырды.
Кейінгі жылдары ғылым ордасы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымын басқарып, ұжым арасында әрдайым жоғары бағаланатын. Ақ жарқын мінезді әріптесіміз Мақсат Салықұлы әрбір кәсіподақ мүшесінің көңілін тауып, қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғап отыратын тұлға ретінде есімізде қалады. Игі де азаматтық қасиеттерінің арқасында еңбек ұжымында әріптестерінің ықыласы мен құрметіне бөленді.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Семей мемлекеттік педагогикалық институтына 75 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Биология ғылымдарының кандидаты.

Мақсат Салықұлына сабырлық пен парасаттылық, еңбекқорлық пен адалдық, ізгілік пен мейірімділік қасиеттері тән болатын. Біртуар азаматтың жарқын бейнесі оны танитын адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаны жәннатта болып, нұры пейіште шалқысын.

Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы
311 views08:43
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 11:41:07
275 views08:41
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 11:40:57 ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

2021 жылғы 3 шілдеде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Отырысты Комиссия төрайымы – Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Ә.Әбиева ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды:

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнама қорытындылары туралы және
«Әйелдердің саясатқа араласуы және әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту» тақырыбында өткен семинар бойынша ақпарат туралы
Сондай-ақ, Салалық кәсіподақтың еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы Ә.Әбиева баяндады.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы Қарағанды облыстық ұйымының Теміртау қалалық комитетінің төрайымы М.Бекмұхаметова ақпарат берді.

Алматы облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Күреңбел орта мектебінің мұғалімі Ә.Ілиясова сөз сөйледі.

Комиссия отырысы сындарлы жағдайда өтті.

--------------------------------------------------

ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ КОМИССИИ ПО ДЕЛАМ ТРУДЯЩИХСЯ ЖЕНЩИН

3 июля 2021 года состоялось заседание Комиссии по делам трудящихся женщин Казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки. Заседание открыла и вела председатель комиссии – заместитель председателя Отраслевого профсоюза А.Абиева.

На повестке дня было рассмотрено 5 вопросов:

«Об итогах социального опроса по вопросам реализации Закона РК «О статусе педагога»» и
«Об информации по прошедшему семинару «Политическое участие и развитие лидерских качеств женщин»»
также, «О работе Комиссии по делам трудящихся женщин Отраслевого профсоюза» доложила А.Абиева.

«О работе Комиссии по делам трудящихся женщин Карагандинской областной организации Казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки» проинформировала председатель Темиртауского городского комитета Карагандинской областной организации М.Бекмухаметова.

«О работе Комиссии по делам трудящихся женщин Профсоюзной организации работников образования и науки Алматинской области» рассказала учитель Куренбельской СШ Кербулакского района Алматинской области А. Ильясова.

Заседание комиссии прошло в конструктивной обстановке.
312 views08:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 13:45:35 https://bilimdinews.kz/?p=160386
102 views10:45
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 13:21:18
133 views10:21
Ашу / Түсініктеме