Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ! Сіздерді кә | БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

"Халықтың көзі, құлағы һәм тілі" болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Сіздердің тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, еліміздің білім және ғылым саласындағы жаңалықтарын жариялауға, педагог мүддесі мен мәртебесіне қатысты түйткілді мәселелерді көтеруге қосып келе жатқан зор үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Қоғамға қажетті тақырыптарға қалам тербеп, ел игілігі үшін талмай еңбек ете беріңіздер.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Жазарларыңыз таусылмасын, жақсылықтың хабаршысы болып, халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін!

Құрметпен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева