Get Mystery Box with random crypto!

БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ

Telegram арнасының логотипі profsoyuzobrazovaniya — БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ Б
Telegram арнасының логотипі profsoyuzobrazovaniya — БІЛІМ КƏСІПОДАҒЫ // ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ
Арна мекенжайы: @profsoyuzobrazovaniya
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.73K

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 59

2021-05-25 07:06:06
310 views04:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 07:06:00 ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ атынан Сіздерді 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз үстем болсын.
Пандемия жағдайында Сіздерге қолданыстағы тәжірибелерге сүйене отырып, уақыт ағымына жедел ілесу міндеті жүктелді. Ұрпаққа үздіксіз білім берудің соны тәсілдерін лайықты түрде игеріп, жанкешті жұмыс істедіңіздер. Осындай ұшан-теңіз еңбектеріңіз бен төгілген маңдай терлеріңіз ел болашағы үшін атқарылғандығын біз жақсы түсінеміз. Осы үшін де Сіздерге мың алғыс, қадірлі Ұстаздар!

Биылғы оқу жылында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының сала қызметкерлері - кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау бағытында атқарған жұмыстары аз емес.
2020 жылы Салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдары тарапынан еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау аясында 1610 тексеру жүргізіліп, түрлі 1768 бұзушылық анықталды. 63 қызметкер жұмыстарына қайтарылды, оның ішінде үшеуі сот орындарына жүгіну арқылы болса, 260 заңсыз жұмыстан шығарудың алды алынды. Кәсіподақ мүшелеріне 1,4 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Осы уақыт аралығында кәсіподақ мүшелерінен келіп түскен 2961 жазбаша өтініш қаралды.

Кәсіподақ пен мүшелік ұйымдары еңбек заңнамасын және әлеуметтік әріптестік актілерін орындауға қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру және құқықтық қызметті нығайту бағытындағы жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек.

Ардақты әріптестер! Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, амандық тілеймін. Жыл бойы атқарған жұмыстарыңыз жемісін беріп, шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтасын. Жазғы демалысты шуақты, қуанышты да жайлы жағдайда өткізуге тілектестік білдіремін.

Құрметпен, "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы" ҚБ төрайымы А.Мұқашева
297 views04:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 13:46:20 КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ:
------------------------------------------------

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ АҚЫСЫ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?

Қызметкерге еңбек демалысының ақысы бір күндік орташа жалақыны демалыс күнінің санына көбейту арқылы есептеледі.

Бір күндік орташа жалақыны - 12 айда алған жалақыны нақты жұмысқа шыққан күндерге бөлу арқылы есептеп шығаруға болады.

Мысал қарастырайық: мұғалімнің білімі және біліктілік санаты жоғары, педагогикалық еңбең өтілі толық 19 жыл, педагог-зерттеуші, жаңартылған білім беру мазмұнында 18 сағат апталық оқу жүктемесі, сонымен қатар сынып (7) жетекшілігі бар. Ауылдық жерде жұмыс істейді.

2020 жылдың 1-маусымынан бастап ұзақтығы күнтізбелік 56 күнді құрайтын ақылы еңбек демалысы беріледі.

Еңбек демалысының ақысының көлемін 3 кезеңмен анықтаймыз:

1. Айлықақыны есептеу (Фаворит калькуляторы арқылы http://zp.fvr.kz))

2. Орташа күндік айлықақыны есептеу:
! Excel форматтағы кестеге қараңыз! http://www.edu-tradeunion.kz/kz/news/show/20/4103

3. Еңбек демалысы ақысының көлемі:
! Excel форматтағы кестеге қараңыз! http://www.edu-tradeunion.kz/kz/news/show/20/4103

------------------
Маңызды! Осы есептелген еңбек демалысы ақысының сомасынан жеке табыс салығы және басқа да міндетті төлемдер ұсталады.

Егер, қызметкердің жұмыс істеген уақыты бір жылдан аз уақыт болса, онда, орташа күндік ақыны есептеу үшін нақты жұмыс істеген уақыты алынады. Қалғаны жоғарыда көрсетілгендей жолмен есептеледі: нақты жұмыс істеген уақыттағы орташа бір күндік айлықақыны еңбек демалыс күнінің ұзақтығындағы жұмыс күндер санына көбейтеміз, сонда еңбек демалысы ақысының көлемі шығады. Одан салықтар мен міндетті аударымдарды алып тастаймыз – қалғаны қолыңызға тиетін қаражат.

----------------------------------------------------------------------------

ПРОФСОЮЗ РАЗЪЯСНЯЕТ:

-------------------------------------------------------

КАК НАЧИСЛЯЮТСЯ ОТПУСКНЫЕ?

Оплата трудового отпуска определяется путем умножения среднедневной заработной платы на количество дней отпуска.

Среднедневная заработная плата – это сумма начисленных за 12 месяцев заработной платы, предшествующих отпуску, разделенная на количество фактически отработанных дней.

Рассмотрим пример: учитель высшего уровня квалификации высшей категории, имеет 18 часов учебной нагрузки обновленного содержания образования, педагогический стаж составляет полных 19 лет, педагог-исследователь, классный руководитель (7 кл.). Работает в сельской местности.

С 1 июня 2020 года выходит в оплачиваемый трудовой отпуск на 56 календарных дней.

Определяем размер отпускных в три этапа:

1. Расчет месячной заработной платы(с помощью Фаворит калькулятора http://zp.fvr.kz);

2. Расчет среднедневной заработной платы: см. таблицу в формате Excel http://www.edu-tradeunion.kz/ru/news/show/20/4103

3. Размер отпускных: см. таблицу в формате Excel http://www.edu-tradeunion.kz/ru/news/show/20/4103

-----------------

Важно! из этой суммы удерживаются индивидуальный подоходный налог и другие обязательные платежи.

Если работник проработал меньше года, то для расчета среднедневного заработка берется фактически отработанное время. В остальном схема та же: среднедневной заработок за отработанный период умножаем на количество рабочих дней из продолжительности календарных дней трудового отпуска и получаем размер отпускных. Вычитаем из него налоги и обязательные отчисления – остается чистая сумма к получению.
256 views10:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 13:45:49
#ENU25
1.2K viewsedited  10:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 08:40:19
74 views05:40
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 08:40:13 КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ:
------------------------------------------------
ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРДЕН АҚЫ ТӨЛЕНЕТІН ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАР УАҚЫТТА «АЙНАЛЫМ ПАРАҒЫН» ТОЛТЫРУДЫ ТАЛАП ЕТУІ ЗАҢДЫ МА?

«Айналам парағы» - қызметкердің жұмыстан шығар алдындағы өзіне ешқандай қызметтік затты иемденбегенін көрсететін ұйымның тиісті лауазымды тұлғаларының қолдарымен расталатын кадрлық есептіліктің ішкі құжаты.

ҚР Еңбек кодексінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде жалпы айналым парағын толтыру қарастырылмаған және ешқандай сілтемелер келтірілмеген, сондай-ақ, оны ұйымдарда толтыру қажеттілігін белгілемейді.

Тәжірибеде айналым парағын толтыру жұмыс берушіге еңбек шарты тоқтатылған қызметкердің қызметтік құжаттар мен мүлікті (заттарды) қайтарғанына көз жеткізу үшін қажет. Сондықтан, айналым парағын толтырып өткізу ұйымның қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек тәртібін белгілейтін ішкі құжатпен, ұжымдық шартпен немесе басқа да жұмыс берушінің актілерімен реттеледі.

Осылайша, құжат қызметкердің «қызмет берешегі бойынша» қолданған заттарды қайтаруының кепілі болып саналады.

Қорыта айтқанда, айналым парағы жұмыстан босатылған уақытта қызметкердің жұмыс беруші алдындағы міндеттемелерінің және қызметкерге қандай да бір наразылықтарының жоқтығын дәлелдейді.

Сонымен, жұмыс берушінің жұмыскерден АҚЫ ТӨЛЕНЕТІН ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ кезеңіне «АЙНАЛЫМ ПАРАҒЫН» толтыруды талап етуі негізсіз.

-------------------------------------------------------

ПРОФСОЮЗ РАЗЪЯСНЯЕТ:

-------------------------------------------------------

ПРАВОМЕРНО ЛИ ТРЕБОВАНИЕ РАБОТОДАТЕЛЯ ОТНОСИТЕЛЬНО ОБЯЗАТЕЛЬНОГО ЗАПОЛНЕНИЯ ОБХОДНОГО ЛИСТА РАБОТНИКОМ ПРИ ВЫХОДЕ В ОПЛАЧИВАЕМЫЙ ТРУДОВОЙ ОТПУСК?

«Обходной лист» -внутренний документ кадровой отчетности, свидетельствующий о том, что работник не присвоил себе служебное вещи перед увольнением, что подтверждается подписями соответствующих должностных лиц организации.

В целом в Трудовом кодексе РК и иных нормативных правовых актах не приведены ссылки на заполнение обходного листа, кроме того, не установлена необходимость его заполнения в организациях.

На практике заполнение обходного листа необходимо для того, чтобы убедиться в возврате работодателю служебных документов и имущества (вещей) работником, с которым прекращен трудовой договор. Поэтому заполнение обходного листа регламентируется внутренним документом организации, устанавливающим трудовую дисциплину между работниками и работодателем, коллективным договором или иными актами работодателя.

Таким образом, документ считается гарантией возврата работником вещей, которые он использовал «по служебному долгу».

В заключение, обходной лист свидетельствует об отсутствии у работника обязательств перед работодателем и каких-либо претензий к работнику во время увольнения.

В этой связи, требование работодателя заполнения «ОБХОДНОГО ЛИСТА» с работника на период ОПЛАЧИВАЕМОГО ТРУДОВОГО ОТПУСКА является необоснованным.
83 viewsedited  05:40
Ашу / Түсініктеме
2021-05-19 11:59:49 https://www.facebook.com/profsoyuzrabotnikovobrazovaniya/posts/1344616249043146
1.1K views08:59
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 20:13:59
1.2K views17:13
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 20:13:55 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Бүгін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мұқашева бейнебайланыс арқылы Түркия елінің Салалық білім кәсіподағы – Türk Eğitim-Sen төрағасының орынбасары Çengiz Kocakaplan мырзамен тілдесті.

Онлайн кездесу барысында қазақ – түрік елінің Білім кәсіподақтары арасындағы әріптестік байланысты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Çengiz Kocakaplan мырза Қазақ елінің ғалымдарын Türk Eğitim - Sen мен Түркі халықтары кәсіподақтарының мүшелік ұйымдары кіретін UAESEB қауымдастығының ұйымдастыруымен 2021 ж. қазан айында онлайн форматта өткізілетін Түркі халықтарының ғылыми-техникалық бағыттағы ІІІ Конгресіне қатысуға шақырды.
Өз кезегінде А.Мұқашева әріптестерін Түркі әлемінің рухани астанасы – киелі Түркістан қаласын тамашалауға шақырды.

Сөз соңында әріптестер бір-бірін иісі мұсылманға ортақ – Ораза айт мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
143 views17:13
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 10:06:21
221 views07:06
Ашу / Түсініктеме