Get Mystery Box with random crypto!

Министр Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамды бөлісті Денса | КТК жаңалықтары

Министр Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамды бөлісті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін таныстырды. Айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдай болжамын жаңартты.

"Пессимистік сценарий кезінде, вакциналау тиімділігі 60%-тен кем болмағанда, маусым-қыркүйек айында вирус жұқтырғандар саны 95 мыңға жуықтайды", – деді Цой үкімет отырысында.

Реалистік сценарий бойынша, вакциналау тиімділігі 80%-тен кем болмаса, маусым-қыркүйекте науқастар саны 69 мың адамға жетеді. Оптимистік сценарийде вакциналау тиімділігі 95%-тен кем болмағанда, маусым-қыркүйекте 61 мыңға жуық адам індетке шалдығады деп болжанып отыр. Министр сценарийлердің орындалуы азаматтардың вакциналау мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

 Министр бұл немесе басқа сценарийдің жүзеге асырылуы азаматтардың вакцина салдырудағы белсенділігіне тікелей байланысты болатынын айтты.

"Осыған байланысты вакцинациямен қамтуды арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың вакцинациямен қамтуды ұлғайту және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдауы орынды деп санаймыз", - деп қосты министр.