Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Арна мекенжайы: @dodatimes
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.97K
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Голдар!
Жарнама бойынша - @ualikhan_kossanbay

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 140

2021-09-07 17:26:46
2-10 қазан аралығында Норвегияның Осло қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері турнирге қатысатын спортшылар есімін атады.

Әлем чемпионатына төмендегі балуандар аттанады:

55 келі: Хорлан Жақанша

60 келі: Айдос Сұлтанғали

63 келі: Сұлтан Әсетұлы

67 келі: Алмат Кебіспаев

72 келі: Қаһарман Қисметов

77 келі: Темірлан Шадукаев

82 келі: Мақсат Ережепов

87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

97 келі: Ерулан Ысқақов

130 келі: Әлімхан Сыздықов
313 views14:26
Ашу / Түсініктеме
2021-09-07 15:49:46 Инсайд ақпаратпен бөлісе отырайық:

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Боснияға қарсы матчқа мынандай құрамды шығармақшы:

Қақпашы: Шацкий
Қорғаушылар: Логвиненко, Малый, Марочкин, Быстров және Вороговский.
Ортада: Тағыберген, Қуат, Жуков және Васильев.
Шабуылда: Шушеначев.
245 views12:49
Ашу / Түсініктеме
2021-09-07 15:32:59
2021 жылдың 7-8 қыркүйегіне қараған түні Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Зеницада Босния мен Герцеговина құрамасымен кездеседі.

Бұған дейін Босния және Герцеговина мен Қазақстан ұлттық құрамалар деңгейінде кездескен емес.

Босния және Герцеговина Қазақстан құрамасы тарихындағы 70-ші қарсылас болады. Ал Еуропа құрамалары арасында бұл 41-ші қарсылас болмақ. УЕФА құрамына кіретін командалардың ішінде Қазақстан құрамасы Гибралтар, Израиль, Испания, Италия, Косово, Лихтенштейн, Люксембург, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Словакия, Словения, Уэльс және Швейцария құрамаларымен әлі кездеспеді.
353 views12:32
Ашу / Түсініктеме
2021-09-07 14:51:28
Қазақстан құрамасы үшін өнер көрсетуден бас тартқан неміс қорғаушысы Роберт Бауэр бельгиялық "Сент-Трюйден" командасына ауысты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
339 views11:51
Ашу / Түсініктеме
2021-09-07 12:34:48
Еуропалық футбол қауымдастықтарының кеңесі (УЕФА) сырт алаңда ойнайтын командалардың жанкүйерлеріне еурокубоктар мен ұлттық құрамалар матчтеріне қатысуға рұқсат берді.

Бұл рұқсат келесі аптадан бастап күшіне енеді, дегенмен, баратын елдің қозғалу шектеулері мен талаптарын ұстану керек болады.
361 views09:34
Ашу / Түсініктеме
2021-09-07 09:03:30
Геннадий Головкин фанатымен. Арнольд Шварценеггер қартаймайды екен!
153 views06:03
Ашу / Түсініктеме
2021-09-07 07:17:59
Германиялық қорғаушы Роберт Бауэр футболдан Қазақстан құрамасында неге ойнамайтыны белгілі болды. Футболшы осыған дейін ҚФФ-мен келіссөз жүргізген еді.

26 жастағы футболшының өкілдері азаматтық ауыстыру үшін миллион доллар сұраған. Ал федерация өкілдері ойыншылар ұлттық командада ақша үшін өнер көрсетпеу керек деп есептеп, ары қарайғы келіссөзді тоқтатты.

Роберт Германияға 1994 жылы көшіп барған қазақстандық эмигранттардың отбасында дүниеге келген. 2015 жылы оны бір рет құрамаға шақырған. Ол кезде футболшы ұсыныстан бас тартқан еді.
379 views04:17
Ашу / Түсініктеме
2021-09-07 06:33:14
Иван Дычко жанкүйерімен. Қазір аса ауыр салмақтағы боксшымыз Сан-Диего қаласында Сауль Альварестің залында жаттығу жұмыстарын өткіщіп жатыр.
260 views03:33
Ашу / Түсініктеме
2021-09-07 00:07:05
БАҚТИЕР ЗАЙНУТДИНОВ: ТАНЫМАЛ ФУТБОЛШЫЛАРДЫ ЖЕҢІП, ЖЕЛПІНСЕК ДЕГЕН МАҚСАТЫМЫЗ БАР

​​​​​​​Қазақстан құрама командасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов ойын алды баспасөз мәслихатына қатысты.

- Босния құрамасы өте мықты командалардың қатарына жатады. Олардың футболшылары Еуропаның топ чемпионаттарында өнер көрсетіп жүр. Мысалы, Эдин Джеко мен Миралем Пиянич жер жаһанға танымал аяқдопшылар. Сондықтан да, біздің оларды жеңгіміз келетіні жасырын емес. Осындай командаларды ұтып, өзіміздің жақсы футбол ойнай алатынымызды дәлелдегіміз келеді. Сондықтан да, ертеңгі ойында барымызды саламыз. Матчты тағатсыздана күтіп отырмыз.

- Босния құрамасы сапында қай ойыншымен таныссыз, бәлкім бірге ойнаған да шығарсыз?

- Мен Босния ойыншысы Хаджикадуновичті жақсы танимын. Біз ол екеуміз Ресейдегі «Ростов» футбол командасында бірге ойнадық. Деннис Швецияда туып-өскен мықты футболшы. Ертең ойында онымен кездесетін шығармын. 
340 views21:07
Ашу / Түсініктеме
2021-09-06 19:41:48
Франк Рибери италиялық "Салернита" сапына ауысты. Келісімшарт 2022 жылға дейін жасалды!
379 views16:41
Ашу / Түсініктеме