Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Арна мекенжайы: @dodatimes
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.97K
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Голдар!
Жарнама бойынша - @ualikhan_kossanbay

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 139

2021-09-09 17:20:15
Димитар Димитров бас бапкер болып тағайындалғанына бірнеше сағаттан кейін "Арда" клубынан кетіп қалды. Бұл туралы Dnevnik.bg хабарлап отыр.

Кырджали қаласының клубында болгариялық маманның бұл шешімі салмақты жеке себептеріне байланысты болғанын хабарлады. Енді команданы Димитровтың штабында болған Георги Чиликов жаттықтырады.

Айта кетейік, 62 жастағы Димитров 2015-2017 және 2018-2019 жылдары "Ертісті" жаттықтырған. 2016 жылы павлодарлық командамен премьер-лигада үшінші орынға дейін жеткен.

2020 жылы мамырда "Ертіс" қаржылық қиындықтарға байланысты Қазақстан чемпионатынан шығып қалды.
254 views14:20
Ашу / Түсініктеме
2021-09-09 09:25:21
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин допингпен "Тобыл" командасының ойынынан кейін ұсталуы әбден мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне дереккөз айтты. Ол шілде мен тамыз айында қостанайлық команда сапында еурокубок ойындарына қатысты.

Дереккөздің ақпараты бойынша, Валиуллин әлем чемпионатына іріктеуде Украинамен өткен кездесуден кейін допинг сынама тапсырмаған. Бірақ содан соң Финляндия мен Босния және Герцоговина құрамаларына қатыспады.

Шамасы футболшы Конференция лигасындағы ойындардың бірінен кейін допинг-тест тапсырған. Еске салайық, бұл турнир аясында "Тобыл" төрт ойын ("Хайдукқа" қарсы, "Жилинаға" қарсы) ойын өткізді. Валиуллин болса бұл төрт ойынға да қатысты.
217 views06:25
Ашу / Түсініктеме
2021-09-08 20:47:48
КҮЛЕМІЗ БЕ, ЖЫЛАЙМЫЗ БА?

Футболдан қостанайлық "Тобыл" мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиулин допинг ұсталып қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында жазды. 

"Қазақстан құрамасы мен "Тобылдың" қорғаушысы Руслан Валиуллинен допинг сынағынан рұқсат етілмеген дәрімен табылды. Допингтің дәл қашан анықталғанын білмеймін. Бірақ дәл осы себепке байланысты ол Боснияға қарсы кездесуге қатыспады. 

Қорғаушының допинг сынағынан қандай рұқсат етілмеген дәрумен табылғаны белгісіз. Сонымен қатар бұл сынақтың қай ойыннан кейін алғаны да анық емес. Менің ақпаратым бойынша, жағдай қиын"- деп жазды инсайдер. 

Руслан Валиуллин әлем чемпионатының іріктеуінде Украинаға қарсы ойнап, екі гол соққан еді. Ал кейін Финляндия мен Босния және Герцоговина құрамаларына қарсы кездесуге қатыспады.
351 viewsedited  17:47
Ашу / Түсініктеме
2021-09-08 20:38:49
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Солтүстік Корея Ұлттық олимпиада комитетін 2022 жылдың соңына дейін Олимпиада ойындарынан шеттетіп жіберді. Енді бұл елдің спортшылары Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. 

Мұндай жазаны ХОК Солтүстік Кореяның Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқаны үшін шығарып отыр. 

"Токиодағы Олимпиадаға тек Солтүстік Корея құрамасы ғана қатыспады. Олар өз міндеттерін орындамай, хартияны бұзды. Сондықтан біз Солтүстік Корея ҰОК 2022 жылдың соңына дейін шеттету туралы шешім шығардық. Бірақ ХОК бұл жазаны өзгерту туралы шешімді өз еншісінде қалдырады. 

Осы уақыттың ішінде Солтүстік Кореяның Ұлттық Олимпиада комитеті ХОК тарапынан ешқандай қолдауға ие болмайды. Егер бұл елдің спортшылары Пекинде өтетін Олимпиадаға жолдама алса, ХОК бұл спортшыларға қатысты арнайы шешім шығарады", - деді ХОК президенті Томас Бах онлайн-конференция кезінде. 

Пекиндегі қысқы Олимпиада ойындары 4 және 20 ақпан аралығында өтеді.
342 views17:38
Ашу / Түсініктеме
2021-09-08 15:16:46
23 жастаы жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасы сапында сегізінші голын соқты.

Мәскеулік ЦСКА командасының футболшысы Босния және Герцоговина құрамасының қақпасына 90+6 минутында гол соқты. Осылайша ол Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы үшінші үздік сұрмерген атанда. Зайнутдинов Дмитрий Бяков пен Сергей Хижниченконы қуып жетті.

Бірақ бұл сегіз гол үшін Зайнутдинов 18 ғана кездесу өткізді. Ал Бяков болса 33 ойын өткізсе, Хижниченко 52 ойынжа 8 гол соқты.

Қазақстан тарихындағы үздік сұрмергендер:

1. Руслан Балтиев — 13 гол (73 матч);

2. Виктор Зубарев — 12 (18);

3-5. Бактиер Зайнутдинов — 8 (18);

3-5. Дмитрий Бяков — 8 (33);

3-5. Сергей Хижниченко — 8 (52);

6. Нурбол Жумаскалиев — 7 (58).
384 views12:16
Ашу / Түсініктеме
2021-09-08 10:59:57
Нұр-Сұлтанда белгілі балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ескерткіші ашылды.

Ескерткіш спортшы құрметіне аталған жекпе-жек сарайы аумағында Қабанбай батыр даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында орналасқан.

Ашылу салтанатына мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Сонымен қатар, шара қонақтарының арасынан боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов те болды.

Жекпе-жек сарайы 2019 жылдың 6 шілдесінде ашылған. Бес мың көрерменге арналған спорт ғимаратында бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және басқа да олимпиадалық, сондай-ақ Олимпиадаға кірмейтін спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстар өткізуге болады. 2020 жылдың желтоқсанында оған Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілген.

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) 1951 жылы 6 мамырда Дихан ауылы Свердловск ауданы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге
413 views07:59
Ашу / Түсініктеме
2021-09-08 10:16:40
Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісінде пост жариялады.

"Құрметті жанкүйерлер! Бұйыртса жекпе-жек қараша айына жоспарлануда. Алда 2 айлық қызу дайындық күтіп тұр! Біз жекпе-жекке чемпиондарды шақырып, промоутер мен менеджерге де мықты қарсыластар беруін сұрап жатырмыз. Күтейік! Жеңісті күнде жүздесейік!" - делінген хабарламада.
381 views07:16
Ашу / Түсініктеме
2021-09-08 00:28:27
Бүгінгі матчта соғылған голдар

Соңғы минутта гол соғу әдетімізге айналды
324 views21:28
Ашу / Түсініктеме
2021-09-07 19:02:29
Қазақстан жастар құрамасы Данияға есе жіберді

Ойынның 76-минутында Сағи Совет алаңнан қуылды
257 views16:02
Ашу / Түсініктеме
2021-09-07 18:13:41
Криш көкем "Манчестер Юнайтедте" жаттығуға кірісті! Биыл қанша гол соғады екен?
303 views15:13
Ашу / Түсініктеме