Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Арна мекенжайы: @dodatimes
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.97K
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Голдар!
Жарнама бойынша - @ualikhan_kossanbay

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 137

2021-09-16 22:04:24
H тобындағы "Қайраттың" екі қарсыласы өзіндік теке-тіресте жеңімпазды анықтай алмады.

Конференция Лигасы, 1 тур
Карабах 0:0 Базель

Таблодағы есепке емес статистикаға көз жүгіртсек алаң қожайының басымдылығы анық байқалып тұр. Толастаған шабуылдан нәтиже шығара алмаған алмаған "Карабах" жанкүйерлер сынынан қашып құтыла алмас

(С) Мұхаммедқали Көбеев
358 views19:04
Ашу / Түсініктеме
2021-09-16 19:44:43
Қақпаларынан саңылау таппаған қос тарап тең нәтижеге қанағат етті.

Конференция Лигасы, 1 тур
Қайрат 0:0 Омония

(С) Мұхаммедқали Көбеев
150 views16:44
Ашу / Түсініктеме
2021-09-16 18:48:48
Қазақстанда дүниеге келіп, бірақ қазіргі уақытта Германияның атынан шығатын Артур Манн 16 қазан күні "Арена Ригала" латвиялық боксшы Майрис Бриедиспен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Tvnet.lv хабарлайды.

Аталған бокс кешінде Манн мен Бриедис бірінші ауыр салмақта IBF белбеуіне таласады.

Бұл Бриедис үшін бір жылдық үзілістен кейінгі бірінші жекпе-жегі болады. Ол жалпы кәсіпқой бокста 28 кездесу өткізіп, 27 жекпе-жекте жеңіске жеткен.

Ал Манна болса 18 айқас өткізіп, оның 18-де жеңген.

Артур Манн 1990 жылы Ақтқбе қаласында дүниеге келген. Бірақ екі жылдан кейін отбасымен бірге Германияға көшіп кеткен.
219 views15:48
Ашу / Түсініктеме
2021-09-16 18:08:28
Бокстан жастар арасында әлем чемпионы, қазіргі уақытта кәсіпқой бокстан өнер көрсетіп жүрген Садриддин Ахмедов Сербияда өтетін әлем чемпионатына қатысуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатта Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов айтты.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін 23 жастағы Ахмедов кәсіпқой бокста 12 кездесуінде (10 кездесуі нокаутпен) қатарынан жеңіске жеткен.

"Біз Садриддин Ахмедовті құрамаға шақырғымыз келеді. Әрине, егер оның промоутерлері рұқсат берсе", - деді Сатжанов.

Ахмедов кәсіпқой боксқа 2018 жылы ауысты. Ол көп кездесуін Канадада өткізді. Сонымен қатар Қазақстан және Мексика елдерінде де айқас өткізген
239 views15:08
Ашу / Түсініктеме
2021-09-16 16:53:09
"Қайрат"  футбол клубы "Омонияға" қарсы шығатын ойыншылар тізімін желіге жария қылды.

5-3-2, Құрбан Бекиұлы бұны қалай түсінеміз бұрын соңды қорғаныстық тактикада ойнамаған едіңіз.

(С) Мұхаммедқали Көбеев
267 views13:53
Ашу / Түсініктеме
2021-09-16 16:13:25
"Шериф" бас бапкері Юрий Вернидуб ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында өз пікірін білдірді:

Керемет кеш. Менің жігіттерім қарсыластан еш қалыспады, техника тұрғысынан да,  жылдамдық тұрғысынан да. Ойынға қойған тактикамыз өз нәтижесін берді. Біз "Шахтерге" гол салу үшін мүмкіндік бермедік, қорғана жүріп сәтті шабуылдадық, Қолдауға келген жанкүйерлерге мың алғыс! Мен бақыттымын.

Айта кетсек "Шериф" чемпиондар лигасының бірінші тур қарсаныңда Донецкілік "Шахтерді" өз аланыңда қабылдап 2:0 есебімен тізе бүктірді.

(С) Мұхаммедқали Көбеев
291 views13:13
Ашу / Түсініктеме
2021-09-16 11:33:40
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ұлттық құрамалар арасында қыркүйек айының жаңа рейтингін жариялады

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 124-орыннан 120-орынға көтерілді. Біздің құраманың еншісінде 1151.18 ұпай бар.

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан әлем чемпионатының іріктеуінде үш кездесу өткізді. Алдымен Талғат Байсуфиновтің тәлімгерлері Нұр-Сұлтанда Украина құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Кейін сырт алаңда Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілсе, кейін тағы сырт алаңда Босния және Герцоговина құрамасымен 2:2 есебімен тең тарқасты.

Рейтингтің көш басында Бельгия (1832 ұпай) түр. Екінші орында Бразилия (1811) болса үздік үштіктің қатарына Англия (1755) құрамасы көтерілді
353 views08:33
Ашу / Түсініктеме
2021-09-14 17:26:57
Конференция лигасында "Қайратпен" кездесуде алдында никосиялық "Омония" клубының үш негізгі футболшысы қатардан шығып қалды. Бұл туралы Alphanews хабарлады.

Кипрлік команда сапында Қазақстанған қорғаушы Иоаннис Кусулос, жартылай қорғаушылар Эрик Ботеак және Миккель Дискеруд келе алмайды. Бұл футболшы да жарақат алып қалған.

"Қайрат" пен "Омония" арасындағы ойын 16 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтеді.
197 views14:26
Ашу / Түсініктеме
2021-09-12 19:56:36 Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Кака шәкірттері алғашқы ойында Коста-Рика құрамасын ірі есеппен жеңді
214 views16:56
Ашу / Түсініктеме
2021-09-11 17:58:02
Көкем қоймайды екен!
281 views14:58
Ашу / Түсініктеме