Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Арна мекенжайы: @dodatimes
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.97K
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Голдар!
Жарнама бойынша - @ualikhan_kossanbay

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 138

2021-09-11 11:37:58
Бахтиер Зайнутдиновтің агенті Евгений Новиков футболшының ЦСКА командасы сапынан кетуі мүмкін деген сыбысқа байланысты пікірін білдірді.

Бұған дейін ЦСКА сапында аз ойнап жүргеніне байланысты Зайнутдинов мәскеулік командадан кетеді деген ақпарат шыққан еді. Бірақ агент бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат, бұл сыбыс - шындыққа жанаспайды. Бахтиер - ЦСКА ойыншысы. Оның командамен ұзақ мерзімге жасаға келісімшарты бар. Ол ешқайда ауыспайды.

Зайнутдинов жарақатынан айығып, аздап алаңға шығып жүр. Біз мұны әу баста солай жоспарладық. Ол жарақатынан кейін 90 минут ойнай алмайды. Ақырындап-ақырындап қалпына келіп алса, сосын негізгі құрамға ілінетін шығар. Команда Бахтиерге қатты сенім артып отыр.

Ұлттық құрамада да ол 30 минуттан ойнады. Мұны да біз бас бапкермен ақылдасып шештік
", - деді Новиков Sport24 порталына берген сұқбатында.
25 views08:37
Ашу / Түсініктеме
2021-09-11 11:27:52
Мемфис Депай осы маусымда:

Реал Сосьедад
Атлетик Бильбао
Хетафе
Норвегия
Черногория
Түркия

Депай құрама сапында алғаш рет хэт-трик иесі атанды
65 views08:27
Ашу / Түсініктеме
2021-09-11 11:19:17
Қытайлық қақпашы Ерзат Ержет жақын арада өз отанына қайтатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 28 жастағы қақпашы "Астана" командасында бақылауда болып, бірақ клубпен келісімшарт жасамады.

Қытай жерінде дүниеге келген қазақ қақпашысы бақылау кезінде бапкерлердің көңілінен шыққан. Бірақ командада басшылық ауысқаннан кейін ол келісімшарт жасай алмай қалды.

Бағана күзетшіні командаға негізі Давид Лория алғысы келген. Алайда жуырда ол қызметінен босатылды. Ал "Астананың" жаңа басшылары Ержетті командада қалдырудан бас тартқан.

Ерзат Ержет "Астана" ауысып, Қазақстан азаматтығын алуға да ниетті болған.

Ержет Қытайда дүниеге келіп, сол жақта өскен. Карьерасын "Синьцзян Гранд Бегония" командасында бастаған. Кейін Португалияның үшінші дивизионында өнер көрсететін "Гондомар" сапына ауысқан. Сонымен қатар қақпашы "Пассуш де Феррейра", "Лейшоэш" және "Салгейруш" командаларында ойнаған. 2019 ол қытайлық "Чунцин Лифанем" клубымен келісімшарт жасап, бес ойынға қатысқан. Қытайдың 23 жасқа дейінгі құрамасына бір
85 views08:19
Ашу / Түсініктеме
2021-09-11 09:52:06
Түркия футбол федерациясы 69 жастағы бас бапкер Шенол Гюнешті қызметінен босатты, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Түркия әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің 6 турында Нидерланды құрамасынан 1:6 есебімен ұтылды. Осыдан кейін бас бапкер қызметінен босатылды.

"Бас бапкер Шенол Гюнешпен кездесіп, біз екі жақты келісім бойынша жұмыс істеуді тоқтатуды жөн көрдік. Біз Гюнешке Түркия футболына қосқан зор үлкен алғыс айтамыз", - деп жазды Түркия футбол федерациясының твиттер парақшасы
162 views06:52
Ашу / Түсініктеме
2021-09-10 17:26:02
Елордалық "Астана" командасының көшбасшысы футболшысы Марин Томасов Қазақстан чемпионатының 20 турында "Ақжайыққа" қапсы матчқа қатыспайды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.

Хорватиялық футболшы коронавирус жұқтырып алған. Сол үшін ол 11 қыркүйек күні Орал қаласында өтетін ойынға қатыспайды.

Коронавируске байланысты "Астана" командасының капитаны Абзал Бексебеков те алдағы матчта ойнамайды.
298 views14:26
Ашу / Түсініктеме
2021-09-10 13:59:45 \
79 views10:59
Ашу / Түсініктеме
2021-09-10 13:38:36
Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малыйдың допинг сынағына қатысты мәлімдеме жасады.

"Кейбір әлеуметтік желілерде Сергей Малыйдың допинг тесттен өтпегені туралы ақпарат тарады.

"Тобыл" футбол клубы бұл хабардың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Сергей Малыйдың допинг сынағы Руслан Валиуллиндікіндей, "Жилина" - "Тобыл" арасындағы қарымта ойыннан кейін алынды. Сергей Малыйдык тесті теріс нәтиже көрсетті. Қазір Қазақстан құрамасының қорғаушысы клуб орналасқан жерде», - делінген клубтың хабарламасында.
114 views10:38
Ашу / Түсініктеме
2021-09-10 10:30:05

210 views07:30
Ашу / Түсініктеме
2021-09-10 09:47:57
74 жастағы голландиялық бапкер Гус Хиддинк карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол SBS 6 телерансына бергер сұхбатында айтты. Маман 2020 жылдан бері Кюрасао құрамасын жаттықтырып келеді.

"Кейінгі кезде коронавирус салдарынан жұмыс істемедім. Басшылықпен кеңесе келе, олар басқа әдіс қолданғысы келетіндіктен үзіліс алды, ал мен осымен тоқтаймын", - дейді Хиддинг.

Гус 2006 мен 2010 жылдар аралығы Ресей құрамасын жаттықтырып, Еуро-2008 турнирінің қола жүллегері еткен. Сонымен бірге, ол Нидерланды, Оңтүстік Корея, Австралия, Түркия, Қытай құрамалары мен "Челси", "Фенербахче", "Реал" және тағы басқа клубтарды жаттықтырған
243 views06:47
Ашу / Түсініктеме
2021-09-10 09:20:30
Футболдан Қазақстан құрамасының 24 жастағы футболшысы Владислав Васильев әлем чемпионатына іріктеуде Босния және Герцоговине құрамасына қарсы екінші кездесуге қатыса алмайды.

Өзбекстандық "Әндіжан" командасының жартылай қорғаушысы Зеница қаласында Босния және Герцоговине құрамасына қарсы өткен кездесуде сары қағаз алды. Бұл Васильевтің іріктеудегі екінші сары қағазы. Сондық ол алдағы кездесуге қатыса алмайды.

Босния және Герцоговине құрамасына қарсы екінші кездесу 9 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
267 views06:20
Ашу / Түсініктеме