Get Mystery Box with random crypto!

2021 жылдың 7-8 қыркүйегіне қараған түні Әлем чемпионатының ір | ДОДА

2021 жылдың 7-8 қыркүйегіне қараған түні Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Зеницада Босния мен Герцеговина құрамасымен кездеседі.

Бұған дейін Босния және Герцеговина мен Қазақстан ұлттық құрамалар деңгейінде кездескен емес.

Босния және Герцеговина Қазақстан құрамасы тарихындағы 70-ші қарсылас болады. Ал Еуропа құрамалары арасында бұл 41-ші қарсылас болмақ. УЕФА құрамына кіретін командалардың ішінде Қазақстан құрамасы Гибралтар, Израиль, Испания, Италия, Косово, Лихтенштейн, Люксембург, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Словакия, Словения, Уэльс және Швейцария құрамаларымен әлі кездеспеді.