Get Mystery Box with random crypto!

ДОДА

Арна мекенжайы: @dodatimes
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.97K
Арнадан сипаттама

Жаңалық. Трансфер. Голдар!
Жарнама бойынша - @ualikhan_kossanbay

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 142

2021-09-02 21:54:32
Станимир Стоилов софиялық "Левски" командасының бас бапкері атанды. Келісімшарт 2024 жылға дейін жасалған!
212 views18:54
Ашу / Түсініктеме
2021-09-02 19:25:15
Қазақстан құрамасы Хельсинки қаласына келіп қонды
275 views16:25
Ашу / Түсініктеме
2021-09-02 12:45:33
Түркістандық "Тұран" командасының қорғаушысы Олжас Керімжанов Қазақстан ұлттық құрамсына шақырту алған жоқ.

32 жастағы футболшы кеше Украина құрамасына қарсы кездесуде "Астана-Арена" стадионында болды. Бүгін бірнеше басылым Керімжановты коронавирус жұқтырып алған Абзал Бейсебековтің орынан шақыртылды деп жазды.

Бірақ бізге жеткен ақпарат бойынша, бұл қорғаушы құрамаға шақырту алмады. Ол бабынба емес екен. Сондықтан Талғат Байсуфинов оны шақырмаған.

Ал Дмитрий Непогодов бүгін құрамамен бірге Финлияндияға ұшады. Ол алдағы ойыннан шеттетілген Стас Покатиловтың орнын басады.

Сондай-ақ алдағы ойындарға Әлібек Қасым тізімге қосылды.
170 views09:45
Ашу / Түсініктеме
2021-09-02 12:31:38
Футболдан мәскеулік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан ұлттық құрамасымен әлем чемпионатына іріктеу матчына қатысу үшін Финляндияға бармады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы бүгін, 2 қыркүйек күні Финляндияға ұшады.

Біздің қолда бар ақпарат бойынша, Бахтиер Зайнутдинов Финляндияға виза жасатып үлгермеген. Жаздың ортасында жартылай қорғаушының құжатын ЦСКА өкілдері Австрияға виза жасатуға алған. Сосын ол дер кезінде Қазақстан футбол федерациясына құжатын беріп үлгермеген. Сондықтан бұл футболшы Финляндияға виза ала алмай қалған.

Айта кетейік, Қазақстан мен Финляндия арасындағы іріктеу кезеңіндегі ойын 4 қырүйек күні Хельсинкиде болады. Нұр-Сұлтан уақытымен бұл кездесу 19:00-де басталады.
322 views09:31
Ашу / Түсініктеме
2021-09-02 08:39:59
"Астана" қақпашысы Дмитрий Непогодов Қазақстан құрамасына шақырту алды. Бұл туралы елордалық клубтың ресми сайты хабарлады. Бірақ әзірге қай қақпашыны алмастырғаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Естеріңізде болса, Талғат Маруаұлы Непогодовты кеңейтілген тізімге енгізген еді. Ал негізгі құрамға Стас Покатилов, Игорь Шацкий, сондай-ақ Мұхамеджан Сейсен ілінген еді. Ал енді Дмитрий Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларымен болатын матчқа қатысуға мүмкіндік алды.
264 views05:39
Ашу / Түсініктеме
2021-09-02 08:21:30
Аралас жекпе-жекте Ресейдің атынан өнер көрсететін қазақ спортшысы Дамир Исмагуловтың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы ресейлік инсайдер Игорь Лазорин хабарлады.

Исмагуловтың келесі кездесуін 30 қазан күні Абу-Даби қаласында UFC 267 турнирінде өтеді. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Мустафаев болады.
276 views05:21
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 22:02:15
Криштиану Роналдудың мұнысы несі?
141 views19:02
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 19:17:13
Көріп, көріп алыңыздар!
373 views16:17
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 18:58:45
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпинатының іріктеуі аясында Украинамен тең ойнады.

Ойын бүгін, 1 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Арена" стадионында өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды.

Кездесудегі есепті қонақтар ашты. Екінши минутта "Бенфиканың" шабуылшысы Роман Яромчук әдесі соққы жасап, Стас Покатиловты қапыда қалдырды.

74-минутта Асхат Тағыбергеннен тамаша пас алған Руслан Валиуллин гол соғып, есепті теңестірді.

Ал ойынның 90+3 минутында алаңға тыңнан шыққан Данила Сикан Покатилов қақпасына гол соғып, Украина құрамасын алға шығарған.

Алайда біздің жігіттер соңына дейін берілмеді. 90+6 минутта Руслан Валиуллин ойындағы екінші голын соғып, таразы басын тағы да теңестірді. Осылайша матч та өз мәресіне жетті. Екі құрамалар еншілеріне бір-бір ұпайдан салды.
302 views15:58
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 18:51:25 2-2! Руслан Валиуллиииин!
274 views15:51
Ашу / Түсініктеме