Get Mystery Box with random crypto!

АШУРА ЖАЙЛЫ АЛТЫ ХАДИС Ашура күні – Ислам күнтізбесіндегі таң | ұстаз Ерсін Әміре

АШУРА ЖАЙЛЫ АЛТЫ ХАДИС

Ашура күні
– Ислам күнтізбесіндегі таңдаулы даталардың бірі. Осы ретте сіздерге Ашура күнінің артықшылығы туралы алты хадис ұсынамыз. Жазба ұнаса лүпіл басып, достарыңызбен бөлісіңіз.

Әбу қатада Алла Елшісінен жеткізеді: "Ашура күнгі ораза өткен жылғы күнәлардың кешірімі болады деп үміттенемін" (Муслим, 2738)

Әбу Қатада Алла Елшісінен жеткізеді: "Ашура күнгі ораза жыл бойы тұтқан оразаға сай келеді" (Сахих ибн Хиббан, 3631)

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте "Кімде-кім Ашура күні отбасына жомарттық жасаса, Алла Тағала жыл бойын оның отбасына береке, молшылық нәсіп етеді" (Шуғабул-иман, 3515; әт-Тарғиб, 2/115-116)

Жәбәлә жеткізеді: Бірде табиғин ибн Шиһаб әз-Зуһримен сапарда болғанымда ол Ашура оразасын ұстады. Жанындағылар "Сіз Рамазанда сапарда болсаңыз ораза ұстамайтын едіңіз ғой" – дейді. Сонда әз-Зуһри: "Себебі, Рамазан оразасы бірнеше күн, ал, Ашура олай емес" деп жауап берді (Шуғабул-иман, 3518; Сияр ғәләмин-нубәлә, 5/342)

Абдулла ибн Аббас айтады: "Алла Елшісінің бірде-бір Ашура оразасы секілді ораза тұтуға асыққанын көрмедім" (Бухари, 2006)

Сахаба Хазірет Әли айтады: "Егер сіз Рамазаннан кейін ораза ұстағыңыз келсе, Мухаррам айында тұтыңыз. Себебі бұл шын мәнінде, Алланың айы. Алла Тағала бұл күні бір халықтың тәубесін қабыл еткен еді, әрі басқа пенделерінің де тәубесін қабыл етеді." (Сунан Тирмизи, 741)

Хафиз ибн Рәжәб осы хадиске қатысты бірнеше риуаяттарды келтіріп, бұл күннің Мухаррам айының 10-ы, яғни, Ашура күніне саятынын айтады. (Ләтәиф-мағариф, 104)

Алла Тағала Ашура күнгі құлшылықтарымызды қабыл етсін!

Жазбаның авторлық құқығы сақталған

Әпендінің әңгімелері | Жазылыңыз