Get Mystery Box with random crypto!

Көшеге шыға қалсаң екі түрлі əйелдерді кезіктіресің. 1. Юсуф | ұстаз Ерсін Әміре

Көшеге шыға қалсаң екі түрлі əйелдерді кезіктіресің.

1. Юсуф пайғамбар (ғалайһис-сәләм) қолында қызметші болған əйел (Зулəйха) шалдыққан вирусты жұқтырған əйелдер. Боянып, сыланып, еркек атаулыны қоздыратын киімдерді киіп, "һəйтə лəк (маған келші)" дегендей жүретін əйелдер.
Ондай əйелдермен Юсуф пайғамбар секілді бол. Көзіңді алып қаш та, "Алла өзің сақта (ма-аъзəллоһ)"-де.

2. Тіршіліктің қамымен көшеге шығуға мәжбүр болған, ибалы-инабатты, көзін төмен ұстаған, ұяла қадам басатын əйелдер.
Ондай əйелдермен Мұса пайғамбардай (алейхиссалям) мəміле жаса. Қоғамдық көлікте көре қалсаң отырған орныңды ұсын. Ауруханада т.б жерлерде көрсең кезегіңді бер. Сөзге тартуға тырыспа. Қол ұшыңды бер де, бұрылып кете бар. Сосын Алланың жақсылығын күт. Юсуф пайғамбар солай істеп еді, Алла оны құлдықтан патшалық деңгейге көтеріп қойды. Мұса пайғамбарды тақыр кедейліктен құтқарып, бас сауғалауға қашып барған жерінде қызмет беріп, адал жар нəсіп етті.

Жақсылықтың қайтарымы тек қана жақсылық емес пе? (Рахман, 60 аят).

ұстаз Ерсін Әміре